Көктемгі табиғат
Тәрбиеші: Сырымбет Сымбат Ілиясқызы
Білім беру саласы: «Әлеумет». «Таным». «Шығармашылық».
Бөлімі: «Қоршаған ортамен танысу»,
«Сөйлеуді дамыту»,»Сурет салу».
Мақсаты: Қоршаған ортамен таныстырып,көктем мезгілінің ерекшелігін ажырата білуге дағдыландыру.Жәндіктердің,құстардың, көктем мезгіліндегі тіршілігімен таныстыру. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, Дәстүрден тыс әдістерді пайдалана отырып су бояқпен жұмыс істеуге қызығушылығын арттыру.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, түсіндіру, үйрету.
Көрнекіліктер:Көктемгі табиғат бұрышы, құстар, құмырсқа, кірпі.
Құрал-жабдықтар: Ақ қағаз, субояқ, қылқалам.
Сөздік жұмыс: Көктемгі табиғат, құмырсқа, құстар,кірпі.
Полингвалдық компонент: Құмырсқа-муравей-, құстар-птицы-, табиғат-природа-.
Инклюзивтік әлеумет: Сөздерді дұрыс анық айтуды үйрету
Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері
Армысың шапағатты күніміз!
Армысың мейірімді жеріміз!
Армысың табиғат анамыз!
Келді сізге өзіңіздің балаңыз!
Здраствуй небо голубое!
Здраствуй солнце золотое!
Здраствуй воздухи вода!
Здраствуй матушка земля!
– Балалар шеңбер бойына тұрып сәлемдесу рәсімін жасайды.
Негізгі бөлім:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем айларында неше ай бар?
-Көктем айларын атайықшы?
-Енді балалар біз көктемгі табиғатқа саяхатқа шығайық.
-Балалар мына бұрышқа көңіл бөліңдерші, қай жал мезгілі бейнеленген?
-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атайықшы?
-Көктем мезгіліндегі құстарға көңіл бөлейікші.
Құстар: – Сәлеметсіңдерме балалар.
-Құстар, сендер қайдан ұшып келдіңдер?
Құстар:-Біз көктем мезгілі келгендіктен өз мекенімізге келдік.
-Құмырсқалар сендер қайдан шығып жатырсыңдар?
Құмырсқалар: -Біз өзіміздің илеуімізден көктем келгенін біліп илеуімізді тазалап жазға дайындық жасап жатырмыз.
-Кірпі сен қайда барасың?
Кірпі:Көктем мезгіліне қуанып, саңырауқұлақ тергелі шықтым.
(Балалармен сөздік жұмыс жүргізу.)
(Балалармен жеке жұмыс жүргізу.)
Сергіту сәті:
Алақай,алақай
Шаттанады,балақай.
Жаңбыр-жаңбыр себелесе,
Тырс-тырс етіп төбеме.
Найзағай, жарқылда,
Сырт-сырт етіп сыртылда.
Көктем мезгілінің суретінің жұмыс бағытымен таныстыру.
(Балалармен шығармашылық жұмыс жүргізу.)
-Енді балалар көктем мезгіліндегі жауынның суретін саламыз.
(Тазалық құралымен жаңбыр тамшыларын бейнелеу.)
Жұмысты аяқтау.
Қимылды ойын «Ақ жауын»
-Күн шықты-Шаттанып қуанады
-Жаңбыр жауды-Басын бұғады.
-Жердегі ақ жауын-Аяғын тарсылдатады.
Қорытынды бөлім:
-Балалар біз қай жыл мезгіліне тоқталдық?
-Қандай жәндіктер мен құстармен таныстық.
-Құстар мен жәндіктердің көктем мезгіліне деген көңіл күйлері қалай екен?
-Біз ненің суретін бейнеледік?
-Өте жақсы балалар.
Оқу қызметіне белсенді қатысқан балаларға смайлик сыйлайды.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718