Суға зерттеу
Cельтекеева Асия Еркинкизи
Мақсаты: Су туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Су, сүт, ғаламшардың суреті, стакан, қасық, таяқшалар, пішіндері әр түрлі ыдыстар, мұз.
Сөздік жұмыс: Сұйық, сусымалы.
Шаттық шеңбері:
Күндей жарқырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнді бастайық.
Тәрбиеші: Балалар табиғат дегеніміз- бізді қоршаған орта.
Табиғат екі түрлі болады: тірі табиғат және өлі табиғат.
Тірі табиғатқа ағаштар, жәндіктер, жануарлар, гүлдер.
Ал өлі табиғатқа қар, жаңбыр, су, тас, күн жатады.
Балалар енді жақсылап ойланып мына бір жұмбақты шешейік.
Жалт- жұлт еткен,
Жылғадан өткен
Бұл не(Су)
Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді
Бұл не?
(Жаңбыр)
Олай болса, бүгінгі оку іс- әрекетіміз су туралы суғуа байланысты
айтамыз.
Тәрбиеші: Балалар, мына суретте ғаламшардың суреті.
Ғаламшар- жердің мекені.
Ғаламшар неге ұқсайды?
Шарға ұқсайды.
Тәрбиеші: Балалар, ғаламшарға қарасақ, бірақ түсті көрінеді. Себебі, жер бетінде су өте көп. Сондықтан , картада, ғаламшарда суды көк түспен белгілейді. Көк түс судың түсі.
Сылдыр- сылдыр, сылдыр су,
Сылдыр суға бетіңді жу
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің маңдайың.
Қане, балалар, су туралы мақал- мәтелдер айтайық.
- Судың да сұрауы бар.
- Су- тіршілік көзі.
- Сусыз өмір жоқ.
- Су- тазалықтың досы.
- Бұлақ көрсең көзін аш.
- Сумен жер көгерер.
Тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.
- Судың түсін ажырату және судың түсі қандай болатынын көреміз.
1 стакан суға шай қасықты салу. Қасығымыз көріне ме?
Балалар: Көрінеді.
1 стакан сүтке шай қасықты саламыз. Сүттің ішінде қасық көрінеді ме?
Балалар: Жоқ көрінбейді.
Балаларға суы бар стакан және бояу жағылған таяқшалар. Бояу жағылған таяқшалар арқылы суды балалар бояйды.
Тәрбиеші: Балалар, судың түсін өзгертуге болама екен?
Балалар: Болады.
- Мендеекі түрлі ыдыс бар, пішіндері әр түрлі. Бұлардың ішінде су бар. Судың пішіні қандай?
Балалар: Әр түрлі.
Тәрбиеші: Су қандай ыдысқа құйылса, сол ыдыстың пішініндей пішінге айналады.
- Балалар, су қандай зат екен?
Балалар: Су- сұйық зат екен.
- Тәжірибеміз мұз.
Мұзды еріту. Мұзды бір ыдысқа салып, қайнаған суды үстіне құю. Мұз суға айналады.
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып,
Ағаштарға су құйып,
Өсіреміз саябақ.
Тәрбиеші оу іс- әрекетін қорытындылап, балаларға сұрақ қойып, балалар өз ойларын айтып, тәжірибенің қызық болғанын, не көргендерін айтып береді.
Күтілген нәтиже:
Білуі: Судың сұйық зат екенін біледі.
Меңгеру: Тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын меңгереді.
Жасай білуі: Тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718