«Бантиктер» күні

Болманова Асем Тілеуқабылқызы

Жарты шеңберге отыру.

Тәрбиеші: Балалар ,бүгін біздің балабақшамызда бантиктер күні,соған орай сендер әдемі болып келіпсіңдер,бантиктерін қандай әдемі.

Тәрбиеші: Ал балалар сабақты бастамас бұрын қонақтармен амандасып алайық.

Балалар:

Бантиктер ғой жайнаған,

Айналаға қараңыз.

Бантиктерді тағып ап,

Біз көңілді боламыз.

Бантиктердің күнінде санаймыз да,ойнаймыз,

Есептіде шығарып,апайды да тыңдаймыз.

Бантиктердің күніне қош келдіңіз қонақтар,

Бастамастан сабақты амандасқын жөн болар,

Сәлеметсіздер ме қонақтар!.

Тәрбиеші: Жақсы балалар отыра қойындар.

/Сол кезде ренжіп Бүлдіргіш келеді./ шашы алба-жұлба

Менің атым Бүлдіргіш.

Бүлдіргіш:Ой, балалар сендер қандай әдемісіңдер, ал маған қарандаршы мен бантиктерімді жоғалтып алдым, шашам жалбырап кетті.Менде сендермен мектепке барғым келеді.

Тәрбиеші : Бүлдіргіш сен ренжіме , саған біз қалай көмектессек екен а?

Сол кезде әндетіп бантик келеді.

Кеше тақтым ақ бантик,

Бүгін тақтым көк бантик.

Қызыл,жасыл,сап-сары,

Қолымда менің көп бантик.

Бантик: Сәлеметсіңдер ме балалар мен қонақтар.Ой сендер қандай әдемісіндер.

Тәрбиеші: Бантик сен жақсы келдің ,бізге сенің көмегін қажет.

Бантик : Қандай көмек?

Тәрбиеші: Бүлдіргішке біздің көмегіміз керек, ол бантиктерін жоғалтып алыпты. Соған бәріміз көмектесейік.

Бантик : Ол үшін менің шартымды орындандар, мен көмектесемін.

Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз ба ?

Балалар: Ия.

Бантик: Әр бантикте тапсырмалар бар соларды орындасандар,мен Бүлдіргішке бантик беремін.

1-тапсырма.

Сандарды ретімен қою.

1-10 дейін санау,тура және кері. 3-тілде.

Сандардың көршісін табу.

Қай сан көп,қай сан аз екенің айту.

Дидактикалық ойын «Жоғалған сан» сандарды тығып ойнату.

Бантик:Балалар сендер сандарды жақсы біледі екенсіңдер,үш тілдеде санай алады екнсіңдер. Мен Бүлдіргішке бір бантигін тағып берейін.2-тапсырма.             Геометриялық пішін.

Гемотриялық пішіндерді айту,оған ұқсас заттарды атап көрсету.

Пішіндердің кеңістігін бағдарлау.

Бантик : Керемет орындадыңдар, міне тағы бір бантик саған Бүлдіргіш.

3-тапсырма :

Есеп шығару. Сурет бойынша.

Бантик: Балалар сендер есептіде жақсы шығарады екенсіңдер. Бүлдіргішке тағы бір бантик тағып берейін.

4-тапсырма : Сергіту сәті.

Бантик: Балалар мен сендермен бір сергіп қалдым. Сендерге көп-көп рахмет. Міне Бүлдіргішке тағы бір бантик.

5-тапсырма:

Логикалық есептер:

1.Аспанда неше жұлдыз бар ? /көп/

2.Бір сиыр да неше мүйіз бар? /екі/

3.Ал үш сиыр да ше? /алты/

4.Машинада қанша дөңгелек бар? /төрт/

5.Екі машина да ше? /сегіз/

6.Жылқының неше құйрығы бар? /бір/

7.Қолымдағы он шардың төртеуі жарылып қалды, сонда қолымда неше шар қалды? /алты/

8.Ағашта бес құс отыр,тағы екі құс ұшып келді ,барлығы нешеу болды?

Тәрбиеші : Өте тамаша тағы бір бантиктің тапсырмасын орындап Бүлдіргішке көмектесіп жатырмыз.

6- тапсырма :

Апта күндері.

1.Бір аптада неше күн бар? /7/

2.Қанша демалыс күні бар, /2/

3.Жексенбі мен жұма аралығындағы күнді ата? /сенбі/

4.Бүгін сейсенбі болса,ертең қай күн болады? /сәрсенбі/

5.Аптаның төртінші күні қай күн? /бейсенбі/

6.Аптаның бірінші күні қалай аталады? /дүйсенбі/

7.Сурет бойынша тәулік бөліктерін айтқызу.

Таңертен  не істейміз?

Қай уақытта ойнаймыз?

Үйге қай уақытта кетеміз?

Қашан ұйықтаймыз?

Бантик: Міне балалар менің бантигімнің тапсырмаларын орындап болдыңдар,керемет білімді екенсіңдер. Міне соңғы бантигімді Бүлдіргішке тағып берейін,сендердің арқаларында Бүлдіргіш мектепке барып білім алатын болды.

Бүлдіргіш:Рахмет ,балалар сендерге,Бантик сағанда рахмет.Енді бантиктерімді жоғалтпаймын, мен балалармен мектепке барамын. Сауболыңдар деп екеуі шығып кетеді.

Тәрбиеші: Міне балалар тапсырманың барлығын орындап болдық. Сендерге қай тапсырма қиын болды,ал қай тапсырма қызық болды?

Рахмет сендерге.Енді келген қонақтармен қоштасайық.Сауболыңыздар. /үш тілде/

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *