Қыс қызығы

   Мақсатты :

  1. Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау ,жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап,ажырата білуге,қысқы табиғат көрінісін әңгімелеуге үйрету.
  2. Сөйлем құрау арқылы тілін ,ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Табиғатты аялауға ,әсемдікті көре білуге ,сезінуге тәрбиелеу.

Көрнеліктер : слайдтар ,қыс мезгілі туралы суреттер.

Сабақтың әдісі-тәсілдері : әңгімелесу ,тақпақ айту.

Сабақтың барысы : Сәлемдесу.

Үлкендерге сіз,

Кішіге де сіз,

Баршаңызды құрметтеп.

Бас иеміз біз.

Тәрбиеші :Балалар , сабақты бастамас  бұрын денемізді жаттықтырып алайық.

Тәрбиешінің көрсетті бойынша таңғы жиын.

Тәрбиеші :Балалар, менің қолымдағы не?

Балалар :Қар.

Тәрбиеші :Қардың түсі қандай ?

Балалар: Түсі ақ.

Тәрбиеші :Қар қатты ма,жұмсақ па?

Балалар: Қар жұмсақ.

Тәрбиеші : Балалар ,жылдың неше мезгілі бар?

Балалар :Төрт мезгілі

Тәрбиеші : Қыста қандай өзгерістер болды.

Балалар:Аяз,боран болды,қар жауады,күн салқын болды.

Тәрбиеші : Қыста біз калай киінеміз?

Балалар :Қалың ,жылы киінеміз.

Тәрбиеші : Балалар, енді біз тақтаға қарайықшы?Балалар зейіндерін  тақтаға бұрады.

Тәрбиеші :Балалар мына суреттен жылдың қай мезгілін көріп тұрмыз ?

Балалар:Қыс мезгілі.

Тәрбиеші : Дұрыс айтасыңдар,балалар.Сурет қарап біз әңгіме құрастырамыз және тақырып қоямыз.Балалар суреттер бойынша әңгімелейді және «Қыз қызығы» деп тақырып қояды.

Тәрбиеші :Қыс мезгілі несімен ұнайды?

Балалар: Аққала жасаймыз,шанамен сырғанаймыз,шаңғы тебеміз.

Тәрбиеші :Жарайсыңдар, балалар тапсырманы орындап шықтыңдар.

 Сергіту сәтті :

Мен қардан аққала жасаймын,

Мен шыңғымен сырғанамын,

Мен коньки тебемін.

Мен шанамен сырғимын.

Тәрбиеші : Қыс туралы қандай  тақпақтар білесіңдер.

Балалар :

1-бала            Далада қар борайды.

Ақ мамаыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып- жылтыр боп жатады .

2-бала      Балалар шықты далаға,

Ойнап-күліп жүр енді.

Шаналармен озады,

Аққаланы соғады.

3-бала      Қыс мезгілі әдемі.

Біз сырғанап  ойнаймыз.

Достарымен көңілді,

Ойынға бір тоймаймыз.

Ойын : «Аққала құрастыру»

Сабақты қортындылау:

  1. Қыс айларын ата ?
  2. Қардың түсі қандай?
  3. Аққала қанша бөліктен тұрады?
  4. Қыз мезегілі несімен ұнайды?
  5. Қыста қандай өзгерістер болды?

Тәрбиеші :Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?

Сабақққа жақсы қатыстыңдар.Мадақтау,бағалау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс мезгілінің ерекешелігін білу.

Игереді: аққала құрастыра білу .

Меңгереді : Сурет бойынша әңгімелей білу.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *