Мұғалім кім, ол қандай болуы керек
Жусупова Кымбат Жумагазиевна
Мұғалім кім, ол қандай болуы керек, жалпы бұл мамандық несімен құнды, ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек? деген сұрақтарға жауап іздеп көрсем. Қазіргі ұстаздар өте білімді, шыдамды, ізденімпаз болуы қажет. Қазір жаңа технологиялар дамыған кезі, қазіргі балаларды қызықтыру өте қиын. Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманымен сырласып, оның сырлы тағдырына басшылық етуді орындайтын маман.
Жақсы мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге, шәкірттеріне үйретуге дайын тұратын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.
Енді педагогикалық негізгі ұғымдарға жеке-жеке тоқталсақ:
1.Білім беру – оқытудың нәтижесі. Бұл сөз нақты бір жастың кезеңіне «мен» қасиетінің қалыптасуына сай қандай да бір тәрбиенің аяқталуын білдіреді. Білім беру ұғымын ең алғаш педагогикаға еңгізген Иоганн Генрих Песталоцци. Білім беру деп- табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның еңгеруін және оны өмірде тиімді пайдалана білуін айтады. Халыққа білім беру ісінің негізі- жалпы орта білім. Білім беру барысында жеке адамның таным іс-әрекеттері дамиды, ой- өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі артады.
2.Тәрбие. Педагогикада тәрбие түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада тәрбие- мектептегі тәрбиелеу жұмысын, яғни мұғалім тарапынан мақсатқа бағытталған ұйымдастырылған процесті көрсетеді. Осы мағынадағы тәрбие бұл –оқушының ұйымдастырылған өмірлік іс-әрекетінің мақсатқа бағытталған процесі. Ал, кең мағанадағы тәрбие деп жеке тұлғаның қалыптасуы және дамуы барлық обьективті және субьективті факторлардың ықпалынан болатын әлеуметтік процесті айтады.
- Оқыту бұл екі жақты процесс. Бұл оқушы мен оқытушының біріккен іс-әрекеті, оқытушы өз білімін береді және оқыту процесін басқарады, ал оқушы оқиды, яғни білімді меңгереді және оның негізінде дағдыларын іскерліктіигереді, өз қабілеттерін дамытады.
Оқыту білім беру мен тәрбиенің ең маңызды құралы болып табылады. «оқыту» деп келешек ұрпаққа білімді жеткізуді, оның осы білімдерді меңгеруін және үздіксіз білім берудегі танымдық іс-әрекеттерді айтамыз. Оқыту бұл- оқып үйрену, оқу әрекеті.
Индивидтің жеке тұлға және азамат ретінде дамуы әлеуметтік белсенділік пен анықталатын белгілі бір әлеуметтік ортада іс-әрекеттерін талап етеді. Сондықтан да әлеуметтену ең маңызды категорияға жатады, ол тұлғаның өзін-өзі сезінуі, «меннен» басқа «менге» қозғалысқа, әлеуметке енуі. Әлеуметтендірудің негізі белгілі бір білімдер, құндылықтар, мінез-құлық нормалары жүйесін меңгеру деген сөз, ол сол тұлғаға сол қоғамның толық жарамды мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718