Көбелектер
Момынова Света Амзебековна
Мақсаты: Түстерді ажыратып аттарын атай білуге түсініктерін кеңейту. Мүсіндеу барысында бастаған істерінаяғына дейін жеткізу және ұқыпты істеуге дағдыландыру.Саусақ бұлшық еттерін дамыту, кеңістікті бағдарлауға үйрету, тілін дамыту. Міндеті: Саусақ бұлшық еттерін дамыту, түстер туралы ұғымын бекіту, есте сақтау, аңғарушылық, қабылдау, ойлау, кеңістікті бағдарлауын дамыту. Көрнекіліктері: Ермексаздан ақ параққа жапыстырылып жасалған көбелектер ноқат ас бұршақ, түрлі-түсті гүлдер, жасанды көгал. Алдын-ала жұмыстар: «Шар»ойын
Тілек шеңбері: Дөңгеленіп тұрамыз, Үлкен шеңбер құрамыз. Қайырлы таң, қайырлы күн, Біз бақытты баламыз. Сәлемдесіп аламыз, Сәлем,сәлем,сәлем.
Ғажайып сәт: Топқа көбелектің кіруімен ұйымдастыру. -Балалар қараңдаршы не келді? -Сәлеметсіңдерме балалар! Ия көбелек келе ғой. -Балалар, сендер менің достарымды көрмедіңдерме? Мен достарымды іздеп жүрмін. Қане балалар біздер де көбелекпен бірге оның достарын іздеп көмектесейік. Ендеше, имына жайқалып тұрған гүлдердің арасынан көбелектер бар ма? Іздеп көрейікші. Мынау қандай түсті гүл? Көбелек-ау көбелек, Бақшамызға келе кет. Қызыл гүлдің арасында көбелектер бар ма екен? Ал мына гүлдердің түсі қандай?
Олай болса ақ гүлдердің арасынан көбелектер барма екен көрейікші.
Көбелек-ау көбелек, Бақшамызға келе кет. Қане,қане балалар ақ гүлдің арасында бар ма көбелектер.
Тәрбиеші: Балалар, балалар мұнда ұйқтап жатқан көбелектер бар екен.
Бұл көбелектерді ояту үшін, әсемдеп безендірейік. Ол үшін бізге ноқат пен асбұршақ керек, міне асбұршақ пен ноқат. Қане безендіреміз бе? Ол үшін бас бармақ пен сұқ саусақтың көмегімен ноқатты алып, көбелектің үстіне сұқ саусақпен бастырып бекітеміз. Машты да алып осылай істейміз. Қане, қане көбелектер әдемі болды ма? Көбелек: Балалар сендерге рахмет. Менің достарымды тауып әсем етіп безендіріп беріңдер. Қанекей, балалар, қолымызды сүртейікші. Сүртейікші аң қолды, Сүрейікші сол қолды. Міне алақай тап-таза, Қол соғайық шаттана. Жарайсыңдар балалар! Көлбең –көлбің көлеңкем, Көлбендеген көлеңкем. Көбелек қалай қанат қағады Кім көрсете алады. Қане, қане барлығымыз бірге көбелек сияқты ұшайықшы. Жарайсыңдар балар! Қ/о: «Маған қарай жүгіріңдер» Енді бәріміз көбелекпен қосылып «Көбелек» әнін айтайық. Сау болыңдар!!!
Күтілетін нәтеже:
Білім қажет: Қызыл ақ түсті ажыратады. Ермексазды жасаған көбелекті безендіреді.
Қалыптасқан түсініктер: Саусақтың көмегімен дәнді дақылдарды ермексазға бекіту, шығармашылық қиалын дамыту.
Орындаушылық қабілеті: Гүлдердің түсін ажыратып, дәнді дақылдарды дұрыс орналастыра білу арқылы кеңістікті бағдарлайды, саусақ бұлшық еттері дамиды, зейіні аңғарымдылығын, есте сақтау қабілеті, қиялы артады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718