Дөңгелек
Тәрбиеші: Касенова Райхан Темрболатовна
Мақсаты:Балаларға геометриялық пішіндерді олардың түстері туралы түсініктерін бекіту.Балалардың ойлау қабілетін,танымдық қызығушылығын қалыптастыру.Монтессори элементтерін пайдалана отырып,ойын арқылы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.Ойынға, ертегі кейіпкерлеріне қызығушылыққа тәпбиелеу.
Көрнекілігі:Пішіндер
Құрал-жабдықтар:монтессори ойыншықтары
Шаттық шеңбері:
Армысың алтын күн,
Армысын көк аспан
Армысың туған жер
Армысыңдар достарым.
-Сұрақ-жауап:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінің ауа-райы қандай болады?
-Көктем мезгілінің айларын кім атайды?
-Балалар ұ.оқу қызметінде пішіндерді білесіздер?
-Мынау қандай пішін?
-Төртбұрыш
-Төртбұрышқа нелер ұқсайды?
-тақта,парта,кітап
Мынау қандай пішін?
-Үшбұрыш
-Үшбұрышқа нелер ұқсайд ?
-үйдің шатыры
-Мынау қандай пішін?
-Дөңгелек
-Дөңгелекке нелер ұқсайды?
-күн,алма,доп
Тосын сәт:Есік қағылып қоян келеді.
Қоян: Саламатсыздарма балалар ,мен орманнан келе жатырмын.Менің көңіл-күйім жоқ,менімен ешкім ойнамайды.
-Қоян келгенін жақсы болды,енді біздің балалармен ойын ойнаңыз.
Ойын: «Пішіндерді орналастыр»
Шарты:Монтисори элементі бойынша балаларға әртүрлі пішіндерді өз орнына орналастыру.Балаларды түстерді,пішіндерді ажыратуға үйрету.
Сергіту сәті:
Ойын: «Көңілді дөңгелектер»
Қоян: Менің көңіл-күйім көтеріліп қалды,менің кететін уақытым болды.Рахмет сендерге.
-Балалар кім пішіндер туралы тақпақтар айтады.
-Балалардың тақпақтары.
Қорытындылау:
-Бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Ойын ұнадыма?
-Балаларды мадақтау,бағалау .
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718