«Бала тілі-бал»
Бұл вариативтік компонентте 3 жаспен 4 жастың арасындағы балалардың тілдік қорларын байытуға бағытталған. Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше. Тіл-адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құрал. Тіл адам қоғамына тән.Тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы, олардың диалектикалық бірлігі, тілдік және логикалық материалдардың, сөйлеу мен ойлаудың, сөзбен ұғымның қарым-қатынастарының сипаты туралы мәселелер айтылған.
«Балалар бақшасындағы тәрбиелік программасында» «Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, программаның ең көлемді бөлімі ана тілі мен айналадағы дүниемен таныстыру», – делінеді
Балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету сөздің дыбыстық құрамын меңгерту мәселелеріне жан –жақты көңіл бөліп, ақыл- ой тәрбиесімен бірлікте қарастырылады.
Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала
тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718