Түсті металдар. Алюминий, мыс, қорғасын
Топ: АТЖэ-17-02с | Күні: 28.02.2019 | Пән атауы: Металдар технологиясы | |
Тақырыбы: | Түсті металдар.Алюминий, мыс, қорғасын | ||
Сабақтың мақсаты: | Ø Білімділік: студенттерді түсті металдар, соның ішінде алюминий, мыс, қорғасынның қасиеттері, табиғатта кездесуі туралы ақпарат беру және олардың қолданылу салаларымен таныстыру.
Ø Дамытушылық: ойын элементтерін, оқытудың жаңа технологияларын, суреттер мен бейнероликтерді пайдалана отырып, студенттердің тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту; Ø Тәрбиелік: студенттерді зеректілікке, атқаратын жұмысына жауапкершілікпен қарауға, ойын ашық айтуға, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. |
||
Күтілетін нәтиже: | Ø тақырыптың ең маңызды ұғымдарын меңгереді.
Ø сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа білімдерін жетілдіреді және жүйелейді. Ø топта жұмыс жасаулары қалыптасады. |
||
Сабақ түрі: | Аралас сабақ | ||
Пәнаралық байланыс: | Химия, Физика, Машина жасау технологиясы, География, Еңбек қорғау, Ұлттық салт-дәстүр. | ||
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: | «Өз орныңды тап», «Алтын сақа» сергіту ойыны, «Кім жылдам?», «Миға шабуыл», «Үздік қорғаушы», «Сымсыз байланыс» (сұрақ-жауап), «Олжалы көлік» рефлексия. | ||
Көрнекіліктер: | Интерактивті тақта, слайд, суреттер, бейнеролик, машина бөлшектері, стикерлер, бағалау бетшесі. | ||
Сабақ барысы: | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Оқытушының іс-әрекеті | Студенттің іс-әрекеті | |
Ұйымдастыру кезеңі | 3 мин | 1. Сәлемдесу
Ø студенттерді түгендеу; Ø сабаққа даярлығын тексеру; Ø студенттер назарын сабаққа аудару. 2. Топтарға бөлу: «Өз орныңды тап» әдісі арқылы топтарға бөліну. 3. Әр топқа басшы тағайындалып, бағалау бетшесі беріледі. 4. Психологиялық ахуал «Сазды әуен» |
1. Топ басшысы студенттердің сабаққа қатысын баяндап береді.
2. Студенттер стикерлерді таңдау арқылы топ құрайды.
|
Үй тапсырмасын сұрау | 7 мин | «Кім жылдам» әдісі арқылы өтілген сабақтан сұрақтар қояды. | Студенттер сұраққа жауап беру әдісі арқылы өзара топтық жарысқа түседі,
бағаланады. Топ басшысы топтағы студенттердің тапсырма орындауына байланысты бағалайды. |
Жаңа тақырыпты түсіндіру (меңгерту) | 15 мин | Ø «Миға шабуыл». Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды және жаңа тақырыпты ашу үшін бейнеролик көрсетіледі.
Ø Интерактивті тақтаға жаңа сабақ бойынша слайд көрсетіліп, мәтінмен таныстырылады. Ø Жаңа ұғымдармен терминологиялық сөздік жүргізіледі. |
Ø Студенттер бейнебаянды көріп тақырып бойынша ойларын түйеді.
Ø Дәптермен, сөздікпен жұмыс атқарады. |
Жаңа тақырыпты бекіту | 10 мин | Әр топқа өз тобының тақырыбын қорғауға тапсырма береді. | Әр топтан «Топ үздігі» жаңа сабақ бойынша өз тақырыптарын қорғап шығады.
Топтар «Сымсыз байланыс» әдісі арқылы бір-біріне сұрақтар қояды. |
Қорытындылау | 5 мин | Сабақ соңында «Олжалы көлік» арқылы кері байланыс алады.
|
Студенттер стикерге сабақтың өтілу деңгейі жайлы өз пікірлерін жазып, тақтадағы «Олжалы көлікке» жапсырады.
|
Бағалау | 3 мин | Ø Студенттердің үй жұмысын тексеру нәтижесі бойынша;
Ø Жаңа тақырыпқа қатысып, орындау нәтижесі бойынша; Ø Бекіту сұрақтарына жауап беру нәтижесі бойынша; Ортақ бағамен бағалау.
|
Топ басшысы бағалау бетшесіне қойылған ұпайлар қорытындысын шығарып, оқытушыға тапсырады. |
Үйге тапсырма | 2 мин | СӨЖ «Алюминий»,
СӨЖ «Мыс», СӨЖ «Қорғасын». |
Өзіндік жұмыс – студенттің жауапкершілігін, ізденісін арттырады, ғылыми деректер мен терминдерге ойларын,тілдерін дағдыландырады. |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Х.ӨЗБЕКҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«Бекітілді» |
Әдістемелік кеңес отырысында |
директордың ОӘЖЖ орынбасары |
_______________ Жұмабаева Л.К. |
хаттама № ___ |
«___» _____________ 2019 ж. |
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Түсті металдар. Алюминий, мыс, қорғасын.»
Топ: АТЖэ-17-02с
Арнайы пән оқытушысы: Бекібаева А.Қ
Ақтау 2019
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718