Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандары
Күні: | |||
Тақырыбы: Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандары | |||
Мақсат: | |||
Жаңа білім | Төртінші тоқсанда осы уақытқа дейін өткен барлық маңызды материалды есіне түсіреді. Оның ішінде: Параллелограмның ауданын табуды, Ромбының ауданын табуды, Үшбұрыштың ауданының формулаларын, Үшбұрыштың ауданын табуды, Трапецияның ауданын табуды. | ||
Жаңа түсінік | Есептерді шығарудың жолдарын түсінеді. Төртінші тоқсанда осы уақытқа дейін өткен барлық маңызды материалды жинақтап қорытады. | ||
Қолданым әрекеті
|
Параллелограмм мен үшбұрыштың ауданын тапқанда, сабақта өткен ауданды табу формулалары мен теоремаларын қолданады. | ||
Талдау әрекеті | Ауданды табу есептерін әр қырынан талдайды. Ол есептерді шығарудың жаңы жолдарын ерекшелейді | ||
Шығармашылық әрекет | АВС үшбұрышының кез-келген медианасы сол үшбұрышты тең шамалы (аудандары тең) екі үшбұрышқа бөлетінін қолдана отырып және оны түрлендіре отырып әр түрлі пропорцияда бөлінген жағдайға формула ойлап табады. | ||
Бағамдау әрекеті | Төртінші тоқсанда осы уақытқа дейін өткен материалдың ішіндегі маңыздыларын ерекшелейді. Параллелограмм мен үшбұрыштың ауданын есептейді | ||
Сабақ құрылымы: | |||
І. Қайталау (7 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (7 мин.). ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.). ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.). V.Бағамдау-бағалау (3 мин.). |
|||
Сабақ типі: фронтальді, жұптық | |||
Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік. | |||
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Оқушыға жол сілтеу | |||
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Aудан, тіктөртбұрыш, параллелограмм, параллелограмның қабырғасы, биіктігі, бұрышы, диагональі; ромб, ромбының қабырғасы, биіктігі, бұрышы, диагональі, үшбұрыш, үшбұрыштың табаны, биіктігі, Трапеция, трапецияның табаны, биіктігі, орта сызығы. |
|||
Оқушыда дағды қалыптастыру: | |||
Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау. | |||
Үй тапсырмасы: | |||
1. ABCD параллелограмм, DC қабырғасынан кез-келген К нүктесі алынған. SABCD =2SABK екенін дәлелдеңіз.
2. Rr өрнегін үшбұрыштың қабырғалары арқылы өрнектеңіз |
|||
БОНУС: Егер екі симметриялы үшбұрыш берілсе, біреуінің қабырғалары екіншісінен екі есе кіші. Аудандарының арасындағы қатынасты табыңыз | |||
Тақырып жоспары:
Топ басшысын сайлау оған бағалау парақшасын беру.
- Үшбұрыштың ауданын табу формулалары (постерге суретін салып формуласын жазып, қорғау)
- Үшбұрыштың ауданын табу тапсырмаларын орындау дәптерге
- Математикалық жұмбақты ауызша шешу
- Төртбұрыштардың аудындары сәйкестендіру тапсырмасы (үлестірме қағазы)
- Төртбұрыштардың ауданын табу тапысрмаларын орындау дәптерге
- Шығармашылық жұмыс
- Сабақты қорытындылау ауызша
- Кері байланыс орнату
- Үй жұмысын беру
Оқушының аты-жөні | Постер қорғау | Үшбұрыштарға есептер шығару | Математикалық жұмбақ | Сәйкестендіру | Төртбұрыштарға есеп шығару | Шығармашылық жұмыс | Ауызша қорытынды жасау |
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718