«Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек» 6-7 сыныптарға арналған психологиялық тренинг

Мектеп: «Степногор ауылының орта мектебі» КММ
Мектеп психологы: Мальтай Айнагуль
6-7 сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг
Тақырыбы: «Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек»
Мақсаты: Оқушылардың мейірімділік , қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
-мейірбандыққа тәрбиелеу.
Қажетті жабдықтар: нақыл сөздер ,түрлі түсті жүрекшелер,күн суреті , интерактивтік тақта.шар ,
Түрі : тренинг сабақ
Әдістемелік тәсілдер: әңгімелесу,ойын, түсіндіру, сұрақ жауап,пікір алмасу,мадақтау қорытындылау.
Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылардың назарын сабаққа аудару;
-психологиялық дайындық;
-шаттық шеңбер сәлемдесу.
ІІ. Психологиялық ахуал қалыптастыру. 3 мин
Мұғалім:-Сәлеметсіздермеқұрметті оқушылар және ұстаздар!Бүгін біздің «Мейірімді болса жүрек,орындалар тілек» тақырыбындағытренингке қош келдіңіздер.Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Көңіл күйлерің қандай?

«Жан жылуы» ойынын ойнаймыз, қимыл қозғалыс арқылы көрсету
1. Мен сенен жылу аламын;
2. Жүрегіме саламын;
3. Досыма сыйлаймын;
4. Сәттілік тілеймін;
Мұғалім сөзі: өте жақсы балалар. – Осындай мейірімді, ақылды,білімді,қайырымды жандарды, көргеніме қуаныштымын.Ендеше бір –бірімізге күлімсіреп ,отырып бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық.
Ақпараттық бөлім:
І .Сыныпты үш топқа бөлеміз Оқушылар мына тапсырма таңдап алуларың керек.Осы таңдаған теңге арқылы топқа бөлініп отырасыңдар.
Балалар бүгін біздің 15 қараша -Ұлттық валюта теңге күні.Қай жылы төл теңгеміз 1993 ж айналымға енді.Бұ теңге таңертеңгң 8 .00 дан бастап енгізілді. Англияда басылды.
Жаңа сабаққа дайындық.
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мейірімді болса жүрек ,орындалар тілек» Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп , тек жақсылық ойлау,игілік жасау арқылы мейірімділік таныра алады?
-Мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?»
Әңгімелесу мейірімділік адам бойындағы қасиеттер. Жақсы адам, ақ көңіл,жылы жүзді бауырмалды ,кешірімді,
-«Мейірімділік шуағы »сөзін топтастыру. Жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза,бірлік,махаббат,рақымшыл,бауырмалдық,жарастық,шыдамды,ынтымақ,жылы жүректі,сүйіспеншілік,қамқорлық,достық.
Мұғалімнің сөзі: Видео көрсету6 мин
Көрген видео сіздерге қандай сезім тудырды және қандай ой түйдіңіздер?
Жақсы қасиеттерге не жатады? Оқушылар жауап береді(сұрақ-жауап).

Адами қарым –қатынас деген не? Қарым-қатынас имандылық, көргенділік,мәдениеттілік белгісі. Балалар ата-аналарымызды әр қашан сыйлап мақтан тұтамыз.
ІІ. «Таңдап ал» ойынын ойнату.3 мин
Әр топтан кезекпен 1 оқушыдан шығып, өзіне ұнаған түстегі шарды алып сұраққа жауап беру.
Шардағы сұрақтар:
1. Көк шар: «Жақсы адам болу деген не?»
2. Жасыл шар: «Мейірімділік адамның қандай іс әрекетінен байқалады?»
3. Сары шар: «Мейірімділік жасау адамдарды қандай қуанышқа бөлейді?»
Шығармашылық жұмыс: 8 мин
ІІІ.Топпен жұмыс: (әр топ плакат жасап қорғайды), Мұғалім сөзі: «оқушылар мейірімділік туралы өз ойларын айтады. –сурет салады. Өз ойларын ортаға қорғайды.
1.Мейірімді адам қасиеттері: 2. Мейірімді істер:
Мейірбан, адал,адалдық, Үлкенге көмек,ашық жарқын,кең пейілді
қайырымдылық, барымен бөлісу,қол ұшын беру,жанашыр
дархандық,жомарттық 3.Жақсы қасиеттерге не жатады?
Сыйластық, кешірімділік,
Құрмет көрсету,
ІҮ. «Сағат тілі» тренинг 3 мин
Сағат суретін салады. Жұптасады.Сұрақ қойылады. Өз ойларын айтады.
12.00-Сіздің сынып серуенге шығуға жиналды,бірақ сіздің жан досыңызауруханаға түсті десол күні оғанбарып шығу керек болды.Сіз ауруханадағы досыңызға барасыз ба немесе сыныптастармен досыңызға барасыз ба?
15.00 –Аялдамада сізбен бір әжей сөйлесті.Сіздің сөйлеуге көңіліңіз жоқ.Сіз мейірімді жылы жүзді болу ниетімен әңгімені жалғастырасыз ба немесе үзіп жібересіз бе?
18.00 –Сіз мысықтың баласын үйге келе жатқанда тауып алдыңыз,Бірақ ата-анаңыз оны үйге әкелуге рұқсат етпейді. Егер сіз мейірімді болсаңыз , сонымен қатар ата-анаңыздың қойған талабын бұзбай сіз қандай қылық жасаған болар едіңіз ?
Ү. «Жақсылық ағашын отырғызу» ойыны3 мин
Оқушыларға алдын ала дайындаған жапырақ үлгісіндегі қағаздар беріледі. Әрбір оқушы өздерінің жасаған жақсы, игі істерін жапыраққа жазып бұтақтарға жапсырады.
ҮІ. «Ойлан тап» жаттығуы3 мин
Үш топтың оқушыларына әріптер жазылған қағаздар беріледі Сол сөздерге байланысты мақал-мәтелдер құрастырып, айту. Мейірімділік, кішіпейілдікке байланысты. т.с.с.
1.Мейірімділік-жүректен, 2. Кішіпейілділік – кісінің көркі.
Мейірімсіздік –білектен. 3. Ұлық болсаң – кішік бол.
4.Көп тыңда, аз сөйле.
ҮІІ. «Түймедақ,кактус» 3 мин
Тақтаға екі гүл және сабағының суреті ілінеді
Түймедақ:Мейірімді,Ақкөңіл,Адал,Әділ,Қарапайым, Әдепті.
Кактус: Дөрекі,ұрысқақ,мейірімсіз,әділетсіз,менменшіл. Әділетсіз әр топтың міндеті –нағыз оқушының бойындағы болу қасиеттерді бел .
ҮІІІ.Әңгімелесу.
Сендер жүрек жылуларыңды кімге сыйлар едіңдер ? (Балалардың жауаптарын тыңдау). Мысалы: «Мен өз жүрегімнің жылуын анама сыйлаймын».
ІХ.«Мейірім шуағы»5 мин
Слайдта күннің суреті. Мұғалім сөзі: «Балалар қараңдаршы , күн- ана өзінің мейірім шуағын төгіп, біздің жан дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр.Күн сәулесі біздің бетімізге, саусағымызға, алақанымызға мейірім шуағын төкті.Енді осы жүрек жылуымызды бір-бірімізге сыйлайық.Енді атты ойын ойнап көрейік. Мысалы: 1-ші бала: «Мен Жанелмін, анам мені Ботам дейді». Әр оқушы өзін осылай таныстырады.
ІҮ.Жылы жүрек ойыны.Мұғалім сөзі: «Әр адам мейірімді де инабатты болу керек.Олай болса бір –бірімізге жүрекшелер сыйлаймыз.Жүрекшелердің артында интерпретация жазылған. Қызыл- адамгершілік, сары-адалдық, қызғылт-мейірімділік,көгілдір-сүйіспеншілік,жасыл –әдептілік,көк-ізеттілік,ақ –қайырымдылық. Балалар осы жүрекшелерді биікке ұшырайық.Қараңдаршы,біздің сыныптың іші құнды қасиеттерге толды»
ХІ. Қорытынды бөлімі: Барлық оқушылар «Анашым » әнін орындау.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *