Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.
Білім беру жүйесінің алғашқы қадамы мектепке дейінгі ұйым, балабақша болғандықтан тәрбиешілер мен жетекшілерге жауапкершілік жүктеледі.
Мәдениетті,ұқыпты,білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін тәрбиешінің өзі тәрбиелі,білімді болу қажет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі жас ұрпақ,ұстаздар оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.Және де халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет – жаңа
технологияларды,идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу»деп ұстаздарға жаңа міндет қойған болатын.Сондықтанда әр педагог өзінің білімін жетілдіріп,іздену қажет.Дарынды,білімді,тәрбиелі тұлға қалыптастыруда біздің бөбекжайымыз білім берудің әдіс-тәсілдерін түрлендіріп,жетілдіріп және жаңа инновациялық білім технологиясын меңгертудеміз.Шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған Триз технологиясы.
Ойын технологиялары:дидактикалық,тәрбиелік,дамытушылық. Моторикасы мен сенсорикасын дамытатын М.Монтессори әдістемесінің элементтерін қолданудамыз.Арнайы бұрыш жасақтап балалардың қызығушылығын арттырудамыз.Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Еш нәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді.Осы сенімнің болуы-ұстаздың бақыты яғни менің бақытым.Балаға тәрбиені өзінің шамасына,жаратылысына қарай беру керек. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақалды айта келе,бөбекжайымыздың барша педагогтары бала санасына ұлттық салт дәстүрді дәріптеуде. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру,өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасаудың маңызы зор.Педагог кәсіби шеберлікке жету,өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін түсіну қажет.
Сондықтанда өскелең ұрпақтың болашағын жарқын етіп ,өміріне жолдама алуға жағдай жасағысы келсе ізденісті тоқтатпай,кәсіби шеберлік пен білім деңгейін арттыра түссе толық нәтижеге жететінін анық айтамын.Менің алдыма қойған мақсатым ; Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан-жақты қалыптастыру.
Менің мақсатым орындалып ,нәтижеге қол жеткізіп жүрмін.
Педагогтердің мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеру-бала тұлғаның табысты дамуының кепілі.
Педагогтар,тәрбиешілер технологияларды оқып үйрену,меңгеру кезеңінде арнайы курстарға барып кәсіптік біліктіліктерін арттыруда. Педагогтармен жұмыс жасау барысында көптеген іс-шаралар өткізіліп , жақсы деңгейде бағаланып отырды.Педагогтар арасында байқаулар өткізіліп,
бөбекжайымыздың алдыңғы қатарлы тәрбиешілерінен ,жас мамандар тәжірбие алды.Және де ашық оқу қызметтері өткізіліп отырды.Дарынды балалармен жұмыс жүргізілді.Мерекелерге әртүрлі іс-шаралар өткізіп,өнерлі бүлдіршіндерді қалалық,облыстық кезеңдеріне қатыстырып, байқауға апарып жүлдемен келді.Балалардың шығармашылық жұмыстарын қолөнер шебері байқауларына қатыстырып жақсы жүлделермен оралды.Ханталапай ойынын ойнап «Үздік қойылым» бөлімі бойынша мадақтаулар алып бөбекжайымыздың мерейі үстем болды. Байқауларда жүлдемен оралып жатыр.Әрине бұл дегеніміз бөбекжайымыздың жетістіктері.Біз қуаныштымыз. «Бала тәрбиесі бір өнер,өнер болғанда ауыр өнер,жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» Бөбекжайымыздың психологы балалармен жүмыс жүргізіп тренингтер өткізіп отырды. «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» деп , бөбекжайымызда орыс тілі пән жетекшісі өз жұмысын жақсы атқаруда. Педагогикалық еңбек -нағыз шығармашылық еңбек. Педагогикалық ұжымның қызметіндегі бұл бағыт педагогты шығармашылық еңбекке деген құштарлығын арттыру.
Стандартпен мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар айқындалған.
Жаңартылған Стандарт негізінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылым мен практиканың жетістіктері, отандық және шетелдік тәжірибелер ескеріліп, «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» үш білім беру бағдарламаларының орнына Бағдарлама әзірленді.
Әдістемелік-нұсқаулық хат жаңартылған мазмұнды іске асырудың негізгі бағыттарын, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін, Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауды, мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыруды, тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдерін қарастырады.
Аталған хат мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді және мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері,педагогтары мен мамандарына, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығы үшін әдістемелік нұсқаулық болып табылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді.
Бағдарламаның мақсаты: балалардың жас ерекшеліктері мен жеке
мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және
дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын,
«Мәңгілік ел»жалпы ұлттық идеясына негізделген сәйкес жалпы адамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті тәрбиелеу.
Міндеттері:
– баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру;
– мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіз ұстанымдарын
Қамтамасыз ету;
– балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік
дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;
– әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша
мониторингті ұйымдастыру;
– мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы:
– мектепке дейінгі жастағы балалардың денесін және психологиялық саулығын нығайтуға,оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға;
– баланы тұлғалық және әлеуметтік, зияткерлік дамытуда тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;
– балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқыту
міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;
– мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Бағдарлама балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бес білім беру саласы және білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру арқылы іске асырылады.
Бағдарлама мазмұнын іске асыру жас ерекшелігі психологиясы мен мектепке дейінгі педагогика және білім беру салаларын кіріктіру негізінде жүзеге асырылады. Барлық білім беру салалары бір-бірімен байланысты: бала оқи отырып таниды; тани отырып не білгені туралы айтады; зерттеу және пайымдау барысында құрбыларымен бірлесіп әрекет етеді. Осылай білім беру салаларының өзара кірігуі және өзара байланысы балада қоршаған ортаның тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру және балаларды мектепке
дейінгі ұйымдарда сапалы тәрбие мен және оқытумен қамтамасыз ету
үшін келесі ұстанымдар және тәсілдер қарастырылуы қажет:
– тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары – педагогтар, психологтар, ата-аналар мен баланың тұлғасын қалыптастыру мен оның қабілеттерін дамытуда кешенді тәсіл;
– балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оларды дамыту да әрекеттік тәсіл;
– баланың дамуы мен мектепке дейінгі ұйымның қызметінің деңгейлеріне (мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына мониторинг
жүргізу үшін автоматтандыру жүйесі)
мониторинг жүргізуде инновациялық тәсіл;
– тәрбие мен оқыту мазмұны мен әдістерінің
бірлігі, сабақтастығы, үздіксіздігі;
– ақпараттық-коммуникациялық
Технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін интерактивті құру.
Білім беру процесін іске асырудың инновациялық тәсілі мақсатында балалардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін арттыратын, эмоционалды-күштік саласын дамытатын, баланың танымдық қабілеттерін белсендіретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа, заманауи технологиялары мен әдістері енгізіледі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мазмұны мектеп жасына дейінгі балаларға арналған үйретуші және дамытушы бағдарламалардан тұратын ресурстары бар интерактивтік жабдықтан тұрады.
Аталған технологиялар электронды контент ресурстары мен дидактикалық
үлестірме материалдарды үйлестіреді, бұл логиканың, ойлаудың, сенсорлық
қабілеттердің дамуына мүмкіндік береді.
Инновациялық технологиялардың ерекшеліктері бір уақыттағы әрекет барысында бірнеше әрекеттің қатар жүргізілуінен тұрады:
– мәтінді кәсіби дикторлардың айтуы;
– мультимедиялық анимациялық материалдарды көрсету;
– балалардың білім беру әрекетіне қатысуында.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтарында бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек»,- деген болатын.
Білім беру үрдісін технологияландыру педагогтардың балалар әрекеттерін ұйымдастыру мен мектепке дейінгі білім берудің сапасына оң әсер етеді.
Қазіргі заманғы педагогтардың инновациялық технологияларды білуі уақыт талабы. Алайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде технологияларды
пайдалануда бірқатар қиындықтар байқалады, олар:
-Педагогтардың технологиялардың құрамдас құрауыштарын жеткіліксіз білуі;
– Тәжірибе барысында тұтас технологияны емес, оның элементтерін пайдалануы;
– Педагогикалық жүйені тұтас көру дағдысының жоқтығы;
-Жұмыс тәжірибесіне сапа енгізуді бастамалайтын технология идеяларын қате түсіну;
Ең бастысы: алдыңғы қатарлы әр технологияда қарастырылған, баланы қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның рухани жан- дүниесінің баюына және әр баланы жеке даму ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік дамуына жағдай жасау мәселесі ескерілмейді.
Осындай мәселелер тек әдістер, формалар мен құралдар түрінде ғана қолданылатын педагогикалық, білім беру жағдаяттарын тудырады.
Балабақшадағы инновацияға не жатады?
Инновациялық іс – әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады.
Бірінші кезеңде педагог жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды.
Тәрбиеші инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады.
Бұл кезеңде педагог оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді.
Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс- әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде тәрбиеші жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады. Оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасуы керек.
Қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген, нақты тәжірибелік іс-әрекетте өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл, зерттеуші педагогтар аса қажет.
Дәл осы сипаттағы педагогтың ең алдымен инновация туралы түсінігі болуы қажет.
Қазіргі педагогикадағы инновация – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді амалдарды, құралдарды, жаңа тұжырымдарды жасап, оларды қолдану ретінде анықталады. Инновация құрал мен процесс ретінде қандай да бір жаңалық ендіру жұмыстарын көздейді.
Мысалға алатын болсақ, бала тұлғасы жалпыадамзаттық құндылық ретінде қарастырылатын, ізгілікті педагогика теориясында «жеке бағытталған оқыту», «жеке бағытталған тәрбие», «жеке көзқарас» сияқты түсініктер бар. Жеке бағытталған педагогика балалардың жеке тәжірибе жинақтап, олардың жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктері іске асырылатындай оқыту
ортасын жасайды.
Жеке бағытталған технологиялар:
– топтық оқыту технологиясы;
– Ш.А.Амонашвилидің ізгілік- жеке технологиясы;
– Интерактивті оқыту;
– Ойын технологиялары;
– М.Монтессори технологиясы;
-Дамыта оқыту технологиясы;
-Мәселелік оқыту технологиясы;
– ТРИЗ шығармашылық технологиялары бүгінгі мектепке дейінгі мекемелер үшін өте тиімді болмақ. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновацияға деген қажеттілік қандай да бір мәселені шешу жолында туындайды. Кез- келген педагогикалық ұжым, кез- келген педагог инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға құқылы. Бірақ жаңашылдықты дайындау және ұйымдастыру барысында өзіне нақты міндет алуы тиіс, өйткені кез келген педагогикалық бастаманың нысаны бала екенін ұмытпаған жөн.
Қорыта келгенде жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары ол жаңартылған Стандарт және Бағдарлама-дағы мектепжасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне қойылған талап-тарды жүзеге асыру болып табылады, жаңа инновациялық технологияларды оқу және іс-әрекет барысында қолдануымыз қажет.
Мұның ішінде М.Монтессори,Воскобович. Зайцевтің технологияларын пайдалануға ұсынамын.Жаңартылған технологиялардың тағы бір технологиясы ол әрине жобамен жұмыс жасау. Жалпы барлық технологияларды ойын әрекетінде пайдалануымыз керек. Мектепке дейінгі ұйымның заманауи педагогі келесі талаптарға жауап беруі қажет: рухани, кәсіби, жалпы мәдени
және денесін жетілдіруге ұмтылған, ішкі дүниесі бай, үйлесімді дамыған, тұлға.
Педагог Бағдарламада анықталған міндеттерді жемісті іске асыру үшін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барынша тиімді құралдары мен технологияларын қолдануы және игеруі қажет. Осы мақсатта ол үнемі өзінің кәсіби шеберлігін арттыруы, білімін көтерумен айналысуы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1) «Жаңа технологияларды сабақта қолдану»
Ұ.Төлепова «Бастауыш мектеп» №7, 2015 жыл
2) «Отбасы және балабақша» журналдары
2014 жыл, 2017 жыл
3) «Отбасы және балабақша» журналы
№4, 2015 жыл
4)Дамыта оқыту технологиясы. Бисенбаева Әлия.
5) Бала мен балабақша. Республикалық педагогикалық журнал
№ 12, 2013
6)Мектепке дейінгі білім –тәрбие әдістемесі.
Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал № 12, 2014
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718