Мамандық иелерімен танысайық
Мақсаты: Балаларға мамандық туралы түсіндіру, мамандық иелерін құрметтеуді үйрету. Ұқыптылыққа, әдептілікке, басқаның еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
– Сәлемтсіндерме балалар?
– Көңіл- күйлерің қалай?
Балалар бүгін ерекше күн. Біздің ашық оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтармен сәлемдесіп алайық. Шаттық шеңберге тұрайық.
Сәлем бердік сіздерге,
Бас иеді ұл мен қыз.
Болашағы Отанның,
Азаматы біздерміз.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде неше ай бар?
-Көктем айларын кім маған айтып береді?
-Көктемде далады қандай өзгерістер болады?
-Жарайсыңдар балалар
-Дұрыс айтасыңдар.
Біздің бүгінгі өтетін сабағымыздың не екенін мен жұмбақтап айтқым кеп отыр мен қазір өлең жолдарын оқимын, ал сендер сол жолдарға қарап қандай сабақ екенін табасыңдар.
Аяқ киімді… жөндейді. (етікші)
Ұшақты… жүргізеді. (ұшқыш)
Өлеңді… жазады. (ақын)
Тамақты… дайындалады. (аспазшы)
Ауруды… емдейді.(Дәрігер)
Өртті… сөндіреді.( өрт сөндіргіш)
Балаларды… оқытады.( Мұғалім)
Иә балалар сендер дұрыс айтасыңдар біз бүгін мамандықтар жайында сабақ өтетін боламыз.
-Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген балабақшаларын,тұрып жатқан үйлерді салатын адам бар, ауырып қалсаң емдейтін адам бар,киімдеріңізді тігіп беретін , Бізге білім беретін, шашымызды әдемілеп қиып беретін,және дәмдеп тамақ пісіріп беретін адамдар бар.Бұл адамдардың барлығы бір сөзбен айтқанда «Мамандық иелері» дейміз.
– Қане балалар сендер қандай
– Маман иесін білесіңдер?
– бәріміз бірге тақтадағы суреттерді
Қандай маман иелері екенін атап өтейік.
-Бұл Аспаз. Аспаз-ең басты мамандықтың бірі. Аспаз дәмді тамақтың қаншама түрін пісіреді.
-Бұл Құрылысшы. Зәулім үйлерді біздің балабақшамызды салған кісілерді құрылысшылар дейміз.
-Бұл Дәрігер. Дәрігер адамдарды емдейді,дәрі беріп укол салып жазады.
-Бұл Тігінші. Адамдарға әдемі етіп көйлек тігіп береді сондықтан біз үнемі әдемі болып жүреміз.
-Бұл Мұғалім. Мұғалім бізге білім береді.ол үлкен маман иесі болуға көмектеседі.
– Қалай ойлайсыңдар осылардың барлығы біздің өмірімізге қажет пе?
-Бұл мамандықтарды меңгеру үшін көп оқуды, көп ізденуді қажымас қайратты талап етеді.
Есік қағылады бізге балалар қонақтар келген сияқты ашып көреміз бе?
Балалар бізге мамандық иелері келген екен.
-Қош келдіңіздер,жарайсыңдар мамандар өздерін таныстыра кетсін.
Дәрігер:
Кішкене әлі баламын
Таудар болар талабым
Ақ халатты абзал жан
Мен дәрігер боламын.
Аспазшы:
Дәмді тамақ пісіріп
Өнерлі бала боламын
Халқым сүйген ардақты
Мен аспазшы боламын
Мұғалім:
Жақсы оқып сабақты
Білім алып толамын
Бөбектерді оқытар
Мен мұғалім боламын.
Құрылысшы:
Қолда темір қалағым
Саздан сарай саламын
Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.
Тігінші:
Тігетін киім кешекті
Тігінші болам мен епті
-Жарайсыңдар балалар сіздер жақсы келдіңіздер бізде бүгін мамандықтар туралы танысып жатқанбыз.
-Балалар мамандар өз құралдарын ауыстырып алыпты. Кәнекей балалар мамандарға көмектесіп құралдарын тауып берейікші.
Д\О: « Кім жылдам» ойыны
Үстел үстіне түрлі мамандық иелерінің құралдарын қойып 5 баланы шығарып , 5 маман иесінің құралдарын ажырату.
Сергіту сәті:
Ұшқыш болып ұшайық
Тігіншіге ұқсайық
Дөңгелене би билеп
Бишіге біз ұқсайық.
Таңқаларлық сәт: Жылаған балалардың дауысы естіледі:
-Балалар мына баланың тісі аурып тұр.Ал мына баланың шашы өсіп кетіпті, киіміде жыртық екен, ал мына бала тамақ ішкісі келіп отыр екен.тісі ауырған баланы кім емдеп жазады?
(Дәрігерді көрсетеді)
Ал шашты кім жөндейді?
Киімді кім тігеді?
Асты кім дайындайды?
(Суреттен көрсетуді ұсынамын)
Жеке жұмыс:
Бұл балаларға көмектесу үшін мамандарға қажетті құралдарын сызба арқылы көрсетіңдер
-Балалар сендер жақсы көмектестіңдер.
Балалар сендерге рақмет айтып жатыр.
Қорытындылау.
-Сонымен балалар қандай маман иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек. Ол мейлі бастық болсын, мейлі қарапайым шаруа иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білуміз керек.осыны еш ұмытпаңыздар.
-Балалар сендерге бүгінгі оқу іс әрекетіміз ұнадыма?
-Не білдік? Қандай мамандық иелерімен таныстық?
-Жарайсыңдар балалар. Мадақтау.қонақтармен қоштасу
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718