В дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: В дыбысының айтылу ерекшелігін байқату, в әріпі бар сөздердің мағынасын түсіндіріп, оларды дұрыс жазуға үйрету, в дыбысы туралы алған білімдерін кеңейту.
2) Дамытушылығы: Балалардың ойлау, есте сақтау, қиялдау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын арттыру. Балаларды в әріпі бар сөздерді дұрыс айтуға және қатесіз жазуға машықтандыру
3) Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, өзара сыйластыққа, саналылыққа баулу, ұйымшылдық пен еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, оқулық, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар.
Әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгіме, ойын, топтық жұмыс
Түрі: СТО
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ертегеі елінде
Топтарды ұйымдастыру. Қатысушылар шеңбер құрады, бір-біріне жақсы тілек айтады. Мысал:Мен саған тілерім, денің сау болсын… (3мин)
Түрлі- түсті гүлдер арқылы үш топқа бөлу. (2 мин)
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
І. Ұйымдастыру. Ендеше балалар біздің сабағымыз жақсы өту үшін бір-бірімізге тілек айтып гүл береміз, ортада тұрған вазаға саламыз. Балалар біздің сабағымыз ертегі түрінде топтық жарыс түрінде өтеді. Біз үш топ болып жарысамыз. Ол үшін мына менің қолымдағы үш түстен тұрған гүлдерді аламыз. Енді осы таңдаған гүлдердің түстері бойынша топқа бөлініп отырамыз. І-топ: Бәйшешек, ІІ-топ: Қызғалдақ, ІІІ-топ Раушан. Бұлай атауымыздың себебі неде? Өйткені бізге көктем мезгілі келді. Көктемде ең алғаш шығатын гүл қандай гүлдер? Табиғатың қай түріне жатады? Тірі табиғат. Мына жақта тұрған І-топың қоржыны, мына жақта ІІ-топтың қоржыны, мынау тұрған ІІІ-топтың қоржыны. Осы қоржындарға сендердің ұпайларыңды салып отырамыз. Жарысуға дайынбызба? Ендеше кеттік.
(Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу)
Сабақты ертегі түрінде өткізу.
– Балалар мына тақтада көріп тұрған қандай ертегі?
– Шалқан ертегісін кім айтып береді?
– Ендеше біз мына шалқанды бақшадан алуға көмектесеміз бе? Ол үшін сендер олардың тапсырмаларын орындауларың керек.
Атаның тапсырмасы. Өткенді қайталау. Үш топқа сұрақтар беріледі, дұрыс жауабын табу. Болған соң топтан бір оқушы шығып қорғайды.
1. Дауысты дыбысты тап.
1) Ж
2) О
3) С
2. Дауыссыз дыбысты тап.
1) Т
2) О
3) Ы
3. Я әрпін көрсет.
1) М
2) К
3) Я
4. Е әрпін көрсет.
1) З
2) Ю
3) Е
Бір буынды сөзді тап
1) Ат
2) Шеге
3) Босаға
Қатесіз өте жақсы орындаған топқа қызыл түс, жақсы орындаған топқа көк түс, қай топ қызыл түсті көп жинаса сол тап жеңімпаз болады.
– Сендер атаның тапсырмасын дұрыс орындадыңдар, ендеше атаны шалқанға апарамыз. Ата шалқанды бақшадан суырып ала ма?
– Ендеше көмекке кімді шақырамыз?
Әженің тапсырмасы. Сұрақтардың жауабын табу:
- Екі дөңгелекті, адам күшімен қозғалатын көліктің бір түрі (велосипед) адам күшімен қозғалатын көлік түрі. Көбінесе екі доңғалақты, кейбір кездерде үш доңғалақты түрлері де кездеседі
2 Пойызға нелер жалғанады? (вагон)
- Гүлді қандай ыдысқа саламыз? (вазаға)
- Үйдегі балық тұратын шыны ыдысты қалай атаймыз? (аквариум) сужануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс.
- Пойыз тұрағы(пойыз күтетін орын)? (вокзал)
- Адам таситын көлік (автобус), трамвай қалалық көлік түрі. Ол түйіспелі (контактілі) сым арқылы келетін электр энергиясынан қуат алып, рельс жолымен қозғалады.
– Велосипед, ваза, вагон, аквариум, вокзал,автобус сөздерін буынға бөлу
– Осы сөздер қандай әріптен басталып тұр? Дыбыстайық. В В В Алфавитке қараймыз, в дыбысы қандай түспен белгіленіп тұр, көк түспен белгіленген дыбысты қандай дыбыс дейміз. –В дыбысы – дауыссыз дыбыс, көк түсті текшемен белгілейміз. (тақтаға В дыбысының көрнекілігін ілу) – В дыбысы сөздің қай жерлерінде тұр? В дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.
ЕСІҢЕ САҚТА! «В» дыбысы орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады. «В» дыбысы бар сөздерді тыңдайық: велосипед, вокзал, трамвай, автобус, конверт.
Немересінің тапсырмасы. топ басшысының жұмысы
– Ваза, вагон, вокзал сөздеріне дыбыстық талдау жаса. Әр топқа бір сөзден беріледі, қай топтың тапсырмасы дұрыс шықса сол топқа қызыл түс беріледі.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
Иттің тапсырмасы. Оқулықпен жұмыс.
Балаларға оқулықтағы сөздерді оқыту. Кітаптағы сөздерді бір сөзден оқып әр топ кітаптағы сөздердің в дыбысының астын сызып шығамыз.
Мысықтың тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашамыз,
Қолға қалам аламыз.
Көлбеу қойып дәптерді,
Әдемі етіп жазамыз.
– Кәне балалар В әрпін бірінші ауада жазып көрейік.
– Ал енді дәптерімізге жазамыз. (дәптермен жұмыс ережерін айту)
Тышқанның тапсырмасы. Ойын: Ой-толғаныс.
Топтастыру стратегиясын қолдану.
В дыбысы бойынша не үйрендік,не білдік?
Вагон дауыссыз дыбыс
вокзал конверт
автобус
Қорытынды.
Енді тақтаға бүгінгі өткен в дыбысын түсіндіңдерме, әлде жоқпа, немесе сендерге бүгінгі сабақ қызықты болдыма соны белгілейміз. Ол үшін +, -, қызықты (стикер) таңбалары бойынша белгілейміз. Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстыңдар?
– Балалар сендер ата және оның отбасына шалқанды бақшадан алуға көмектестіңдер, олар сендерге рахмет айтып, риза болып, мынадай жұлдызшалар таратуды тапсырды.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718