Кері есеп
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.5.1.3 Қосынды мен қалдықты табуға арналған есептер шығару және талдау. Кері есептер құрастырып, оларды шығару. |
Сабақтың мақсаттары | · Барлық оқушылар: Есептерді шешуге қажетті тірек сызбаларын таңдай алады.
· Оқушылардың басым бөлігі:Қалдықты табуға арналған есептерді шығарып,талдай алады. · Кейбір оқушылар: Кері есептер құрастырып шығара алады. |
Бағалау критерийлері | Қосынды мен қалдықты табуға арналған есептерді шығарады. Қосындымен қалдықты табуға арналған есептерді талқылайды.Кері есептер құрастырып оны шығарады. |
Тілдік мақсаттар | Негізгі сөздермен тіркестер: кері есептерТалқылауға арналған сұрақтар:– есептің шешуін тексеру үшін қандай есептер құрастырамыз?-есептердің ұқсастығы мен айырмашылығын тап?- кері есеп құрастыруға болады? |
Құндылықтарды дарыту | Қарым қатынас және ынтымақтық құндылықтарды қалыптастыру. |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, |
АКТ қолдану дағдылары | Маноблок |
Бастапқы білім | Мысалдарды, есептерді шығара алады. |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы оқушылардың қызметі | Ресурстар |
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар мен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымын қадағалау.«Ақ тілек» атты сергіту сәтін өткізу. Көңіл- күйлерін бағдаршам арқылы көрсету.Топқа бірігу. «Жемістер» арқылы топқа бөлу. 1 топ «Алма»2 топ «Алмұрт»3 топ «Өрік»Себетке салынған жемістерді алу арқылы топқа бөлеміз.Кім қай жемісті алса, сол жемістің суреті бар топқа жайғасады. ТЖ: Ширату жаттығуымен сабақты бастау.1-топ. Әмиянда 10 теңгелік және 20 теңгелік екі монета бар. Әмиянда барлығы қанша ақша бар?2-топ. Әмиянда екі монета жатыр. Олардың қосындысы 30 теңге. Біреуі-20 теңгелік монета. Әмияндағы екінші монета қандай?3-топ: Әмиянда екі монета бар. Олардың қосындысы 30 теңге. Біреуі-10 теңгелік монета.Әмияндағы екінші монета қандай?Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мына сұрақтар қойылады. · Бірінші есеп нені табуға бағытталған? (белгісіз бүтінді табуға.) · Есепті қандай амалмен шешуге болады? (қосу амалымен.) · Екінші есеп нені табуға бағытталған? (белгісіз бөлікті табуға.) · Есепті қандай амалмен шешуге болады? (азайту амалымен.) · Осы есептің ұқсастығы қандай? (мәтіні мен сандық мәләметтері бірдей.) |
Қолдау көрсетуКөңіл- күй Суреттер |
Сабақтың ортасы | · ТЖ: Белсенді оқу.Есептерді салыстыр
Дескриптор: Білім алушыЕкі есептің өзара байланысын анықтай аладыТура және кері есеп екенін ажырата алады . Сызба бойынша кері есеп құрастыра алады.Кері байланыс:Жарайсыңдар! Сергіту сәті. 2- тапсырма Саралау әдісі. ЖЖ: Шығарып көр. Оқулықпен жұмысСызбалар ішінен есепті шығар.Сәйкес келетінін анықта. Тура есепке кері есеп құрастыр.Дескриптор: Білім алушы–Сызбалар арқылы есеп шығара алады-есептің жауабын сызбамен сәйкестендіреді-Тура есепке кері есеп құрастырып, шығара алады Кері байланыс: «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау 3- тапсырма ҚБ. Жеке жұмысЕсепті шығарыңыз. Берілген есепке кері есеп құрастырыңыз және шығарыңыз.Наурыз мерекесінде 50 бала ән айтты және одан 20-сы артық бала би биледі.Наурызмерекесінде неше бала би биледі? Дескриптор: Білім алушы– есептің шешімін табу үшін амалды дұрыс таңдайды;- өрнектің мәнін табады және сәйкес атауларын жазады;- есептің жауабын толық жазады;- берілген есепке кері есеп құрастырып, шығарады.Кері байланыс: жазбаша кері байланыс жасау |
Оқулық,түрлі-түсті қағаз,қайшыжелім
Суреттер |
Сабақтың соңы | Рефлексия. БББ кестесі. |
Стикер |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Оқушылар бірлескен топтарда жұмыс істейді және бірін-бірі қолдайды. Егер қажет болса, қосымша көмек көрсетіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға арнайы тапсырмалар беріледі. | Оқушыларды олардың бірлескен жұмыстары немесе жеке жұмыстары кезінде қадағалау.«Бас бармақ», «жарайсың» тәсілі арқылы кері байланыс орнаттым. | Сергіту жаттығуларын орындау. |
Өткізілген сабақ бойынша мұғалімнің рефлексиясы | ||
1) Оқу мақсатына жеткен және жетпеген оқушылар саны? 2) Егер жетпесе, неліктен? 3) Сабақтың жсопарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718