Үй тапсырмасын тексеру.
«Жылдам сұрақ» тәсілі бойынша қобдишаға сұрақ қойылған қағаз салынады. Қобдишадағы сұрақты алып, оқушылар жауап береді.
1. Параллелограмм дегеніміз не ?
2. Тұрмыста төртбұрышты заттар неге көп кездеседі ?
3. Ромб пішінді заттар тұрмыста, өмірде қайда кездеседі ?
Қалыптастырушы бағалау қол шапалақтау.
1 – тапсырма. Топтық жұмыс. «Ой қозғау» әдісі
Жаңа сабақты ашу мақсатында әрбір топтағы оқушыларға жұмыстар орындауға тапсырма кескінделген кеспе қағаздар үлестіру.
Тапсырма мақсаты: Тіктөртбұрыш, ромб, шаршының анықтамалары мен қасиеттеріне сүйене отырып бос орындарды толтыру.
Дескриптор:
– тіктөртбұрыш, ромб, шаршының анықтамалары мен қасиеттерін, белгілерін үйренеді.
Кері байланыс:
«Бас бармақ» әдісі. (топтар бір – бірін бағалайды)
Интерактивті тақтағы тапсырмаларды және сәйкес дескрипторларды көрсету.
2 – тапсырма. Жеке жұмыс. «Ойлан, тап» әдісі
Ромбтың диагоналы оның бір бұрышын, бірі екіншісінен 4 есе артық болатындай, бұрыштарға бөледі. Ромбтың барлық бұрыштарын табыңыз.
Дескриптор:
· сызбасын салады;
· ромб диагональдарының қасиеттерін қолданады;
· ромб бұрышының қасиеттерін қолданады;
· ромб бұрыштарын табады.
Кері байланыс: Смайликтермен оқушылар өз – өздерін бағалайды.
3 – тапсырма. Жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдіс
Егер тіктөртбұрыштың диагональдары перпендикуляр болса, онда тіктөртбұрыштың шаршы болатынын дәлелдеңіз.
Дескриптор:
· сызбасын салады;
· тіктөртбұрыштың диагональдарының қасиеттерін қолданады;
· үшбұрыштар теңдігінің белгілерін қолданады;
· өз тұжырымын дәлелдейді.
Кері байланыс: «Бір медаль, бір миссия». Жұптар бірін – бірі бағалайды.
Саралау тапсырмасы. «Түйіндеу» әдісі
1 – топ. Тіктөртбұрыш диагональдарының арасындағы бұрыштардың қатысы, 2:7 қатынасындай. Тіктөртбұрыштың диагональдары мен қабырғаларының арасындағы бұрыштарды табыңыз.
2 – топ. Ромб диагоналы бір қабырғасымен жасайтын бұрышының шамасы 4 : 5 қатынасындай. Ромбының бұрыштарын табыңыз.
3 – топ. Квадрат диагоналдарының қиылысу нүктесінен оның бір қабырғасына дейінгі қашықтық 5 см тең. Квадраттың периметрін табыңыз.
Дескриптор:
· сызбасын салады;
· тіктөртбұрыштың, квадраттың, ромбтың диагональдарының қасиеттерін қолданады;
· сыбайлас бұрыштардың қасиетін қолданады;
· тең бүйірлі үшбұрыш қасиеттерін қолданады;
· тіктөртбұрыштың диагоналы мен қабырғаларының арасындағы бұрыштарды анықтайды.
Кері байланыс: «Үш шапалақ» әдісі |