Балалықтың бал мекені – «Сыр – Берекесі»

Кез келген ұлттың болашағы жас ұрпақтың тәрбиесіне байланысты. Балаға жастайынан назар аударып, тәрбиесіне көп көңіл бөлсек болашағынан үміт күтуге мүмкіндік көп десек қателеспес едік. Осы орайда бүлдіршіндер мен ата – аналар үшін балабақшаның маңызы ерекше екені даусыз. Қаланың КБИ мөлтек ауданынан орын алған көркем балабақшалардың бірі – «Сыр – Берекесі» балабақшасы. Балабақшада бүгінде 109 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі кіші орталық мекемесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды. Осы ретте ұжым қызметкерлері тәрбиеленушілерге жан – жақты мол тәрбие беру тұрғысында заманауи әдістерге бағына қызмет етуде. Мұнда балалар 6 топ бойынша тәлім – тәрбие алады. Балабақша меңгерушісі Роза Сабырханқызы ұрпақ тәрбиесіндегі балабақшаның рөлін ерекше атап өтті:
– «Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам тәрбиесі. Сол себептен келешек қоғам иелерін жан – жақты етіп ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздіңде қоғам алдындағы борышымыз.»
«Сыр – Берекесі» балабақшасы – тәлімді тәрбие ортасы. 2015 жылдың қараша айынан өз бүлдіршіндерін қабылдай бастаған балабақшаға биыл 3 жыл. Мұнда айтулы мейрамдарға орай мерекелік ертеңгіліктер, сонымен қатар әр – түрлі іс шаралар, ұйымдастырылған ашық оқу қызметтері де өткізіліп тұрады.
«Тілден артық қасиет жоқ», – деп Елбасымыз айтпақшы балабақшада тәлім – тәрбие, салт – дәстүрмен қатар, тіл үйрету жұмысыда жүйелі жолға қойылған. Балабақшада арнайы мамандарда қызмет етеді. Информатика, дене шынықтыру, ағылшын тілі, музыка, би сабақтары тұрақты түрде өтіледі.
Үстіміздегі аптада күз мезгіліне орай ұйымдастырылған «Беркелі алтын күз» атты ертеңгілік тартымды өтті. Тәрбиешілер мерекеге мұқият дайындалды. Балалар мен ата – аналар ерекше әсерге бөленіп, тәрбиешілерге алғыстарын білдірді.
Бүгінгі таңда ата – ана балаларын балабақшаға бермес бұрын «балам ол жерден не үйренеді екен, тәрбиешісі қандай болады» деген сұрақтар мазалауы заңдылық. Балаға жан – жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал етуі сөссіз!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *