Ойын арқылы балалардың тілін дамыту
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл – ойдың қалыптасуы мүмкін емес» – дейді орыстың көрнекті қайреткері В.А Сухомлинский. Балабақшадағы оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйрегенен сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс – әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен ойын жаттығуларын жүргізе отырып, олардың айналасындағы заттармен таныстырып, атын айта білуге, қасиеті мен сапасын, түр – түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсендітүрде тілдік қарым – қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік ойын жаттығуларын дамыту ісінде: – балалардың сөздік қорларын дамыту: – жаңа іс – қимылдарын меңгерту: – үйренген сөздерін, іс –қимылдарын тиянақты, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет болып саналады. Осы аталған міндеттерді үнемі ойын жаттығулар жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отырамыз.
Балалар саусағын ойната отырып тілін дамыту.
Саусақ ойыны-бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы,қабілеті дамып,ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады.Саусақтардың қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады,шаттанады,сөзді айтуға тырысады.Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген”Қуырмаш”ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
Мысалы:”Моншақ”.
Қызыл сары,көк моншақ,
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып моншақ тәрізді бейнелейді.Ол өте балалар үшін қызықты әрекет,қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.Сонымен қатар өзімен-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру:тиегін өзі салу,өзі ағыту,бауын байлау т.б.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев “Ойын ойнап,ән салмай,өсер бала бола ма?”-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы.Балалар ойын арқылы тез тіл табысып,жақсы ұғысады,бірінен-бірі ептілікті үйренеді.Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру,ойнату әдісі деп қарамай олардың мінез -құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен,табиғатпен,адамдар еңбегімен,қарым-қатынастарымен танысады.
Атақты педогог В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда,”Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес”.
Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып,өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Күнделікті топта баланы ойынға қызықтыра отырып оқу-іс әрекеті кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.Баланы өжеттілікке,шапшаңдылыққа,ептілікке,батылдыққа,байсалдыққа,тапқырлыққа үйрететін де ойын.Оқу іс-әркетінде қолданатын ойын түрлері мынандай топтарға бөлінеді.
Ойын түрлері:
-ұлттық ойындар.
-сюжетті рольді ойындар.
-шығармашылық ойындар.
-қимылды ойындар.
-дидактикалық ойындар.
Халық педагогикасында ойындар өте көп соның ішінде ең маңыздысы ұлттық ойын.Олар”Алақан соқпақ”,”Тақия тастамақ”,т.б.Ұлттық ойындардың мазмұндық ерекшеліктері жағынан да мәнерлі әрі түсінікті.”Арқан тартыс”.”Асық ойнау”т.б.Мысалы,қазақ баласы біреуі ат болып қашады,біреуі құрық салады.
Сюжеттік ойындармен қатар рольді ойынның мазмұнын ажырату қажет.Ересектер іс-әрекетінен бала негізгі сәт деп көрсетсе,ойынның мазмұны.Әр түрлі жастағы бала сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді.Мысалы:сәбилер түскі тамақ ішу ойынын ойнағанда қандайда бір қимылды қайталай отырып,нан тіледі,ботқа пісіреді,ыдыс-аяқ жуады.Мұнда ойын мазмұны тек қана заттар арқылы қимылдар көрсетіледі.Ойын арқылы өзім жұмыс жасайтын 1-кіші тобында әлеуметтік және құндылық-мәнді құзыреттіліктерін көздедік.Осы жұмыс арқылы мен бала бойында жанұяда,өмірде қажет болар қабілеттерді қалыптастырып дамытуды ұстандым.Мысалы:1-кіші тобында өткізілген “Автобус”сюжетті-рөльді ойыны осы шынайы өмірде қарым-қатынас жетілдіруге арналады.Балаға терең түсіндіру үшін оны қызықтырып,сендіріп,мадақтап отыру қажет.
Қимылды ойындар балаларды еркіндікке тәрбилейді.Біздің 1-кіші тобында қимылды ойындарды күн сайын өткізілу ұсынылады.Қимылды ойынды көбіне серуен кезінде таза ауада ойнаймыз.Ойын бүкіл топ болып та,шағын топ болыпта өткізіледі.Бұл ойынға қимыл жасалатын тапсырмалар кіреді.Мысалы:жалаушаны әкелу,қоңырауды соғу,допты қуып жету,т.б.
2.Бала тілін дидактикалық ойын арқылы дамыту.
Ойынның түрлері өте көп.Соның ішінде маңыздысы- дидактикалық ойын.Бұл ойынның пайдасы-баланың ой өрісін қалыптасуын,дамуын мақсат етіп қояды.Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға,адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді.Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді.Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып,белсенділігін арттыру мақсатында орындалады.Дидактикалық ойынды тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін,тартымдылығын,белсенділігін баланың ынтасын күшейтеді.Ойын ойнаған кезде дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек.Балалардың таным қабілетін,логикалық ой-өрісін кеңейтіп,сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы өте зор.
Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.Олар:
-Дидактикалық ойындар нақты,қысқа,қызықты болуы тиіс.
-Дидактикалық ойындардағы тапсырмалардың біртіндеп күрделену және ол ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал етуі қажет.
-Ойындардағы тапсырмалардың әртүрлі тәсілмен орындалуын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпақ етуі қажет.
-Дидактикалық ойын баланың жас ерекшелігіне сай,бағдарламадағы материалдарға,оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып,тапсырма мәнін ашу керек.Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып,олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
Тіл дамыту бойынша дидактикалық ойындарды мынандай топтарға жіктеуге болады.Олар:
Балалардың тілін дамытуға бағытталған дидактикалық ойындар: жаңылтпаштар,санамақ,”Қуыр-қуыр қуырмаш”,”Малдың төлін шақыру”,т.б.
Балалардың тілін дамытуға байланысты сабақтарда жұмбақ ойындарды көбірек пайдалану өте тиімді.Баланың ой-өрісін кеңейтуге,өз бетімен ойланып,заттар мен құбылыстардың сипатталуына,баламасына қарай олардың атын табуға,сөздік қорын молайтуға үлкен септігін тигізеді.Дидактикалық ойын арқылы ойлау,сөйлеу,қиялдау,тілін дамыту,сонымен қатар өз ойларын толық жеткізе білу,сауаттылығын ашу.
1-кіші топта жұмыс жасаған кезімде тіл дамыту сабағында тақырыбына қарай мынандай дидактикалық ойындарды пайдаланамын.
1-кіші топта дидактикалық ойындардың жеңіл түрі ойнатылады.”Даусын сал”,-ойын шарты:кубик арқылы ойнатамын бала кубикті лақтырып қандай жануар түссе сол жануардың дыбысын салады.Сол сияқты “Қимылын көрсет”-ойын шарты:айтылған заттардың қимылын көрсету мысалы:қоян,ұшақ,аю,бақа,т.б.
“Ғажайып қалта”-ойын шарты:қалтаның ішіндегі шыққан заттарды атау мысалы:алма,доп,мысық,орындық,т.б.
Қорыта келе айтқанда:
Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.Ойын-балалар өмірінің нәрі,яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты.Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Бір сөзбен айтқанда,ойын баланың жан -жақты дамуын жетілдіретін,белсенділігін арттыратын,басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп,құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады.Ойын- бала үшін біліктіліктің қайнар көзі.Сондықтан, жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін.