Бүгінгі заман талабы жас ұрпақты парасатты, саналы етіп тәрбилеу
Алтынбекова Айдана
Бүгінгі заман талабы жас ұрпақты парасатты, саналы етіп тәрбилеу. Отбасы мен балабақша жұмысын ынтымақтаса жүргісе ұрпақ тәрбиелеу ісінде көздеген мақсатқа жетуге болады. Бала қашанда балалыгын көрсетеді. Оларға әрдайым ата-ана, тәрбиешілер тарапынан қамқорлық қажет. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, ержетіп, азамат болуына, олардың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын дінгегі- ата-анасы. Ананың, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойында ұстанымдылық, нәзіктік, кіші пейілдік қасиеттер қалыптасса, әке қамқорлығы арқылы еңбек корлық, батырлық, азаматтық, табандылық, қасиет қалыптасады. Отбасының тәрбиесін, әдептерін, дәстүрлерді сақтауын ескере отырып балаларды әлеуметтік ортада қарым қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал жасаған жөн. Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат – мұраттарының еңбастысы – өзінің өмірін, тәжірибиесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу қоғамымыздың ірге тасын нағайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізгі отбасында қаланып, балабақшамен байланысы арқылы одан әрі жалғасады. Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі баланы айналаны тану сезіну, қабылдау, түсіне қарай таңдау әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы мектепке дайындау. Ғалымдардың тұжырымдарына сүйенсек тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге тікелей байланысты. Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану – отбасымен балабақшаның жаңа қарым – қатынасын нығайту.
Ата – аналар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу арқылы өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, басқалармен қалай арласатынын, білім денгейін, құрдастарынан оған деген қарым – қатынасын зерттей алады. өз баласының дамуы басқалардан қалып қойған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Ата – анамен балабақша арасындағы тығыз қарым – қатынас, бірлік, ынтымақ, жарасын тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалыда нәтижелі болмақ. Біздің мақсатымыз XXI ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениеті, жан- жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718