“Диванға арналған шағын жастықшаның эскизін жасау, пішу”. 5 сынып.
– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік!
Сабақ тақырыбы: Диванға арналған шағын жастықшаның эскизін жасау, пішу. с/ж
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әр түрлі диванға арналған шағын жастықшалар жасап үйрету, тігу шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.
а) Білімділік: оқушылардың диван жастықшаларын тігу туралы білімін арттыру, түстік шешімін тауып, күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай қолөнер бұйымын жасап шығару.
ә) Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеудегі шығармашылық қабілетін қалыптастыру, әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
б) Тәрбиелік: қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: сарамандық, топтық.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жасап көрсету, өз бетімен жұмыс жүргізу.
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, бейнелеу, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйымдар, ою-өрнек түрлері, карточка, суреттер, слайд.
Қажетті құрал – жабдықтар: ине, жіп, қайшы, мата (велюр).
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
- Оқушылармен танысу және сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен жүрекке» бір- біріне атын атап, жылы лебіздерін білдіреді.(Мұғалім бастайды: оқушылар, біздің әрбір сабағымыз сіздердің жан дүниелеріңізге кішкене болса да жылулық ұялатып, ізгілікке қарай бастауына тілектеспін)
Үй тапсырмасын тексеру. «Сұрақ» стратегиясы
- Құрақ дегеніміз не?
2. Құрақ құраудағы қойылатын талаптар?
3. Құрақтың тиімділігі?
С
Сұрақтарының жауаптары:
1. Құрақ-мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымдарының бірі
- Құрақ құрау кезінде қойылатын талап-ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы,матаның түс үйлесімділігі және матаның арқау және негізгі жіптерін ескеруіміз керек. Құраққа пайдаланатынматаның түсі 3-5 түрлі болуы керек және мата жұқа қалыңдығына қарай іріктелініп алынады
- Мата қиындыларын кәдеге жарату
ІІ. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау. Адасқан әріптерден сөз құрау.
ТЕКСЕ, ЮАОРЛ, РАҚҰҚ ,РКӨЕН, СЫЖАТҚ
КЕСТЕ, ОЮЛАР, ҚҰРАҚ,ӨРНЕК , ЖАСТЫҚ (жеке-жеке айтылады) дегенде көз алдарына не келеді? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
ІІІ. Мағынаны тану кезеңі.
Оқушылар біз бүгін диван жастықшаларын жасауды үйренеміз. Жастықшалар кестелеу, жапсырмалау, аппликация, лентадан өрнектеу, іліп тігу арқылы сәндеп жасауға болады.
ББҮ стратегиясы
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
|
Енді сіздер диван жастықшалары туралы не білгілеріңіз келеді, соны екінші бағанға жазыңыздар (оқушылар жазғандарын оқиды)
Слайдтан диван жастықшаларының түрлерін көрсету, олардың қалай жасалғандығы туралы түсіндіру.
Бүгін, біз «Диван жастықшасын» дайындап үйренеміз. Жұмысымызды бастамас бұрын екі топқа бөлінеміз.
(жастықшаның екі түрінің суреті арқылы бөлу)
1-топ: 2-топ:
Бағалау парағы беріледі.
Сарамандық жұмыс.
1. Алғашқы нұсқау. Сіздерге жұмыс жасау үшін не қажет?
1-топ. 2-топ
– мата (3 түс) – мата (қызыл, сары, жасыл)
– жіп – жіп
-мақта -мақта
Диван жастықшасын жасау үшін біз қандай құралдарды қолданамыз? (оқушылардың жауаптары тыңдалады, күтілетін жауап: ине, қайшы, түйреуіш, үтік) Ендеше инемен, қайшымен, үтікпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерді қайталайық:
Қайшымен жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері
- Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.
- Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме.
- Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
- Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, бөгет жасауға, көңілін бөлуге болмайды.
Қол ине, түйреуішпен жұмыс кезінде:
- Инені арнаулы қобдишада сақтау керек.
- Инені киімге қыстыруға болмайды.
- Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.
- Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс.
- Инені тістеп отыруға болмайды.
Жұмыс шығынын есептеу:
1-топ:
Алынатын зат | Өлшемі | Бағасы |
Мата | 1. 3 х 20см | 300 тг |
Жіп | 1. | 50 тг |
Мақта | 1 кг | 150 тг |
ЖАЛПЫ БАҒАСЫ: | 500тг+ ЕҢБЕК |
2-топ:
Алынатын зат | Өлшемі | Бағасы |
Мата | Қызыл-1 м
Жасыл-10 см Сары- 10 см |
400 тг
40 тг 40тг |
Жіп | 1. | 50 тг |
Мақта | 1 кг | 150 тг |
ЖАЛПЫ БАҒАСЫ: | 680тг+ ЕҢБЕК |
Жұмыс киімін кию.
ІІ.Ағымдағы нұсқау. Әр топ парталарындағы диван жастықшаларының жасалу сызбасына қарап жастықша тігу.
- Үлгі бойынша пішу
- Тігістікке шетінен 1 см-дей мата қалдыру
- Бөлшектерді тексеріп, қию
- Әр бөлшекті сәйкестіріп, құрастырып тігу (көктеу тігісі)( жұмыс жасау барысында ақырын музыка ойнап тұрады)
ІІІ.Қорытынды нұсқау. Жұмыстарын талқылау, ақауларын түзету.
ІҮ. Ой толғаныс кезеңі.Үшінші бағанды толтыру, оқу
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
|
Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау. Екі топ жасаған диван жастықшаларын бағалау (шығын+еңбек құны) және жарнама дайындап келу.
Бағалау. Жасаған жұмыстарының нәтижесіне қарай, сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау (әр топтың басшысы оқушылардың бағалары айтылады, журналға қойылады)
Бағалау парағы.
Жұмыс орнын жинақтау.
“Кел, жас дарын, істі баста!
Жаз, оқы, сөйле, тыңда!
Айт, зертте, тексер, сұра!
Егер бәрін үйренсең,
Көп ұтасың сен ертең!” деп сабағымызды аяқтаймын және шығармашылықпен жұмыс жасауға тілек білдіремін.
САБАҚ: 25 | |||||
Күні | Мұғалімнің аты-жөні: Құсайынова Анар Әбенқызы | ||||
Сынып: 5 | Қатысқан саны: | Қатыспағандар: | |||
Сабақтың тақырыбы | Бұйым дайындау. Бұйымды безендіру | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.2.3.1 – түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым орындау
5.2.3.2 – шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау 5.2.3.3 – қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану |
||||
Сабақтың мақсаты | Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту. | ||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар орындай алады:
·Талшықтар мен материалдардың классификациясын, материалдардың құрамын, қарапайым түрендіруді сипаттай біледі. |
||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
· материалдар мен талшықтардың жіктелуін сипаттайды |
||||
Құндылықтарды дарыту | Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.
Оқушылар арасында жақсы қарым-қатнас орнату. Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу. Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру. |
||||
Пәнаралық байланыстар | зерттеу барысында теориялық білімдерін дүниетану, математика .пәндерімен және өнермен байланыстыру. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.
Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу . |
||||
Бастапқы білім | Еске түсіру, қайталау. Пәнге қатысты лексика мен терминология
Өткен тапсырмаларды еске түсүру. |
||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 1 кезең
Сабақтың ортасы 2 кезең |
Шаттық шеңбер өткізу
– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік. Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі- көңіл ажары ! Күліп өмір сүрейік!
Топқа бөлу шар түрлерімен
Бұйым дайындау. Бұйымды безендіру. Бейне көрсетілім көрсету Қағазды бүктеу арқылы жасайтын бұйымдарды оригами деп атайды. Бұл өнердің өзіндік тарихы бар. Қағаздың өзі Қытай елінде пайда болған, ал Жапонияда одан әр түрлі пішіндерді бүктеп шығаруды ойлап тапқан. Алғашқы оригами әдісімен жапондық діни салттард қорапша жасалып, оның ішіне садақаға берілген кішкене нан, балық, шашылмай жинақы болу үшін пайдаланған. Содан кейін бас ақсүйектердің ойлап тапқанындай, яғни қазіргі кезде бір – бірімізге тілек жазу үшін ашық хаттар жазамыз. Ал сол кездері ашық хат жазғанда олар көбелек, құстар гүл немесе абстрактілі геометриялық пішіндермен бүктеліп қағаз ішіне жазып жүрген. Уақыт өте келе ХХ ғасырда оригами туралы бүкіл әлем білетін болды. Кейбір шеберлер бір қағаздан бірнеше әр түрлі пішіндерді жасай алады. Қағазды қолөнердің көбінде пайдалануға болады. Оригамида қағазды тек бүктейді. Бұйымның дұрыс әдемі шығуы қағаздың дұрыс бүктелгеніне байланысты. Бұйымды соңғы өңдеу және әрлеу материалымен сәндеу жұмыстың қорытынды кезеңінде орындалады. Технологиялық операцияны орындау сапасын, жұмыс барысында технологиялық және еңбек тәртібі мен еңбек мәдениетін, қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша ағымдық бақылауды өздігімен жүргізеді; бұйым конструкциясына және оны дайындауға қажеттілігіне қарай өзгеріс енгізеді. Дайындау сапасын бағалау, жұмысының дұрыстығы мен нәтижесін анықтау, өз жұмысын бақылай білу. Сарамандық жұмыс барысында мұғалім жұмыстың орындалуын және қауіпсіздік техникасы ережесінің сақталуын бақылайды.
|
||||
Сабақтың соңы
|
Қорытынды жасау үшін оқушылардың жұмыстарын әрқайсысына төмендегі сұрақтар арқылы бағалау.
|
||||
Сабақтың соңы
2-мин кері байланыс |
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
– нені білдім, нені үйрендім – нені толық түсінбедім – немен жұмысты жалғастыру қажет |
||||
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718