Инновациялық технологияны география сабағында қолданудың қажеттілігі

Сүндетов Ғабит Насырұлы

«…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру –  бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз…Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»-деп Елбасы айтқандай, география  пәніне оңтайлысы, өмірде керегіне жаратары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдері деп түсінемін.

Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен тарауда.Оқушыны пәнге қызықтырумен бірге, саналы ойлауына жетелейтін, қоғамдық ой-көзқарастарын қалыптастыратын, өзіндік сыни пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды меңгере  білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін анық айтатын  ойлы ұрпақ тәрбиелеуде 40 минуттық сабақтың маңызы ерекше. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану заманына  сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап қолдануда.Мұғалімнің   сан қырлы шеберлігі – ізденіс пен шығармашылықтың шыңы және  нәтижесі. Осыған сәйкес К.Д.Ушинский “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген.

Сонымен білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Заманауи оқытушылар жаңа технологияларды сабақ барысында қолдана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты  өтуіне ықпалын тигізуде.Яғни, ғылым мен техниканың жедел дамыған , ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын шыңдау –   білім беруші  ұстаздардың басты міндеті болып отыр. Қазіргі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару  – оқытушының үздіксіз ізденімпаздығы мен талмас еңбегінің жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны жеке тұлға ретінде ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс қажет- ақ. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде жаңа педагогикалық технологияны ендіруді, меңгеруді  міндеттейді.Сол себепті біз, ұстаздар қауымы, қандай болмасын жаңалыққа жаны құмар жан екеніміз белгілі болғандықтан, жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз хақ.
География пәнін оқушыларға оқытып үйретуде ұстаз ретінде  үнемі оқушының ой – өрісін кеңейтуге, біліміне білім қосуға тиіс жаңа технологиялардың тиімді әдіс-тәсілдерін сабағыма кіріктіре өтемін.
Яғни , түсіндірме сөздіктегі  «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінген ережеге сүйенемін.

География пәні – өзіндік ерекшелігі бар жаратылыстану бағытындағы қызықты  пән. Ол жалпы құрлық –  дөңгелек жер шары мен  планетамызды, ондағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, жер бедерін, пайдалы қазба байлығымен қатар ,тіршілік жасап, өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлт пенен ұлыстарды зерттеуге  үйрететін  үлкен ғылым. Сондықтан, география пәнінің  мұғалімі болу  – кең көлемді, терең білімді, есте сақтау қабілеті зор ,ұшқыр ойлы ұстаздарды  қажет етеді. Сабақтың мазмұны,мақсаты, түрі,типі  және әдіс – тәсілі оқыту жүйесінде біртұтас бірімен – бірі тығыз байланысты. География пәнінің басқа пәндерден айырмашылығы – мұнда оқушылар өздігінен ізденіп, білім –білік дағдысын қалыптастыруға  әр түрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталармен көп жұмыстар жүргізеді. Оқушылардың  пәнге деген қызығуын арттырудың бір жолы – сабақта жаңа білімді меңгертуде оқушылардың өздерін  белсенді түде атсалыстыра отырып қатыстыру болмақ. Сабақта көңілді отыруына, білім игеруіне, ынталануына  жағдай жасау үшін күнделікті сабақты түрлендіріп, жаңа технологиялардың тиімді әдіс- тәсілдерін оңтайлы қолданып өткізу қажет. Ол үшін мұғалім  ең алдымен өз пәнін әр – түрлі әдіс – тәсілдермен өткізуге көңіл бөлуі керек. Қазіргі жаңа педагогикалық технология географияны оқытудатоптық және жеке оқушылармен жұмыс істеуге барынша назар аударуда. Жаңаша білім беру мазмұнының  тиімді әдіс- тәсілдерінің барысында   сыни ой қалыптастырумен қатар пікір алмасу, дискуссия, , лекция, сынақ, экскурсиялық серуендері, практикалық жұмыстардың маңызы зор. Аталған  сабақтарда оқушылардың әр түрлі қызықты да қиын проблемаларды, оларды шешу жолдарын іздестіруге мүмкіншілік туғызып, олардың логикалық ойлау қабілетін шыңдайды  және пәнді оқуға деген  қызығушылығын арттырады. Сол себепті  «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын  география сабағында қолдануды басшылыққа аламын. Өйткені , география пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты мен өз тәжірибемде сөз әдісін, наменклатуралық білім беруде сұрақ –жауап әдісін , мағынаны тану сатысы, ой толғаныс сатысын ,  тестік жүйенің әр түрін қолданамын. Ал оқушылармен оқу  үрдісінде сынып пен үй жұмыстарын ұйымдастырғанда оқытудың жеке, ұжымдық түрлерін көбірек пайдаланамын. Соның нәтижесінде оқушылардың іздену, зерттеу, саралау, талдау дағдыларының дамитыны анық деп білем.

Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер -баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», – деп білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан еді. Өйткені,   ертеңгі шығар  күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын –білім. Сол себепті оқушыларға сабақ  беруде жаңа технологияның тиімді әдіс –тәсілін  өмірлік азық болатындай  ұсына білсек,  білімді ұрпақ қана қоғамға қозғаушы болатынын  шәкірттің меңгерері сөзсіз демекпін.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *