Мемлекеттік тіл – менің тілім
Ахметжанова Айгул Ақбергенова
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеуіне, тілімізді сүйуге, мәртебесін биік ұстау жөнінде, салт-дәстүрі, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой – өрісін, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: Слайд, көрме
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл – мемлекеттік тіл болуына орай оның қолдану аясы, бедел-мерейі мемлекет ішінде ғана емес, халықаралық қатынастар деңгейіне дейін артып келеді.
Биыл еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне 25 жыл толуына орай мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау, талантты жастарды іздеп табу мақсатында және өз елін, жерін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін қазақ тілі мен әдебиеті апталығында 7-8-сыныптар арасында өткізілетін «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Сайысқа қатысатын 7 «В» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз
8 «В» сынып оқушыларын қарсы алайық
8 «Г» сынып оқушыларын қарсы алайық
3-топтың топ басшылары ортаға келіңіздер!
Қай топтың бірінші болып жауап беретінін және топтың атын анықтайық.
Ендеше, әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Нүсіпова Ү.Ж.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Абдиева Қ.Ә. Шертаева М.А.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, бүгін біз 3 топ: «Тапқырлар», «Зеректер» «Ойшылдар» Қазақ тілі еліне сапар шегеміз.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, – демекші,
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
- Бірінші бөлімде «Қайырлы таң» бекеті
«Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді» – дейді данышпан халқымыз үш топтың сәлемдесуі немесе таныстыруы. Дұрыс жауап 1-ұпаймен саналады.
1.Тапқырлар
2.Зеректер
3.Ойшылдар
2.Жүргізуші:
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дала тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім – ардақ тұтар алтыным-деп
Екінші бөлімде Дарын» бекеті .
1-топқа:
- ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
- Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
- Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? түркі
- Қазақ тілінде неше септік бар? 7
- ҚР-ның астанасы қай қала? Астана
- Қазақ алфавитінде неше әріп бар? 42
- Қазақ балалар әдебиетінің атасы кім? (Ы.Алтынсарин).
- Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
2-топқа:
- Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
- Абайдың туған жылы? (1845).
- Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? 9
- «Паспорт» сөзінің жаңа атауын табыңыз. Төлқұжат
- Қазақ тіліне тән неше әріп бар?
- ҚР тәуелсіздігіне неше тжыл? 25
- Қазақтың балалар әдебиетінің атасы кім? Ыбырай
- Қазақ тілінде неше жалғау бар? 4
3-топқа:
1.Халықтар достығы мен ынтымақтастығы мерекесі қашан? (1-мамыр).
- Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
- Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? түркі
- Қазақ тілінде неше септік бар? 7
- Қазақ тіліне тән неше әріп бар?
- ҚР тәуелсіздігіне неше жыл? 25
- Қазақтың балалар әдебиетінің атасы кім? Ыбырай
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 9
- Жүргізуші: Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұра. Сондықтан да сайысымыздың үшінші бөлімі мақал-мәтелдерге арналады. «Үміт» бекеті. Мақал-мәтелдерде жасырылған сөздерді үш тілде айту. (қазақ,орыс, ағылшын тілдері) Дұрыс жауапқа 15 ұпайдан беріледі.
Отан ……………….. да ыстық Жауабы: оттан
Туған жерге …………………. тік. Жауабы: ту
Туған жердің .. де ыстық, …де ыстық Жауабы: күн,түн
………… көтермегенді, тіл көтереді. Жауабы: піл
…….. ойлағаңды, тіл бітіреді. Жауабы: ми
………….. көңілдің айнасы Жауабы: көз
Тіл……………. да өткір жауабы: қылыш
Тіл көңілдің ……………….. жауабы: кілті
Жүргізуші
- «Қайрат» бекеті .
Қызықты грамматика. Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі
А) Жуан дауыстыларды көрсет
а, ә, о, е, ұ, ө, ы, ү, і, и
жауабы: а, о, ұ, ы
Ә) Табиғи жұп күйіндегі заттар:
Аяқ, ыдыс, көз, фотоальбом, ақша, құлақ, мұрын, етік, қолғап
Б) Қатаң дауыссыздарды көрсет
Қ, г, к, п, б , с, т, в, х, ш, ц, д, н
Жауабы: Қ к, п, с, т, х, ш, ц,
В) Ұстаз, ел, шәкірт сөздерінің синонимін тап.
Г) Үлкен, жас, ұзын сөзінің антонимін тап.
Д) Айт, жаз,күл сөздерінің омонимін тап
Жүргізуші:
- «Арман» бекеті
«Жаңғырған салт-дәстүрлер» Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі
- Нағашы деген кім?
- Ұлттық сусындарды атап бер.
- Ұлттық ойындарды атап бер.
4.Айт мейрамы туралы не білесің?
5.Ұлттық тағамдарды ата?
6.Қандай салт-дәстүрлерді білесің?
7.Қандай туыстық атауларды білесің?
Жүргізуші
- « Шешен» бекеті. Мәтінді дұрыс құрап, Тіл туралы өлеңдерін жатқа оқиды.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің елін қалай сүюімен, білуімен, ардақтауымен өлшенеді
« Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды». С.Негимов пікірі.
Жүргізуші:
- Қорытынды: Сайысымызды қорытындылап, жеңімпазды анықтау үшін әділқазыларға сөз берейік.
- Жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
( М. Әлімбаев.)
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718