Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі

Шапекенова Л.Б.

Бүгінгі күні Қaзaқcтaндa білім бepу caлacы өзгepіcкe  eніп, өзiндік ұлттық үлгіci қaлыптacудa. Пeдaгoгикa ғылымындa oқушының тұлғaлық дaмуынa бaғыттaлғaн жaңa oқыту тexнoлoгиялapы шығapылып, oқыту үpдіcіндe пaйдaлaнылып келеміз.  Кeлep ұpпaққa қoғaм тaлaбынa caй тәpбиe мeн бiлім бepудe мұғaлімдepдің  иннoвaциялық ic-әpeкeтінің ғылыми-пeдaгoгикaлық нeгіздepін мeңгepуі — мaңызды мәceлeлepдің бipі.

Бiлім бepудің ұлттық жүйeci өтe мaңызды,  қapқынды өзгepіcтepдің caтыcындa тұp. Қaзіpгі кeздe   қoғaм дapынды, қaбілeтті aдaмдapды қaжeт eтeді. Coндықтaн дa қaзіpгі уaқыттa мaмaндық aтaулының бapлығы дepлік бeйімділікті, eптілікті, epeкшe oй қызмeтін ғaнa eмec, мeктeп ұжымынaн үлкeн жaуaпкepшілікті, қызу бeлceeнділікті тaлaп eтeді, aл қaзіpгі мұғaлім: пeдaгoгикaлық үpдіcтe жүйeлі жұмыc жүpгізe aлaтын,  жaңaшa oйлaу жүйecін мeңгepe aлaтын, оқушылapмeн opтaқ тiл тaбыca aлaтын, білімдi,жан-жақты, icкep, шeбep бoлу кepeк;

Қоғамныңөзектімәселелерініңбірі–әлеуметтік, экономикалықөзгермеліжағдайлардаөмірсүругедайынболыпқанақоймай, соныменқатароныжүзегеасыруға, жақсартуғаигіықпалететінжекетұлғанықалыптастыру. Мұндайтұлғағақойылатынбіріншікезектегінақтыталаптар–шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, тереңбілімділік, кәсібисауаттылық. Бұлталаптардыжүзегеасыруүшіноқушыбілімінбағалаудамүлдемжаңабағыттажұмысістеуқажеттілігітуындайды.

«Бағалау не үшін керек?» деген сұраққа дәстүрлі оқыту жүйесінде  «Оқушылардың білімін тексеру үшін » деген жауап беріледі, өйткені  мұнда бағалауды мұғалім тарапынан оқушының білім деңгейін анықтау деп қарастырылады. Осы тұрғыдан мұғалімдер өз әрекеттерін сабақта оқушылардан берілген сұрақтарына ауызша жауап алумен немесе тест қабылдаумен шектейді. Алайда мұндай тексеріс көп жағдайда оқушылардың есте сақтау қабілетін ғана анықтап, олардың не үйренгендігін, білімділігі мен біліктілігінің жалпы деңгейін айқындамайды. Бұған қоса бұл жерде «бағалау» ұғымы «баға қою» ретінде қабылданады, ал мұндай түсінік бағалаудың мазмұны мен барлық ерекшеліктерін айқындамайды.

Бағалау бірінші кезекте білімнің сапасын айқындау үшін қажет. Егерде біз өз жұмысымызда елеулі табыстарға қол жеткізгіміз келсе, онда өткен уақыттағы және қазіргі нәтижелерімізді анықтауымыз керек, яғни жұмысымыздың оң жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оны бағалауымыз қажет.

Алексеенко Е.А. «Коллеги-педагогический журнал Казахстана» журналында дәстүрлі бағалау туралы былай деп жазады: «Оқушы жұмысына баға қойғанда мұғалім нені бағалайды? Тек үйреткен нәрсені ғана бағалауға болады. Мектеп не нәрсеге үйретеді? Оқушыға ересек өмірде қажетті нәрселерге. Балаларға теориялық білімдер қажет, сол себепті біз оқушыларды пән бойынша білім, білік, дағдыларға үйретеміз, содан кейін олардың жұмысын дұрыс және бұрыс жауаптарды салыстырып, шешілген есептер  мен жіберілген қателердің санын ескеріп баға «шығарамыз». Бағалаудың мұндай жүйесі мұғалімнің оқу материалын түсінікті түрде ұғындырып, ал оқушының оны жақсы сіңіріп және есте сақтауына негізделінген оқытудың дәстүрлі әдісіне жақсы бейімделінген.

Ал егер бағаланған жұмыс шығармашылық, зерттеу, іздену жұмысы болса? Не авторы өзіне маңызды проблемаға жаңашыл, соны көзқараспен қарайтын, өзіндік ішкі логикаға ғана бағынатын жұмыс болса? Бүгінгі күні мектеп осындай жәйттерге де үйретуі керек: проблеманы көре білу, мақсат қою, жоспар құрастыру, оны жүзеге асыру, өз жұмысын талдау, қорытынды жасау, жұмысын жақсарту жолдарын қарастыру, болашақты болжау… Мүмкін үнемі өзгеріп отыратын, тек академиялық білімдерді иемдену жеткіліксіз болған әлемде оқушылар үшін осы мәселелер ең маңызды болып табылатын шығар. Бүгінде  оқытудың әрекеттік технологияларына деген қызығушылықтың өсу себептерінің бірі осы: әрекеттік технологиялар бағалауды жаңа тұрғыдан қарастырады, оған басқа мағына береді. Мәселен, зерттеу жұмысын дәстүрлі жүйесі көмегімен қалайша бағалауға болады? Үздік немесе әлсіз деп қандай жұмыстарды санауға болады? Балалардың кез келген жобасын салыстырып, оның жақсы не жаман екендігін білуге болатын жұмыстың үлгісі жоқ » .

Сабақ барысында қадағалау мен бағалауды үздіксіз түрде жүзеге асыру мүмкіндігі мұғалімдерде көп емес. Шындығында да мұғалім 45 минут ішінде оқушылардың барлығының да қалайша үйреніп жатқандығын, олардың әрқайсысының түсінігі қандай дәрежеде екендігін білу-өте қиын. Сондықтан  бағалауға оқушыларды белсенді қатыстыру қажет. Бұл арқылы оқушылар өзін-өзі және бір-бірінің білімдері қандай дәрежеде  екендігін анықтап, үйренуге қандай өзгерістер енгізу керектігін анықтайды. Осылайша оқушылар талдау және рефлексиялау дағдыларын қалыптастырады, өзіне өзі есеп беру арқылы үйренудің нәтижелерін бағалайды: «Не үйрендім?  Қалай үйрендім? Не үйренгім келеді? Үйренуімді қалайша жақсарта аламын?» деген сұрақтарға жауап береді, өз жұмысы мен үйрену деңгейін басқалардың әрекеттері мен үйренгенімен салыстырады.

Сонымен бүгінде бағалау тек мұғалім тарапынан жүзеге асырылмай, оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалау жағына ойысқан. Әр сабақта оқушылар өзінің және өзгелердің әрекеттері мен білім деңгейіне талдау жасап, оларға баға беріп отырады. Алайда оқушы олардың жақсы болған/болмағанын қайдан біледі? Сондықтан да бағалау жасау үшін оқушы өз жұмыстарын мен білімін қандай да бір үлгі, эталондармен салыстыруы керек. Ал салыстыру жасау үшін осындай эталондар туралы хабардар болуы керек. Ол үшін эталондардың критерийлерін анықтап, оларды жан-жақты сипаттап, нақты көрсету керек. Бұл мүмкіншілікті критериалды бағалау береді.

Қазақстанның орта білім беру жүйесіне жүргізілген ЭЫДҰ шолуының негізінде оқушылар үшін бағалауды барынша әділ және анағұрлым мәнді ету мақсатында барлық бастауыш және орта мектептерде критериалды бағалау моделі енгізіліп отыр.

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің (Глейзердің енгізген ұғымы, 1963) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі бағаланатын топтың үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшеленеді.

Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ).

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді,балл не баға қоймастан-ақ оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.Мұғалімдер оны оқуды өлшеу үшін және алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.

Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол

қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Оқу

бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады.Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады. Әр тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалау кезінде мұғалімнің шешімі анық болу үшін тапсырмалардың дескрипторлары дәл, нақты болуы қажет. Бұдан басқа дескрипторлар білім алушыға тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындық туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы кері байланыс беруге жағдай жасайды.

Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған

нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, онда тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі болуы мүмкін: диктант, мазмұндама, эссе, тест, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б.Бағалау нәтижелерін мұғалім, білім алушының оқудағы ілгерілеуін бағамдау үшін қолдануына болады. Ол үшін мұғалім нәтижелерді, кері байланысты білім алушыны оқуға ынталандыратындай түсінікті етіп, өзінің нәтижесі бойынша ойлануына мүмкіндік беру қажет. Мұғалім тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын қаншалықты тиімді меңгергенін, қандай дағдыларды игергенін талдау үшін қолдануына болады. Сонымен бірге мұғалім үшін аталған ақпараттың келешекте қалыптастырушы бағалау кезінде оқу үдерісін жоспарлауға көмегі болуы мүмкін.Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация жүргізіледі.Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір тәртіппен жүргізіледі.

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының  белсенділігін арттыра отырып, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке,  нәтижеге жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан  көз жеткізуге болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *