Балабақша-болашақ білімді ұрпақтың кепілі

Рахова  Венера

.Кіріспе.

1.Балабақша –болашақ білімді ұрпақтың кепілі.

II.Негізгі бөлім.

1.Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану-сапалы білім негізі.

2.Көркем әдебиет пен драма сабақтарында жаңа технологияны тиімді пайдалану үлгілері.

III.Қорытынды.

1.Жеке тұлғаны дамытудағы  бағдарламаның ерекшеліктері  мен нәтижелері.

«…Адамзат үшін XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ,ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып,өмірге енгізу,игеру және жетілдіру –бүгінгі жас ұрпақ,сіздердің еншілеріңіз…Ал жас ұрпақтың тағдыры –ұстаздың қолында»

Н.Назарбаев

I.Кіріспе.

«Балабақша –болашақ білімді ұрпақтың кепілі»,-демекші  қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі –мемлекетіміздің басты саясатының  бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін,оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап,білімге,бүкіл оқу –әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру –бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Ұстаз өз білім-білігін,оқытудың әдіс –тәсілдерін үнемі жетілдіріп  отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.Соңғы жылдары елімізде экономикалық өсіп-өркендеуіне орай,білім беру саласында елеулі өзгерістер жүргізуде. Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс –тәсілдер жасалды. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп,білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде.Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр тәрбиешінің алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп өзінің шеберлігіне орай таңдап алынады.Олай,болса  тәрбиешілердің алдында тұрған бірден –бір мақсат,   балалар алған білімдерін пайдаға асырып,өзара әрекет ете алатын,ұлттық құндылықтарды меңгерген жеке тұлға тәрбиелеу.

II.Негізгі бөлім.

Бүгінгі таңда басты мәселе,қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалана отырып,өздіктерінен ойлана алатын,ізденгіш,шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны тәрбиелеу тиімді.Кешегі мен бүгінгіні салыстыра айта білудегі қабілеттерін шыңдауда тәрбиешінің атқарар жүгі ауыр.«Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес,ол үнемі жетілдіруді қажет ететін,үнемі жаңаны табатын өнер»,-дегендей сабақ беруді өнер деп бағалау тегін емес.Соның ішінде көркем әдебиет  сабағы –асыл өнер сабағы.Тәрбиеші балаларды білім жүйесімен,іскерлікпен,дағдымен  қаруландырып қана қоймай,олардың танымдық,шығармашылық қабілетін дамытады.Бүгінгі таңда технологиялар өз қолдауларын  тауып,оқу үрдісінде қолданылуда.Технология-бұл қандай да бір жұмысты,өнерді шеберлікпен іске асыру жиынтығы. Білім беру жүйесін жетілдіруде әлем деңгейіндегі интерактивті технологияларды оқыту үрдісіне енгізе отырып ,жан –жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру әр тәрбиешінің басты мақсаты. Осы бағытта өзім қолданып жүрген жаңа технологиялардың элементтерін  қолдана отырып,жақсы нәтижеге жеткен өз тәжірибемен  бөлісуді мақсат етіп отырмын.Мен өз тәжірибемде балаларға қауіпсіздік ережесін түсіндіру мақсатында «Өрт -тілсіз жау»атты шара ұйымдастырдым.Негізгі көздеген мақсатым өмірдегі кездесетін әртүрлі келеңсіздік жағайлардан балаларды қорғау үшін алдын-ала өткізіліп жатқан іс-шара деп есептедім. Осы шарада триз технологиясының элементтерін пайдалана отырып, балаларға оттың  жақсы –жаман жақтарын  «Ормандағы өрт»ертегісін сахналап көрсетуден бастадым.Балаларға оттсыз тіршіліктің өзі жоқ екенін түсіндіріп,бірақ отты дұрыс пайдаланбасақ, «от тілсіз жауға»айналатынын сахналық қойлым арқылы көрсеттім.Қойылым барысында орманда тұратын қоян азығы таусылып,тамақ алып келуге кеткенде, кішкене көжек аш болып жылап, ағасына қарным ашты тамақ пісіріп берші,- дейді. Апасы анамыз отқа жақындамаңдар деп, -кеткен еді деген сөзін тыңдамай сіріңкені ұстағанда, жанған сіріңке  абайсызда қолынан  жерге түсіп кетіп үйшігін отқа орап алады. От құшағына оранған қоянның үйін көрген аю 101 нөмеріне қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақырады.Өрт сөндірушілердің арқасында көжектерде, орманда аман қалды. Балалар сұрақтарға  жауап бере отырып,өздері білетін мақал-мәтелдерін,от туралы тақпақтарын айтып берді. Шараға Мұнайлы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Байдуллаұлы Дәурен, өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері Байжігитов Серік, Асанұлы Самат, Қонысбай  Абзал қатынасып, ата-аналарға және балаларға түсінік жұмыстарын жүргізді. Шара барысында балаларға өрт сөндіру әдістерін және авариялық-құтқару жұмыстарын  жүргізіп көрсетті. Балалар өртке қарсы қызмет, өрт сөндіру  техникасы  жайлы қызықты сұрақтар  қойып, оларғажеткілікті жауаптар алды және өрт сөндіру  машинасын қызығушылықпен  қарап,каскаларды және де әр түрлі  жабдықтарды кміп ұстап көрді.Өрт сөндірушілермен бірге өрт сөндіру дұрыс қолдануды үйреніп,өртті дер кезінде қалай дұрыс сөндіру керектігімен тәжірибе жүзінде  балалар оқпаннан су беру арқылы танысты.Балалар төтенше жағдайлар мамандарының жұмысымен танысып, өрт сөндірушілердің жауынгерлік киіміне  аса қызығушылық танытты. Балаларға өрт сөндіру бөлімінің тарихы жайында айтылып, өрт сөндіру көліктерімен  таныстырды, сондай-ақ  өрт сөндірушілердің жаттығу алаңы,өрттік –техникалық жабдықтары көрсетілді. Шараға келген ата-аналарда балаларының қойған қойлымына өте риза болды. Әсіресе, бақа рөлін сомдаған балалардың ата-аналары балаларының келешекте өрт сөндіруші болғысы келетін естіп,балаларының мамандық таңдап алғандарына мәз болысып алғыстарын айтты.

III.Қорытынды.

Жеке тұлғаны дамытудағы    бағдарламаның   ерекшеліктері мен нәтижелерін.Баланың   дербес ерекшелігі тәрбие процессінде, даму кезеңінде байқалады. Дербес  ерекшеліктерге түйсік,қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адамның  бойындағы мінез-құлық,темперамент,қабілет  жатады. Жүйке жүйесінің типтік   қасиеттері–адамның  мінез-құлығының,темпераментінің,қабілетінің табиғи негізі.

Тәрбиеші   балалардың  жеке ерекшеліктерін  жете  білуі қажет. Нерв жүйесіне  байланысты   темперамент   типтерін  басшылыққа  алмай, тәрбие процесін  психологиялықнегізде ұйымдастырып, іс жүзіне асыру мүмкін емес. Жеке  тұлғаның дүниені сезгіштігі  және қабылдағыштығы темпераментке  тәуелді.Жеке  қабілеттерінің   дамуы  жеке тұлғаның  табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты.Әрбір тұлғаның  қасиеттерін қалыптастыру мен жеке ерекшеліктерін дамытуды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Жүйке  жүйесіне  байланысты  темперамент  типтерін  басшылыққа алып отыру керек. Темперамент  деп жеке тұлғаның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында темперамент 4 типке бөлінеді:холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик.

Сангвиник баланың іс-әркекетін  бақылап, берген тапсырманың орындалуын  қадағалап отыру керек. Меланхоликті белсенділікке,ынтымақтастыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеген жөн.

«Көктен биік дегеім-шәкірттің көңілі!»-деген Балабидің  сөзі өз ойыммен үндеседі. Ақиқат  шындықпен іштей  бірлік тауып, үйлесімді жұмыс жүргізілсе,сонда ғана болашақ жүгін арқалаған ұстаздар қауымына еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *