Мектепке дейінгі балалардың ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту

Карабалева Айнұр

1 Кіріспе

Мақсаты міндеті.

2 Негізгі  бөлім

Кірісе .Ойын-ойды өсіреді.

Дидиктикалық ойындардың тәрбиелік мәні.

Сөздік қорын дамытуда қолданылатын дидиактикалық ойындар.

3 Тәжирибелік бөлім

4 Қорытынды

5 Қолданылған әдебиеттер

Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.Кеңестік А.С Макаренко : “ Балаланың ойынға деген құмарлығы бар,сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек.Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай ,сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет.Оның барлық өмірі ойыннан тұрады.” Деген пікір өз еңбегіде атап өткен.

Ойын-балалар үшін күрделі әрекет,ол білімді,ақылды  ұйымдастырылуды қажет етеді..Ал білімді бала қайдан алады.?Оған бала  ойын арқылы өзі үйренеді,үлкендер де, үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты,жоспары,арнайы заттары ,т.б көптеген ерекшеліктері болады.

Ойын-балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала  өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейін қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын ,дүниетанымын кеңейтеді,мінез-құлқын, ерік –жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса , өскенде еңбекті де сондай болады.

Ойын – адамның өміртанымының  алғашқы қадамы.Жас сәбидің өмірі , қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстіне қалыптасады.Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді,ізденімпаздықты ,тапқырлық  әрекетім ( сезіну, қабылдау,ойлау,зейін қою)ерік арқылы байқалады.

Түрлі психологиялық  түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді.Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады.шабытандыратындай ,ойын  оятарлықтай нәрлі болуы керек.

Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сыры егжей-тегжейлі білуді  баланың санасына ойын арқылы  жастайынан  сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатыменегіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.Мектепалды даярлық тобында балалар ойын  арқылы сабқтың сапасын арттыруға толық мүмкүншілік бар.

Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып ,ойнай білуге ,ойын ережесін сақтауға ,әрі оларды ойната  отырып ойлануға  бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін,қиялын дамытады. Заттармен ойнатылатын ойындар “ Ғажайып қапшық” , “Қай ағаштың жапырағы?” т .б

Үстел үсті ойындарды ұйымдастыруда  домино ,лото ,суреттер қолданылады.Мысалы : “Суретті құрастыр,” “Қандай затқа ұқсайды”

“ Қандай түс”, “ Кім тез жинайды”, “ Әдемі гүл”, “Бейнені құрастыр” т.б

Ойындарды қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру сабағында пайдалану балалардың алған білімін күнделікті өмірімен ұштастыруға қолайлы.Ойын сабақтың мазмұнын байыта балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. “ Санамақ” , “Он саусақ” өлеңдерін жаттатып , мазмұнын түсіндіру арқылы балалардың тілін ұстартып, логикалықой-жүйелерін қалыптастыруға болады.Балалардың белсенділігін  арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түлендіріп өткізу орынды.

Ойындарды үнемі пайдалану арқылы балаларлың ауызша есептеуге жаттығуына логикалық ой-жүйелерін жетілдіруге, түсінуге толық мүмкүншілік бар .Олардың қатарына  халық ойындарын жатқызуға болады.Атап айтканда , “ Қай қолымда ?” “ Қанша тұяқ” , “ Неше жапырақ?” т.б. Ойын баланың алдында есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін оятып,бүкіл өмірін ұштаса береді.Сонымен қатар ,ойын-тынысы кең,  ойдан-ойға жетелейтін қиялы мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе ақыл –ой

Жетекшісі ,денсаулық кепілі, өмір тынысы.Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып ойнай білуге ережесін сақтауға,ойнауға бағыттау,ойынға қызықтыра отырып  зейін, қиялын дамыту және  қозғау, белсенділігін арттыру болып саналады.Балалардың ой-өрісін дамытатын “Санамақ” ойыны.Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілеті  жектілдіру. Атау ұйқастарын  санау арқылы  бала сан  үйренеді, санға ұқсас  заттарды  танып біледі.

Бір дегенім-біреу

Екі дегенім-егеу

Үш дегенім- үкі

Төрт дегенім- төсек т.б

Балалардың ой  белсенділігін ,саналы ойлана  білуін дамыту жетілдіру-дамытуға  дағды мен шеберлікті  меңгеруге,қиындықты жеңуге , төзімдікке баулиды.

Балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға сөз  жұмбақ,ребус “ Ұйқасын тап” ойындарының әсері мол. Мысалы , “Ұйқасын тап ” ойыны  арқылы балалардың білсем  деген ұтымы артып ,қызығып ,белсенділігін танытады.

  1. Өзінше қоян,

Қорыққан кім? (қоян)

2 .Тұмсығымен  шымшып ,

Құрт тереді (шымшық)…( шымшық)

  1. Бата алмас түлкі ,
  2. Өңеші кең таңдайын,

Дәнге тосты …..( комбайн)

Қазақтын ұлттық ойындарын қолдану. Мысалы, “ Сақина салу” , “ Ақсүйек” т.б

Ойындардыңтиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің  көңіл-күйінеде байланысты болады.Әр ойындар өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет.

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінде  балалармен  өткізілетін математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру.

Іс-әрекетте ойынның мынадай түрлерін пайдалануға болады.

  • дидиктикалық ойындар-логикалық ойлауын,математикалық қабілеттерін дамыту.
  • Санға байланысты санамақ,жаңылтпаштар, жұмбақтар-балалрдың сандардытанып білуін,тілдерін жаттықтыру,есте сақтауын,ойлау қабілетін дамыту.
  • Математикалық сергіту сәттері –кеңістікті бағдарлау ,қимыл-қозғалысты дамыту.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер :

1 Артемова Л.В . Дидактикалық ойындар.

2 Богуславская З.М ,. Смирнова Е.О Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дамыту ойындары.-М.,1996

3 Дүйсенбай Е. Санамақ.- А., “  Ана тілі ”

4Колесникова Е.В. 3-4и жас балаларына арналған математика.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *