Бәйшешек
Баймағамбетова Ұлмекен
Мақсаты:
1.Білімділік. Балаларға көктем мезгілінің ерекшелігі туралы түсіндіре отырып, бәйшешек гүлінің суретін салуды үйрету.
- Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік: Балаларға суретті әдемі етіп бояуға, эстетикалық тірбие беру.
Керекті құралдар: Сурет, компьютер, тіс пастасы, плакаттар, құстардың суреті.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, бағалау.
Барысы:
Шаттық шеңбері:
Күлімде күн күлімде
Жер жасарып көгерсін
Кешегідей бүгінде
Жайнап өссін бәйшешек
Ізденуші ұйымдастырушы кезеңі:
Жұмбақ
Жаңбыр, жаңбыр жауасын
Жанымызға дауасың
Біз ойнайтын ауланың
Тазартасын ауасын (Көктем)
-Балалар көктемде неше ай бар?
-3 ай бар
-Қандай айлар?
– Наурыз, сәуір, мамыр айлары
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Күн жылынады.
-Балалар көктем туралы кім тақпақ біледі?
-Қане кім айтады?
Жасұлан:
Шалғында құлпырған
Гүлдерден аумаймыз
Ілгері ұмтылған
Осы біз қандаймыз
Гүлдерден аумаймыз
Асыр сап ойнаймыз.
Тоғжан:
Жайқалып жапырақ
Құлпырып бәйшешек
Тұратын көз тартып
Жаз келді күн шуақ.
Ұлжан:
Көбелек бір-гүл де бір
Қызыл-жасыл күллі өңір
Аспан төрі ақша бұлт
Бау бақшада барша жұрт.
Бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу-қызметіміздің тақырыбы бәйшешек.
-Балалар көктемде шығатын ең алғашқы гүлдер бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ, қызыл гүлді- қызғалдақ, сары гүлді- сарғалдақ. Ал балалар көктемде ең алғашқы көктейтін гүлді-бәйшешек.
Бәйшешектің 3 түрі болады қызыл, көк, сары.
Ғазиза:
Жыршы құстар көп келді
Гүлдер жапты бөктерді
Кел, балалар бәріміз
Қарсы алайық көктемді
-Балалар ненің даусы шығады?
-Құстың даусы
-Қандай құс?
-Торғай
-Балалар, торғай бізге қандай тапсырма әкеліпті?
-Қане, бәріміз көрейікші
-Балалар, торғай бізге бәйшешектің суретін әкеліпті қане, бәріміз әдемілеп, тіс пастасымен салайықшы. Бәйшешектің гүлі -ақ жапырағы жасыл, ал пішіні сопақша. Суретті біз тіс пастасымен бояймыз.
Сергіту сәті:
Күнге тосып арқасын
Шуақтайды тау-тасың
Қар астынан қылтиып
Шыға келді бәйшешек
Қорытынды: