Оқу мақсаты, сабақ мақсаты, дескриптор арасындағы байланыс
Қилыбай Ақнұр Орынбекқызы
Күні: 17 қаңтар 2018 жыл | |||
Коучинг тақырыбы: | Оқу мақсаты, сабақ мақсаты, дескриптор арасындағы байланыс. | ||
Мақсаты: | Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ құрылымындағы оқу мақсаты, сабақ мақсаты, критерий мен дескриптордың байланысын ұғына білуге және сабақ құрылымдауда пайдалана білуге бағыттау. | ||
Түйінді идея: | 1. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» | ||
Күтілетін нәтижелер: | Мұғалім:
Сабақты сауатты құрылымдауға бағытталады. Сабақ мақсатын құрылымдағанда ойланады. 1. Дескриптордың жұмыс жасау қадамдары екенін нақты түсінеді. |
||
Сергіту сәті | «Көңілді күн» 1 мин. | ||
Топтарға бөлу | «Сабақта қолданылатын әдістер түрлері арқылы
І топ: Топқа бөлу әдістері ІІ топ: Белсенді әдістер ІІІ топ: Бағалау әдістері ІV топ: Рефлексия әдістері» 3 мин. |
||
Ой шақыру | Мақсатқа жету туралы видеоролик көрсету (ойларын сұрау).6 мин
Критериалды бағалау туралы мәлімет 4 мин. |
||
Тапсырма: | Коуч мұғалім | Қатысушы мұғалімдер | |
(топтарға жалпы мақсат беріледі. Әр топ жалпы мақсаттан өз мақсатын шығару, және дескриптор құра білу)
15минут |
І топ:
Жалпы мақсат: Үйдің бір бөлмесінің жөндеу жұмысы. Өз мақсаты: Дескриптор: ІІ топ: Жалпы мақсат: Саяхатқа шығу. Өз мақсаты: Дескриптор: ІІІ топ: Жалпы мақсат: Сән салонына бару. Өз мақсаты: Дескриптор: ІV топ: Жалпы мақсат: Ашық сабаққа дайындалу Өз мақсаты: Дескриптор:
|
Қатысушылар бір-бірімен ақылдасып, берілген тапсырманы орындайды. | |
Кері байланыс
3 мин |
Кері байланыс парағы | Әр қатысушы коучинг туралы сұрақтарға жауап береді. | |
Рефлексия
3 мин |
Жеміс жинау әдісі | Берілген жемістерді коучингтің өту деңгейіне қарай жинайды(жақсы, өте жақсы, қызықты, қызықты емес, нашар). | |
Ресурстар: | Презентация, постерлер, стикер, фломастер, интерактивті тақта. | ||
Қосымша оқуға: | Осы тақырып бойынша қосымша материалдар оқу,интернеттен іздеу | ||