“Жомарт күз”

Соңбергенова Алмажай

Сабақтың мақсаты:       Балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру. Балаларды жемістер мен көкөністерді күтіп баптауға, түр-түсіне, дәміне қарай ажырата білуге,  табиғи ерекшеліктерін көре білуге үйрету. Тілдерін дамыту, табиғатты  сүюге, айналаның  ластанбауына

                                      үлес қосуға   тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер:         1.  Жомарт күз суреттері,  картиналар жемістер мен көкөністер суреті,слайд,презентация.  Жапырақтар,  күз көрінісі.

 

Әдіс-тәсәлдер:               Түсіндіру,  көрсету,  әңгімелеу,  сұрақ-жауап, дидактикалық-ойын,  тақпақ.

 

Ұйымдастыру кезеңі:  Балаларды шеңбер жасап тұрғызу.

                                         Балалар қараңдаршы біздің «Күншуақ» тобына,  сабағымызға қатысуға көптеген қонақтар келіпті.

Кәнеки балалар қонақтармен дұрыстап амандасайық.

  • Сәлеметсіздер ме!
  • Балалар біз осы таңертең далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз, төменнен  не көреміз?
  • Жоғарыдан- аспан, күн,  бұлт.
  • Төменнен- жер,  су,  шөп.

Олай болса балалар ендеше біз осы көк аспанға,  алтын күнге, Жер анаға

амандасып көрейікші.

Біз күнді көргенде қуанамыз ба?

  • Қуан шаттан алақай
  • Қ уанатын келді күн
  • Қайырлы таң көк аспан
  • Қайырлы таң алтын күн
  • Қайырлы күн Жер ана
  • Күліп шықты күн бүгін.
  • Сәлеметсіз бе?

Жарайсыңдар балалар орнымызға жайғасайық.

  1. Балалар айтыңдаршы біздің Отанымыз, еліміз қалай аталады екен?
  • Қазақстан.

Ал,  Қазақстанның  рәміздері қандай?

Білесіңдер ме?

–  Ту,  Елтаңба,   Әнұран.

Біздің тудың түсі қандай?

–  Көгілдір.

Дұрыс айтасыңдар,  жарайсыңдар.

Ту туралы  кім тақпақ біледі екен?

 

Әсемай:    Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

 

Әлижан:   Ұланымын,  халқымның

Ұлы істерге талпындым

Тыныштықтың дәміндей

Тауымдағы алтын күн.

Сабақ  жүрісі:

Балалар біз бүгін қызықты сабақ өтеміз.

Сабағымыздың тақырыбы «Жомарт күз» деп аталады.

Біз бәріміз күз көрінісінен суретке қарайықшы

  • Қандай қызықты сурет қараңдаршы.

Бұл күз мезгілінің көрінісі.

–   Балалар:    1.-  Қазір  жылдың қай мезгілі? күз

2.-  Неше жыл мезгілі бар?   Төрт. Қыс,  көктем,  жаз,  күз.

3 –  Күзде ауа-райы қандай?  Суытады

4 –  Күзде бау-бақшада не піседі?   Жемістер.  Өсімдіктер

5 –  Жапырақ қандай түске енеді?  Сары , қызыл,  жасыл

6 –  Күзді адамдар «Жомарт күз»  деп неге атайды?

Біз осы күз туралы суреттен қарап  түсінеміз .

  1. Бұл күз мезгілі
  2. Күзде табиғат өзгереді. Жапырақтар сары,  қызыл жасыл түске енсе,  ал шөптер қоңыр,  сарғыш,  қызыл, сары түске енеді.  Күн біртіндеп қысқарады.

Жауын-шашын көбейеді.  Күн суытады.  Адамдар жылы киімдерін кие бастайды.  Құстар жылы жаққа  ұшып кетеді.

  1. Күзде жемістер, көкөністер,  бақша дақылдары піседі.
  2. Жемістер мен көкөністерді егіншілер теріп алады.
  3. Күз жылдың берекелі мезгілі.

 

Біз осы  күз туралы,  жемістер,  көкөністер  туралы айтып отырған сияқты.

3.-  Балалар!  Біз осы күз туралы,  жемістер, көкөністер туралы

тақпақтар білеміз бе?  Кәне,  шығып айтып көрейікші!

Апайлар естігісі келіп отырған сияқты.

 

  • Білеміз?

Күз.

  1. Нұржан: Күзім-ау,  күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау

 

 

 

  1. Ақжүніс: Күз келді, әне күз келді.

Жеміспен сыйлап біздерді.

Сызылтып ән айтады

Ертең-ау құс қайтады.

 

  1. Жемістер туралы кім біледі екен?

 

  1. Қарақат:            Мен шиемін,  шиемін

Піскенше тон киемін

Бала келсе қасыма

Басымды мен иемін

 

5.Аружан:              Мен  алмамын, алмамын

Таңдай жұлар бал дәмім

 

6.Дария                    Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын ел жұрттың

 

Ануар:                        Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатта көрікпін

 

Ернар:                         Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім

 

Ақниет:                      Мен бананмын, бананмын

Тойдың сәні болармын

 

Жарайсыңдар балалар! Өте жақсы айттыңдар. Балалар біз шаршаған болармыз. Сергіту жаттығуын жасайық.

Орнымыздан тұрайық

Алақанды соғайық

Бір отырып бір тұрып

Бір тынығып  алайық

Оңға солға бұрылып

Бір тынығып алайық

 

Біраз сергіп қалдық-ау деймін. Олай болса балалар барлығымыз үстелдің үстіндегі қағаз бен әртүрлі қарындашты аламыз да, жемістер мен көкөністердің суретіне қараймыз,

Жемістер мен көкөністердің ішін толтырып , дөңгелектен шығып кетпей түсіне қарай бояймыз. Балалар жеміс пен көкөністі жақсы тауып бояған екен,

Әсемай балалар қалай тауып бояған екен. Сен айта қойшы . Кім жақсы бояпты

Балалар осы «Жомарт күз» тақырыбына байланысты «Бұл не және қандай ?»деген қызық ойын ойнаймыз.

Ойынға 1-ші топтан 3 бала

2-ші топтан 3 бала қатысады,

Ойын шарты себеттегі көкөністер мен жемістердің ұнағанын таңдап аламызда пішінін, түсін, дәмін, қайда өсетінін,қай мезгілде пісетінін тауып айтамыз.

Балалар ойынды сабақтың соңында жалғастырамыз.

 

                                   Қорытындылау

Біз бүгін «Жомарт күз» туралы не үйрендік? Қәне айтыңдаршы

  1. Қазір жылдың күз мезгілі болды
  2. Күзде күн суытады, жауын көбейеді
  3. Күзде бақшада жемістер, көкөністер пісіп, жапырақтар сары , жасыл, қызыл түске енеді.
  4. Күз жылдың берекелі мезгілі

Балалар сабақ аяқталды . Біздің «Күншуақ» тобы сабаққа жақсы қатысты, Сау болыңыздар балалар.

Келесі сабақты да осылай қызықты өткіземіз. Балалар апайларымызға сау болыңыз айтайықшы.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *