Қазақстандағы спелеотуризмнің дамуы

Жүніс Ұлжалғас Жүнісқызы

Туризм саласын дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейшілік мәселелерін де шешуге болатындығын, яғни  экономикалық өрлеуде еліміздің дамуы үшін туризмнің қаншалықты маңызды сала екені аталып өтілген болатын. Спелеотуризм – үңгірлерде, әр түрлі жер бедерінің күрделі лабиринттер  жағдайында өтетін, үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы, табиғи жорықтың болуымен сипатталатын жұмыстарды ұйымдастыру. Өз бойында тау және су туризмі техникасы элементтері мен құрал-жабдықтарын біріктіреді. Сондықтан арнайы дайындықты талап етеді.Спелеотуризм өзге мемлекеттерде дамығанымен, бірақ Қазақстанда кенже дамып келе жатқан туризм саласы. Мысалы, «Қызықты мың үңгірлі» аттанған Израильді спелеотуризмнің дамыған орталығы деп айтумызға болады. Қазақсатанда спелеотуризм ресурстары, яғни үңгірлер саны көп болғанымен, дамыған спелеотуризм ошақтарын табу қиын. Дегенмен де, бұл саланың дамуының экономикалық маңызы зор болар еді. Бұл сала зерттелмеген үңгірлерді ашуға,  дамытуға және де жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, спорттық туризмнің бір саласы болып табылатын спелеотуризм экстрималды жаны қалайтын жастардың сұранысын арттыруда. Соңғы уақытта спелеотуризм спортшылар және туристер арасында танымал болуда [1].

Қазақстан жерінің таңғажайып табиғаты кез келген туристі қызықтырады. Сондай өлкелердің бірі Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Қазығұрт тауы. Қазығұрт тауы туристік ресурстарға өте бай,  солардың бірі спелеотуризм ресурстары.

Қазығұрт тауы географиялық орналасу орны, климаты, туристік ресурстардың көптігімен ерекшеленеді. Соның бірі спелеотуризмнің негізі – Үңгір әулие немесе Қазығұрт үңгірлері. Қазығұрт тауының Алмалық деп аталатын солтүстік шығыс өркешінде Үңгір әулиесі бар. Бұл киелі үңгір бөлме-бөлме болып кете береді. Оның ақыр соңы кәрі Сайраммен жалғасатын жер асты жолымен ұласады. Мұндағы үңгірлердің саны да, құпиясы да, тарихы да көп. Сонымен қатар, бұл үңгірлер жайлы «Тіршілік бастауы –Қазығұрт», «Наурыз –Қазығұрттан басталады», «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған» деген    аңыз-әңгіме, шежірелер бар. Сондай-ақ, киелі үңгірлердің көптілігімен қатар, түрлі емдік қасиетімен де белгілі.

Дуние жүзіндегі ең танымал Флинт-Мамонтова (Аппалачи тауы, АҚШ, 563 км); Оптимистикалық (Подольская возвышенность, Украина, 207 км) және Еуропадағы ең үлкен “Красная пещера” ( 17 км) сияқты үңгірлер озінің әдемілігімен, тұздылығымен, мәрмәрлымен ерекшеленсе, Қазығұрт тауы үңгірлері шипалы суымен ерекшеленеді. Үңгір ішіндегі «Тамшы су» соған куә бола алады. Сонымен қатар, Қазығұрт тауының «Ұлы Жібек жолы» бойында орналасуы туризмнің дамуына негіз бола алады.

Қазығұрт тауында спелеотуризмнің дамуы әлемдік экономиканың мәселелерін шешумен қатар, әлеуметтік, экологиялық, сондай-ақ жеке елдердің ұлттық мәдениеті мәселелерін де қамтиды:

–       ішкі және кіру туризмінің дамуы

–       жалпы әлемдік экологиялық мәселелерінің және табиғатты қорғау салаларының шешілуі;

–       қоғамдық мәселелердің шешілуі (кедейшілік, жұмыссыздық)

–       ауыл шаруашылық өндірісінің әртараптануы және ауылдық аумақта табысты тауар және қызмет өндірісімен айналысу;

салауатты өмір салтын қалыптастыру;

Қазығұрт туралы жоғарғы тиімді  жарнама жасап, географиялық карталар, жақсы орындардың фотосуреттері, аңыз-әңгіме, шежіреге байланысты видеофильмдер түсіру, буклеттер мен брошюралар жасап, шоулар ұйымдастырып Қазығұрттағы спелеотуризмді дамытуға және бәсекелестіктің күшеюіне мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар, көшпелілер дәуірі, мәдениеті қайта жаңғырып, салт – дәстүр, әдет- ғұрпымыз сабақтасып, шетел туристерінің қызығушылығын арттырары сөзсіз.

Қазығұрт тауындағы туризмнің ерекшелігін және өзекті мәселелерін 2-кестеден көре аламыз.

Кесте 2– Қазығұрт тауында спелеотуризмді дамыту жолдарының мықты және әлсіз жақтары

 

                       Интеграцияның стратегиялық тиімділігі
Артықшылықтары Өзекті мәселелері
1 2
 «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының өтуі

 

Шетел азаматтары үшін визаның қымбаттылығы және келу визаларын тіркеу процедурасы. Кедендік процедуралардың күрделілігі
Қазығұрт тауының Ұлы Жібек Жолы бойында орналасуы

 

Маркетингтік жүйенің дұрыс дамымағандығы. Телекоммуникация торын, байланыс қызметтерінің әлсіз дамығандығы.
Қазығұрттың геосаяси тұрғысынан ыңғайлы жерде орналасуы;

 

Қазақстан жөнінде потенциалды туристерде ақпараттың аздығы. Жоғарғы тиімділікті жарнама жасау (географиялық карталар, жақсы орындардың фотосуреттері, видеофильмдер, буклеттер мен брошюралар

 

Келу туризмін кеңейту арқылы шетел валютасының Қазақстанға (Қазығұртқа) келуіне қол жеткізу;

 

Жоғары салықтық салымдар. Тұрақты сұраныстың болмауы.

 

Туристік ресурстардың молдығы (үңгірлер, емдік сулар т.б.) Туристік-рекреациондық объектілердің  моральдық және физикалық ескіруі

 

Туризм нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің артуы. Жеткізілім көлемінің және табыстың артуы. Кадрмен қамтудағы әлсіздік. Туризм саласында Қазақстан мамандарының тәжірибесінің аздығы.
Саяситұрақтылық пен экономикалық даму;

 

Тауар-транспорттық операцияларда маманданған басшылықтың болмауы.

 

 

Қазығұртта әзірге дейін спелеотуризмнің толық жүйесі жоқ. Сондықтан да, туристерді барлық керекті жабдықтармен, жарнамамен, сауда қызметімен, көлікпен, қонақ үйлерге орналастырумен, тамақтандырумен қамтамасыз етумен байланысты сұрақтар өз шешімін таппай отыр[3].

Қазақ жеріндегі тағы бір туристтерді молынан тартуға болатын тарихи құны жоғары, Бурабай көлінен оңтүстік батыста 0,5 км жерде, Ақмола облысының Бурабай ауданы жерінде орналасқан – Кенесары үңгірі. Үңгірге кіре берістегі қуыстың биіктігі 3 м-дей. Ол екі бөліктен тұрады. Оларды бір-бірімен тар қуыс жалғастырады. Екінші бөліктен сыртқа шығатын ауыз бар. Негізгі үңгір дөңгелек пішінді диаметрі 5-6 метр, биіктігі 1-3 метр. Үңгір ішіндегі температураның сыртқы температурадан айырмашылығы 2–3°С. Кенесары үңгірі «Бурабай» курортындағы туристер көп баратын орындардың бірі. Бұл тау Кенесары  Қасымұлының атымен байланысты. Қазіргі уақытта халық осы Кенесарының үңгіріне қызықтап келіп қарайды, сиынатындар да бар. Кенесары тарихта болған кісі. Елбасымыз ол туралы «Біздің нағыз батырымыз, ақырғы ханымыз» деп берген бағасы бар[4].

Маңғыстауда карстық, теңіз жағалық үңгірлер жақсы дамыған. 1915 жылы Э.Тейле деген зерттеуші Маңғыстау түбегінде Жыңғылды, Ұрыкеуек деп аталған екі үңгірді, сондай ақ Босаға, Сұмса, Қорғансайдағы үңгірлер туралы деректер жазыпты. Маңғыстаудың спеологиясы әлі де толық зерттелмегенімен 30- дан аса ірі үңгірлері белгілі. Олардың ішінде Булыойық пен Өтебай үңгірлері ұзындығымен, тереңдігімен ерекшеленеді.

Бұлардан басқа Үстірт пен Маңғыстау түбегінде белгілі үңгірлердің қатарына Өліқолтық, Қарашек, Тұзбайыр, Қарабауыр, Сағындық, Жазтұрлы, Қарамая, Борлымүйіс, Жыланды, Үшауыз және басқа да үңгірлерді жатқызуға болады. Үңгірлердің танымдық, туристік маңызы өте зор. Сондықтан да оларды зерттеп, насихаттау керек[5].

Қазақ жеріне  туристтерді тартуға болатын, тарихи жәдігерлерге бай үңгірлер арқылы шетелдік туристерді де тартуға толықтай мүмкіндігіміз бар. Алайда әлі де спелеотуризмнің дамуының жеткіліксіздігінің  себебі – туризмді дамытуға қажетті факторлардың ғылыми негіздемелерінің жоқтығы. Біліктілігі жоғары мамандарсыз спелеотуризм саласын дамыту мүмкін емес.

Спелеотуризм туристерді тартып, елге ұлттық табыс ретінде валюталық ресурстарды тартатын болғандықтан, оларға белгілі бір жеңілдіктер қарастырылуы тиіс.

Қазіргі міндет барды ұқсатып, көрікті мекендердің сұлулығын жарнамалау арқылы туризмнің Қазақстандық брендін қалыптастыру қажет. Сонымен қатар, көрсетіліп отырған бар туристік қызметтер түрлерін сақтай отырып, ішкі туризмді дамытуымыз тиіс.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2013ж.
  2. Б.Т.Суюндуков «Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс тәсілдер негізі бойынша» әдістемелік нұсқау, Ақтау, 2010 жыл- 7-8 б.
  3. KK. M.wikipedia.org.
  4. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы 4том, 1999 жыл.
  5. Қондыбай С. Маңғыстау географиясы. Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008 -68-69 б.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *