«Күзгі балл-2017»
Даутова Гулбану Сапиевна
Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту.Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.
Залға қолдарына жапырақ ұстап , музыка әуенімен балалар билеп кіреді.
Жүргізуші: – Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп
Тойға бөлеп елімді күзім келді.
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Құрметті ата-аналар, әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді. Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз,жылдың қай мезгілін алсақ та, табиғатты сүйіп,оны аялап күту- әрбір адамның міндеті, өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, бізде әрқашан көңілдіміз. Сондай көңілді шағымызда бүгін «Ботақан» тобы балаларының арасында «Күз ханшайымын»таңдап алмақпыз. Олай болса, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Әділ-қазылар алқасы: 1. Музыка жетекшісі – Болатқызы Толғанай
2. «Балапан» тобының тәрбиешісі- Аяпбергенова Райхан
3. Ата аналар комитетінің мүшесі- Нұржауова Индира
« Мен- елімнің ертеңімін» әнін аудандық, облыстық, республикалық ән -байқауларының жеңімпазы ,тобымыздың әнші қызы-Махсот Айеркемнің орындауында қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Кірпігі ине болып қадалды да,
Ұшқындап көрермендер жанарында,
Балбұл жанып сайыскерлер шықты ортаға,
Қол ұрмай қалған сірә,адам бар ма?-дей отырып, сахна төріне сайысқа қатысушыларымызды шақырайық.
1.Алибекова Аяулым Әділбекқызы 2.Сағидолла Ақмарал Ержанқызы . 3.Мирамбай Іңкәр Саматқызы 4. Хисметолла Жанерке Қуандыққызы 5.Бауыржанқызы Інжу 6. Ғалымжан Іңкәр Самғатқызы 7. Қамидоллаева Нұршат Нұртасқызы.
(Реттік номерлерін омырауларына тағу)
Бүгінгі сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсек:
1- кезең: Таныстыру,сәлемдесу рәсімі
2- кезең: «Кім ойға жүйрік?»(сұрақтарға жауап беру) 3- кезең: «Өнерің өрге жүзсін» (өз өнерлерін көрсету)
4- кезең: Сән үлгісі немесе шаш үлгісі(Әр қатысушының өз қиялына байланысты)
5- кезең: Берекелі дастархан (күзгі өнімдерден салат дайындап әкелу және оны қорғау)
Жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың 1-ші бөлімі таныстыруға кезек берейік.
1- кезең: «Таныстыру»
Әділқазылар алқасының сайыскерлерге берген ұпай санына назар аударайық.
«Күз– жомарт» әні орындайтын топтың ер балалары.
Жүргізуші: Білім аққан сел дейді, Бірақ оңай келмейді Ала білсең білім көп, Ақыл- ойға кел дейді. Білім ой мен арымыз, Рухани ол нәріміз. Сайыскерлер сіздерге Қол соғамыз бәріміз. 2- кезең: «Кім ойға жүйрік?» деп аталады. (Жасырылған конвертте сұрақтар берілген ,сол сұрақтарға жауап береді)
Жүргізуші: Қатысушыларымыз келесі кезеңге дайын болғанша топ тәрбиеленушілерінің мерекеге арналған өлең –шумақтарымен ортаға шақырайық. Күз айлары: Қыркүйек- Нұрқожа, қазан –Даулет, Қараша –Ерасыл
(Балалардың тақпақтары айтылады- Айеркем, Мейірхан, Адилия, Елжас, Сезім, Жансұлу, Іңкәр Т, ІңкәрҚ., Расим, Айлуна, Ерасыл З.)
«Қолшатыр» биі – бір топ қыздар «Жақсы көрем» әні- Қалимоллақызы Адилия
Жүргізуші: -Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде,сайысымыздың екінші бөліміне баға берсек . 3-кезең: «Өнерің өрге жүзсін»демекші, келесі кезең өз өнерін көрсету. 1. «Көбелек» әні – Алибекова Аяулым Әділбекқызы 2. «Көңілді күн»әні – Сағидолла Ақмарал Ержанқызы 3. Көркемсөз: Міржақып Дулатұлы «Ананың сүюі» Қамидоллаева Нұршат Нұртасқызы 4. «Балалық» әні – Бауыржанқызы Інжу
– Біздің сайыскерлеріміз сегіз қырлы, бір сырлы. Олар би үйірмесіне қатынасып, балабақшаішілік, аудандық, облыстық байқаулардан жүлделі орын алып жүрген, «Ай- керім-ай» бишілер тобының мүшелері-Хисметолла Жанерке, Мирамбай Іңкәр және Ғалымжан Іңкәрдің қатысуымен «Чарлстон» көңілді биі. (Әділқазылар алқасына бір ескеретін жайт- сайыскерлеріміздің өнерін бөлек-бөлек бағаласаңыздар. Әділқазылар бағасы) «Аспазшы» биі топтың ер балалары «Жау, жаңбыр» әні –Адилия, Ерасыл , Айеркем, Расим,Сезім «Алтын жапырақтар» биі- Жансұлу, Сезім, Адилия, Іңкәр.
Жүргізуші: Модельер болу оңай ма? Қиналып жатсаң мұңайма. Әр мамандық өзгеше, Өз мәнінде, шырайда – деп 4-кезең: « Сән үлгісі немесе шаш үлгісі». Төрімізге әсем әуен ырғағымен аруларымызды қошеметпен шақырайық.
Жүргізуші: Жақсы асын сақтайтын қонақтарға, Қашан келер, кім келер болжам бар ма? Ақ дәмін, ақ ниетін жайып салған, Кім жетер пейілі кең адамдарға! Ас мәзірін анасының қасында жүріп үйреніп жүретін қыздарымыздың дайындап келген салаттарына кезек береміз.
5-кезең: «Берекелі дастархан» (күзгі өнімдерден салат дайындап әкелу және оны қорғау)
Жүргізуші: Осымен сайыскерлеріміз бес кезеңнен өтіп, өздерінің бойларындағы бар өнерлерін көрсетті,ендігі кезек әділ қазыларда.
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Бүгінгі күз кешінде
Ән айтамыз бәріміз, – дей келе, топ тәрбиеленушілерінің орындауындағы
«Күзгі әуен» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізетін мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
«Күзгі балл-2017» сайысын қорытындылау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.Сөз кезегі әділ қазыларда.
Жүргізуші: Осылайша сайысымыз өз мәресіне жетті. «Күзгі балл-2017» сайысының жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табысталады және топтың барлық тәрбиеленушілеріне ата аналар атынан сыйлықтар мен тәтті торт ұсынылады. Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды, келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718