TikTok қазіргі жастар психологиясына қалай әсер етеді?

Ерболат Арнұр
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кенті, Ә.Ермеков атындағы тірек мектеп
11 сынып


Қазіргі заманда TikTok жастардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.Тіпті жастар ғана емес үлкендерде TikTok-қа тәуелді болып қалған.Қысқа форматтағы видеолар мен түрлі трендтер жасөспірімдердің назарын өзіне тартады.Бірақ бұл платформаның көңіл көтеруден бөлек,психологияға әсер ететін көрінбейтін жақтары да бар.

TikTok-тың ен басты тұсы бұл — 10-20 секундтық видеолар.Мұндай формат миға үнемі жаңа стимул береді, ал бұл дегеніміз — жастардың бір нәрсеге ұзақ уақыт бойы назар аударуын қиындатады.Мысалы, мектепте оқушылардың сабақты тыңдау уақытының қысқарып кеткені байқалады.Себебі ми қысқа контентке үйреніп, ұзақ ақпаратты қабылдағанда тез жалығады.

Көптеген трендтер сырт келбет,сән,байлық сияқты тағыда басқа заттарды көрсетуге бағытталған.Ал бұны көрген жастар еріксіз өздерін салыстырады.Бұл өзін-өзі төмен бағалауға, дене бітіміне қатысты комплекстерге немесе «мен басқалар сияқты бола алмаймын» деген ойға алып келуі мүмкін.Ал бұнын соңы психологиялық қысымның күшеюіне әкеледі.

Және де жастар өз араларында қатарларынан қалғысы келмейді.Құрбылары тренд түсіріп жатса,өзінде соған қатысуға міндетті сезінеді.Бұл тек көңіл көтеру емес,әлеуметтік ортада қабылдану үшін жасалатын әрекет.Бұл трендтер қауіпті челлендждерге қатысуға итермелеуі мүмкін.Танымал боламын деп жасалған әрекеттер кейбіреулердің шынайы мінезің өзгертіп,өзіне сенімсіздік немесе керісінше жасанды батылдық қалыптастыруы мүмкін.

TikTok-тың жағымды жақтарында жоққа шығаруға болмайды.Көптеген жастар осы платформа арқылы, өздерінің талантын көрсетті,аудиториямен байланыс орнатты,жаңа достар тапты, осындай тағы да басқа жағымды жақтары да бар. Тіпті кейбіреулер үшін TikTok бұл

— өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беретін жер.Бұл өзін табуға және шығармашылық жағынан дамуға жақсы әсер етеді.

TikTok — тек көңіл көтеру үшін емес, ол жастар психологиясына тікелей әсер ететін үлкен әлеуметтік орта.Оның оң және теріс жақтары да бар.Ең бастысы — бұл платформаны саналы түрде дұрыс қолдану, уақытты шектеу және виртуалды образды шынайы өмірмен шатастырмау.Жастар TikTok-ты дұрыс пайдалана алса, ол олардың шығармашылық қабілетін дамытып, жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін.Ал бақылаусыз қолдану психологиялық қысым мен тәуелділікке алып келуі мүмкін.

 

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх