Сақтапова Ақжүніс Даңбайқызы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шілікті ауылы
«Құралай» бөбекжай-бақшасы» МКҚК-ның тәрбиешісі
Мақсаты: Егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақты туған
жерін ,елін сүюге, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу, балалардың тілін
дамытып ,сөздік қорларын молайту және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Құрметті ұстаздар ,ата- аналар , бүлдіршіндер сіздерді еліміздің Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз .Айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл-деп ортаға сайысқа қатысатын бүлдіршіндерді шақырамыз.Әнұран орындалады.
-Сайысымыздың әді- қазылар алқасымен таныс болайық.
(әділ -қазылар алқасымен таныстырылады)
Ән: «Тәуелсіз елдің ұланымын»
Айбөбек: «Отан », (Бүркіт Ысқақов)
Отан -сенің ата –анаң,
Отан –досың бауырың.
Отан- өлкең ,астанаң,
Отан- аудан, ауылың.
Отан- тарих,Отан- тіл,
Жасаған елің ,ер халқың.
Отан – өлең .Отан жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Хан: «Елтаңбасы елімнің» », (Сұлтан Қалиұлы )
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің ,
Ортада аспан әлемі.
Құт- береке- шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ ,
Екі жақтан көмкерген.
Тәрбиеші:
Жарқыраған айдайсың,
Күлімдеген күндейсің.
Ор киіктер ойнақтап,
Кім бар екен билейтін?-деп жанкүйер бишілерімізді ортаға шақырамыз.
Би: «Қамшы»
Арнұр: «Отаным» (Абдрахман Асылбек )
Қар жапқан шыңдарын,
Тәкаппар таулары.
Күн сүйіп құм салған ,
Жайқалған баулары.
Аялап таң нұры,
Төгеді шапағын.
Осының барлығы-
Туған жер,Отаным.
Бисұлтан: «Отан» (Ермек Өтетілеуұлы )
Отан деген-атамекен.
Отан деген – туған жер,
Отан- ана.
Отан- үлкен,
Қазақстан туған ел.
Тілеген: «Отан» (Ермек Өтетілеуұлы )
Отанды әркім анасындай ,
Қастерлейді ,қолдайды.
Қйткені оны баласындай,
Бізді асырап қорғайды.
Тәрбиеші:
Отан –сөнбес күніміз,
Отан- туған жеріміз.
Отан –ортақ үйіміз,
Отан әнмен күйіміз.
Ендігі сөз кезегін әділ- қазылар алқасына береміз.Балаларды мараптталады.
Бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз.Тәуелсіздіктің тұғыры биік,аспанымыз ашық болсын!