ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ
💻2026 жылғы 10-15 ақпан аралығында app.testcenter.kz сайтында біліктілікті арттыру мен растау үшін (жұмыс істеп жүрген педагогтер — МОДЕРАТОР, САРАПШЫ, ЗЕРТТЕУШІ, ШЕБЕР) ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУҒА өтініштерді қабылдау (тек бірінші мүмкіндік) жүргізіледі.
📆 ПББ-ның өзі 2026 жылғы 16-27 ақпан аралығында өтеді.
‼️Біліктілікті арттыратын немесе растайтын педагогтер үшін 2026 жылы бірінші мүмкіндік тегін, екінші мүмкіндік — 5640 тг.
ℹ️Толығырақ testcenter.kz сайтында «Тестіленушілерге» ➡️ «Педагогтердің білімін бағалау» бөлімінде таныса аласыздар.
- Өтініш қабылдау: 10–15 ақпан (app.testcenter.kz).
- Тест өткізу мерзімі: 16–27 ақпан.
- Тест уақыты: 2 сағат 10 минут (130 минут).
- Сұрақ саны: 100 сұрақ.
- Шекті балл: 50 (50% және одан жоғары).
- Қатысушылар: Модератор, сарапшы, зерттеуші, шебер біліктілік санаттарын арттыратын немесе растайтын педагогтер.
ПББ-ға бізбен бірге дайындалыңыз: —> https://bilimger.kz/category/pbb/