Жыл құстары (кіріктірілген оқу іс-әрекеті)

Ундасынова Жанагуль Дуйсенгалиевна
Қызылорда обл.,
Арал қаласы
Балдырған балабақшасы
Тәрбиеші


Мақсаты: Балаларға құстардың түрлері,оның ішінде жыл құстары туралы білімдерін бекіту.Сөздік қорларын молайтып,ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдері: Сұрақ- жауап,ойын түрлері

Көрнекіліктер: Құстар суреттері (слайд,құстардың дыбысы)

Мотивациялық қозғаушы:

Балалар күз туралы әндерімен топқа кіреді.

Қонақтармен амандасады.

-Балалар көңіл күйлерің қалай?

-Керемет!

-Балалар,күз мезгілі болған соң жерге жапырақтар түсіп қалыпты,жапырақтарды жинайықшы,жинап тазаласақ құстар бізге риза болып қалады.

Жерде жатқан жапырақтарды көріп,біртіндеп алады.Жапырақтардың келесі бетінде суреттер бейнеленген,сол суреттерге қарап өз ойларын айтып, әңгімелеп беруге тырысады.

Іздену ұйымдастырушы:

Құстардың шиқылдаған дауысы естіледі

-Балалар бұл ненің дауысы?

-Құстардың

Қандай әдемі дыбыстар.Құстарды жақсы көресіңдер ма?

-Иа

-Құстар біздің досымыз,солай емеспа

-Балалар бүгін біз « Жыл құстары»туралы білетін боламыз.

Жыл құстарына:Тырна,Аққу,Үйрек,Жабайықаз,Ләйлек,Қоқиқаз,Қарлығаш жатады екен.

Құстар далада,орманда тіршілік етеді,ағаштардың бұтағына қонады.Құстардың бізге берер пайдасы көп,ағаштар мен бақшаны зиянды жәндіктерден қорғайды.Олар тұмсығымен зиянды жәндіктерді шоқып жиді.Олар жұмыртқа арқылы көбейеді,жұмыртқадан балапанын басып шығарады.

Жыл құстары күз мезгілінде азықтары азайған соң,жылы жаққа қарай ұшып кетеді екен.

-Балалар,сендер құстар туралы тақпақтар білесіңдер ма?

Р.Айлин: Ала қанат сауысқан

Жемді шоқып тауысқан.

Жансая: Қарға-қарға қарғалар

Қар үстінде жорғалар

Боран соқса қар болар

Бұтаға қонар қарғалар

Әліби: Құс ұясын бұзбаңдар

Балапанын алмаңдар.

Құстар біздің досымыз

Обалына қалмаңдар.

Айлин: Таспен атып торғайды

Ұя бұзған оңбайды

Құс өкпелеп кетеді

Бақшамызға қонбайды.

Ә.Айару Торғай-торғай торғайсың

Жақын келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал

Сонда аяздан тоңбайсың

Қане,тыйым сөздер айтайықшы

-Құстың ұясын бұзба!

-Құсты таспен атпа!

-Құсқа тас лақтырма!

Сартай: Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

Тосын сәт: Құстың дауысы естіледі «Қарлығаш» тұмсығына хат қыстырып келеді

Тәрбиеші хатты алып, ішінде түрлі тапсырмалар бар екен айтады

1-тапсырма: Құстың балапанындағы санға сәйкес,жұмыртқасын қою керек

2-тапсырма: Қайтып бара жатқан құстардың бейнесін салу (дәстүрден тыс сурет салу әдісі)

3-тапсырма: Құстарға ұя құрастыру

4-тапсырма: Түрлі құстардың ішінен ,жыл құстарын тауып белгілеу

Балалар тапсырмалырды орындауға кіріседі.

Сергіту сәті: «Қарлығаш»

Балалар қимылмен орындайды

Қорытынды:

Тәрбиеші: Балаларды шеңберге алып ,бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай тапсырмаларды орындағанын,не туралы білгендерін сұрайды.

Балаларды мадақтап,оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандары үшін керемет деген смайлик таратып береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Жыл құстары туралы,олардың атауларын

Игереді:Сұрақтарға толық жауап беруді,өз бетінше тапсырмаларды орындауға.

Біледі: Құстарға қамқор болуды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх