Әбдіразақова Айзат Сағатқызы
Қызылорда облысы, Арал қаласы «Балдырған» балабақшасы тәрбиеші
Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап,төлдерін дұрыс ажырата білуге үйрету. Балаларға үй жануарларының дыбысын тыңдатып, қай жануардың дыбысы екенін дұрыс ажырата білуге үйрету, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Балалар бізде бүгін өте ерекше күн екен. Қонақтармен амандасайықшы?
-Балалар бір дыбыс шығатын сияқты ?
-Ненің дыбысы?
-Мә-мә –мә деген қойдың дыбысы шығады
Балалар бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған іс-әрекетімізде үй жануарлары туралы әңгімелесеміз.
Жұмбақ:
Қамыс құлақ
Тостаған тұяқ
Мінсең қанат,
Сүті дәрі, еті тамақ (Жылқы)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар (Сиыр)
Үстінде екі тауы бар,
Қызық бір жануар.(Түйе)
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар (қой)
Секең-секең етеді,
Таумен тасқа жетеді (ешкі)
Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған. (тауық)
Үйіңді қорғайды,
Үйге бірақ қонбайды. (ит)
Жолбарыстан аумайды,
Төріңе кеп аунайды (мысық)
Енді балалар үй жануарларының дыбыстарын көру үшін экранға назар аударайық.
-Қой «мә-мә» -деп маңырайды,
-Сиыр «мө-мө»-деп мөңірейді
-Түйе «бө-бө»-деп боздайды
-жылқы «ихо-ихо» -деп кісінейді
-мысық «мияу-мияу»-деп мияулайды
-ит абалап үреді
Енді балалар ойын ойнағыларың келеме?
Дидактикалық ойын: Не қандай дыбыс шығарады? Шарты: Жануар пішіндес маскамызды киіп әр жануардың дауысын саламыз.
Балалар үй жануарлары туралы тақпақтар білемізба?
Алижан: Ақ бұзауым ұнайды,
Мө-мө деп сүт сұрайды,
Келеді өсіп күн сайын,
Тұмсығын созып қарайды.
Анель: Кіп-кішкене момақан,
Қошақанды ұнатам,
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным қозым деп.
Данияр: Құлыншағым құндызым
Құлдырайды шабады,
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Ясина: Шөре-шөре лағым,
Тентек болма шырағым,
Секектеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Алияна: Айналайын ботам,
Қандай күлте жотаң,
Табандарың жалпақ,
Теріп жейсің жантақ
Аия: Мінезі жайлы сиырмын,
Байлығымын бір үйдің,
Етім дәмді, сүтім бал,
Сырымды менің ұғып ал.
Балалар қазір біз әртүрлі ойындар ойнаймыз
Дидактикалық ойын: Жануарды ата
Шарты: Мына жұмыртқаны ашып, ішіндегі жануардың атын атаймыз
Дидакатикалық ойын: Жануарды сәйкестендір
Шарты: 1ден 5ке дейінгі сандармен жануарды сәйкестендіреміз.
Дидактикалық ойын: Жануарды бейнеле
Шарты: Пісте майын қолданып ақ қағаздың бетін бояаймыз.
Дидактикалық ойын: Сиырды сауу.
Сергіту сәті: Құлыншақ
Дидактикалық ойын: Үй жануарларын бейнеле!
Қорытынды: Үй жануарларын ажырата біледі. Сұрақтарға жауап бере алады, әр түрлі ойындарды қызыға ойнады.