Тюлепбергенова Коркем Альжановна
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы МКҚК
Қазақ тілі пәні мұғалімі
Топ: «Құлыншақ»
Тақырыбы: Тәуелсіздік — тірегім!
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау. Салт-дәстүрден түсінік беру.
Көрнекіліктер: Елбасы Қасым Жомарт Тоқаев портреті, Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, электронды тақта, әнұраны және тағы басқа кітапшалар.
Әдіс-тәсілдері: Слайд, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері: Бала, бала балақай. Күй тартайық алақай! Бата тілек айтайық, Санамызда сақтайық. Жаса, жаса қазақ тіл. Жаса, жаса ғажап тіл.
ІІ. Кіріспе бөлім. Педагог балаларға электронды тақтадан мемлекеттік рәмәздерді көрсетеді. Сұрақтар қойылады. Біз қандай елміз? Мемлекеттік рәміздерді ата? Қазақтың салт-дәстүрін білесіңбе?
Педагог: Балалар, біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді.
ІІІ. Негізгі бөлім. Бәрі тік тұрып Әнұранды тыңдайды. Педагог тақтадан Қазақстан Республикасының рәміздерін, Ел басымен таныстырады.
Дыбыстық жаттығу. ТУ-ТУ-ТУ- желбірейді ту ТАҢ-ТАҢ-ТАҢ — арайлап атты таң ҰР-ҰР-ҰР – Ән ұран шырқалып түр Педагог: Жақсы балалар, олай болса «Отан» жайлы мақал — мәтел мен айтамын жалғасын табыңдар. 1. Отан отбасынан (басталады) 2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің) 3.Отан-елдің анасы, (Ер – елдің анасы) 4. Отанды сүю – (отбасынан басталады) 5. Отан оттан да (ыстық) 6. Ел іші – (алтын бесік) Тақтамен жұмыс. Қазақ киіз үйінің ішін кюар код арқылы тамашалайық.
Топтық жұмыс. Үстел тақтада лупа арқылы киіз үй ішінде не бар екенін көреді
Үстел тақтада қимадан қазақ жайлауды құрастырады.
Сергіту сәті. «Ерке сылқым» биі.
Қорытынды. Балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін таниды. Өз сөздік қорларында қолдана алады. Суретке қарап әңгіме құрастыруды біледі. Қазақтың салт — дәстүрін біле отырып мақал-мәтелдерді аяқтай алады. Мадақтау: «Балалар сендер еліміздің нағыз батыр, білімді азаматтары мен азаматшаларысыңдар! Сендер отанымыздың мақтанышысыңдар. Біз сендермен мақтанамыз!» Күтілетін нәтиже: — Ойлау қабілеттері дамиды; — Мақал-мәтел айтуды, жалғастыруды үйренеді; — Дыбыстық жаттығу жасай алады. – Отанға деген потриоттық сөздерді меңгереді; — Сұрақтарға жауап береді, сөйлемдер құдайды.