Адырбекова Улпан Шекербековна
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы
№19 колледждің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Тәрбие-өскелең ұрпақты, болашақ жас жеткіншектер мен жасөспірімдерді сонымен қатар саналы ұрпақты алға жетелейтін сапалы білімнің тұғыры.Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ қашанда саналы болмақ.Сондықтан да қазіргі таңда адамдық қасиетті, ар мен намысты , жауапкершілік пен сүйіспеншілікті, үлкенге құрмет көрсетуді бірінші орынға қою керек. Ұлттық тәрбие – елдің болашағы. Қазіргі таңда біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бұл дегеніміз- жалпы адамзаттық құндылықты бәрінен жоғары қою. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық құндылықтар мен сананы оятатын салт дәстүр мен әдет- ғұрпымыздан алыстамай саналы ой мен пікір қалыптастыру болып табылады.
Біз келешегімізді дұрыс қалыптастыруымыз үшін ел ертеңі болатын бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз етуіміз керек.
Тәрбие мен оқу тығыз байланыста. Ұлы ағартушы Әл-Фараби бабамыз: «Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың хас жауы» — десе, қазақтың бес арысының бірі Жүсіпбек Аймауытов – «Тәрбиенің негізгі мақсаты мінезді түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу» — дейді.
Біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаты : жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор ,адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу болып табылады.
Осы қалыпта біз ата – бабаларымыз бен ақын – жазушыларымыздан қалған дара жолдарын жас ұрпаққа саналы жеткізуіміз қажет. Әрбір баланы азамат ретінде қалыптастыру ата- ананың ,қоғамның ең маңызды мақсаты. Сондықтааммвмтыван да біртұтас тәрбие бағдарламасының оқу үрдісінде маңызы ерекше.
Біз ұлттық құндылықтарымызды бойымызға сіңіре отырып, жеке тұлғаны тәрбиелеуде баланы ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеуіміз қажет.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы – оқыту мен тәрбиені өзара кіріктіре отырып, оқушының тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін кешенді жүйе. Бағдарламада ұлттық тәрбие, рухани-адамгершілік құндылықтар, азаматтық-патриоттық бағыт, еңбек және экологиялық тәрбие, құқықтық мәдениет пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру мәселелері кеңінен қамтылған.
Оқу үдерісінде бұл бағдарламаның маңызы ерекше. Ең алдымен, пәндік білім мен тәрбие бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады. Әрбір сабақта мұғалім тек білім беріп қана қоймай, оқушының мінез-құлқын, дүниетанымын, құндылықтық бағдарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ұлттық рухты, ана тілге деген құрметті, көркем сөз арқылы адамгершілік қасиеттерді дамытуға кең мүмкіндік бар.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы оқушылардың әлеуметтік дағдыларын жетілдіруге де зор ықпал етеді. Топтық жұмыстар, жобалық тапсырмалар, сыныптан тыс іс-шаралар арқылы оқушылар ынтымақтастыққа, өз ойын ашық жеткізуге, жауапкершілік алуға үйренеді. Бұл олардың болашақ өміріне қажетті маңызды қабілеттерді қалыптастырады.