Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға арналған дидактикалық ойындардың қйымдастыру ерекшіліктері

Капажанова Дана Костаулетовна
Ақмола олблысы, Бұланлы ауданы,
Макинск қаласы, МКҚК”Снежинка” балабақшасының тәрбиешісі


Әлем бала өміріне біртіңдеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, қоршап тұрғанын байқайды. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады, яғни баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын — баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән-мағнасы ерекше. Қазақ халқының ән өленінде: “Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?” деп айтылғандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Олардың біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет.

Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшілігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерің, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатынын байқауға болады. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш- жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар “Балаларды ойын арқылы оқыту керек” деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогі Ш. Амонашивили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді.

Ойын арқылы оқытудың арасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түсіндіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, білімді тиянақтар кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет.

Дидактикалық ойындарға міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшіліктері. Балалар ойлау арқылы белгілі-бір білім, білік, даңдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Ұсынылып отырған құралда балалардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар, қазақ ақын-жазушыларынан санға байланысты санамақтар, жанылтпаштар, сергіту сәттері, іс-әрекеттің конспектісі берілген. “ Не үшін ойынды ұйымдастыру керек және тәрбиешінің алға қойған мақсатына қалай жету керек?” деген сұрақтардың негізінде құрастырылған. Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл күйіне де байланысты болады. Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет.

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен өткізетін математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекетінде ойынның мынадай түрлерін пайдалануға болады:

1) дидактилық ойындар -логикалық ойлауын,математикалық қабілеттерін дамыту;

2) Санға байланысты санаақ,жанылттпаштар, жұмбактар -балалардын сандарды танып білуін, тілдерін жаттыктыру ,есте сақтауын ,ойлау қабілеттерін дамыту;

3) Математикалық сергіту сәттері-кеңістікті бағдарлау,қимыл-қозғалысты дамыту. Құралда дидактикалық ойындар мазмұны, ойынды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері көрсетілген:

балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштағын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттардың түсі, өлшемі , пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақыты бағдарлауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау,қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған. Жоғарыда айтылған мақсаттарды шешуде нәтижесі ұтымды болу үшін балалардың қарапайым математиалық түсініктерін қалыптастыруға септігін тигізетін дидактикалық ойындарының үлгілерін ұсынамын.

Дидактикалық ойындар

Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар

Мақсаты: балаларға біреуі артық немесе кем сандарды тауып атауды үйрету.

Көрнекілік: ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған кәртішкелер жиынтығы, геометриялық пішіндер. Балалар геометриялық пішіндерді үшбұрыш, шаршы, дөңгелек және т.б тапсырмасына жауап беруі тиіс.

1) Дөңгелектерден біреуін артық етіп үшбұрыштарды қойындар (Үш дөңгелек салынған кәртішкені көрсетеді)

2) Мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп шаршыларды қойыңдар (Бес дөңгелек салмаған сандық кәртішкені көрсетеді)

3) Дәл осындай пішінді көрсетіндер.(Дөңгелекті көрсетеді).

Осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіңдер. Ойын сонында қоттынды шығырылады. Қатені аз жіберген қатар ұтады. Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыпта бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді.

Дәл осындай пішінді тап

Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға салыстыруға жаттықтыру.

Құрал -жабдық: бала саны бойынша құлыптың суреттері,геометриялық пішіндер. Алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқыры, геометриялық пішіндерден құралғанын айту.Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып құлыпты ашады.

“Үйдің есігін жабайық”

Мақсаты: заттады өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттыктыру ойлау қабілетін дамыту.

Құрал-жабдық: үйдің, есіктің суреттері. Қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суреттін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.

“Вагондарға дөңгелек таңдау”

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру,ойлау қабілетін дамыту.

Құрал-жабдық: қағазға салынған вагондар, әр түрлі геометриялық пішіндер.

Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.

“Үй құрылысының ретін көрсет”

Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін үдерістерін дамыту.

Құрал-жабдықтар: баланың саны бойынша түрлі-түсті жолақтар,пішіндер,үй суретінің үлгісі.

Балаларға үйдің суреттерінің үлгісін көрсету. Баларға әртүрлі жолақшарды, пішіндерді таратып беру.Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.

“Бет орамалға лайық жамауарды табу”

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға, жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдық: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі,әртүрлі пішіндерді.

Балаларға бет орамалдардың бет үлгісін таратып беру.

Алдарындағы пішіндердің ішінен әр біріне лайық жамауды табыду ұсыну.

“Жұбын тап”

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қаблеттерін дамыту.

Құрал-жабдық: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердін суреттері. Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттің жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.

“Әдемі кілемшелер”

Мақсаты: кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін үдерістерін даыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдық: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер. Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып құрақ құрайды.

“ Таныс пішіндер доминосы”

Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту. Көп заттың ішінен біреуін тандауға жаттықтыру

Құрал-жабдық: пішіндер бейнеленген суреттер. Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар суретін қояды. Суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.

“Гараждар”

Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қаблеттерін дамыту; жағымды көңіл күйлерін қамтамасыз ету;

Құрал-жабдық: бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл сондай суреті бар гараждар. Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдері таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. “Көліктерінді гараждарына апарып қойындар” деген кезде рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұрады.

“Өз үйінді тап”

Мақсаты:түстерді ажыратуға жаттықтыру;қабылдауын дамыту; ойын ережесін сақтауға үйрету.

Құрал-жабдық: түрлі-түсті дөңгелектер. Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберге тұра қалады.

“Зейінді бол”

Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.

Көрнекілік: геометриялық пішіндер кескінделген суреттер. Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды:” Суреттен қандай таныс пішінді көрдіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар?”

“Мынау қай пішін?”

Мақсаты:геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.

Көрнекілік: картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5түрі. Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды. Сонымен қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кезінде пайдаланатын дидактикаық ойындар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үлгісі ұсынылады.

Пайдаланылған әдебиет:

1.Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. М., 1992

2. Богуславская З.М., Смирнов Е.О Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту ойындары.

3. Дүйсенбай Е. Санамақ. А.: Ана тілі, 1996

4.Колесникова Е.В. 3-4 жас балаларна арналған математика М., 2008

5. Леушина А.М. М атематикалық түсініктерді қалыптастыру. Мектеп, 1982.

6.Мәжитқызы Р. Қызықты математика. А., 1996

7. Сансызбайқызы М.С., Наурызбаева Ә.Н.,Әуелбекова. Математика әдістемешлік құрал.А.: Алматы кітап,2005

8. Сербина Е.В. Бөбектерге арналған математика. 1992.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх