Балалардың сөйлеу дағдысын арттырудағы АR және VR технологиялардың тиімділігі

Шегирова Шолпан Жумабергеновна
Атырау обл Жылыой, ауданы Құлсары қаласы
Тәрбиеші


Елімізде білім беру саласында да мектепке дейінгі білім беру саласында да жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.Ақпараттық технология –педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыр­күйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында цифрландырудың стра­те­гия­лық маңыздылығын атап өтіп, ақпараттық технологияларды енгізу арқылы IT секторында жасанды интеллект (AI) технологиялары бойын­ша жетекші ел болу міндетін алға қойған еді.

Соның ішінде кеңінен қолданылып келе жатқан AR (толықтырылған  шындық) және VR (виртуалды шындық) технологиялары оқу процесін қызықты, тиімді әрі көрнекі етіп ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

AR (Augmented Reality – толықтырылған шындық): нақты әлемге виртуалды бейнелерді, мәтіндерді немесе дыбыстарды қосу арқылы жаңа тәжірибе жасау. Мысалы: кітаптағы суретті AR қосымшасы арқылы телефоннан қарағанда, ол қимылдайды.

VR (Virtual Reality – Виртуалды шындық): толықтай жасанды ортаға ену. Арнайы көзілдірік немесе қосымша құрылғылар арқылы бала өзін басқа әлемде жүргендей сезінеді.

  • Балаларға мәтін құрғақ сөз түрінде емес, бейне, 3D сурет, дыбыс арқылы беріледі.
  • Мотивация жоғарылайды, бала мәтінмен жұмыс істеуге ынталанады.
  • Балалар оқыған ертегісіндегі кейіпкерді AR арқылы тірі көріп, оның әрекетін бақылай алады.
  • VR арқылы оқиғаға еніп, мәтін мазмұнын сезініп қабылдайды.
  • Балалардың қиялын дамыту
  • AR/VR оқушыларға әңгімені елестетуге көмектеседі.
  • Мәтіндегі көріністі көз алдына әкелу арқылы шығармашылық ойлау қабілеті артады.

AR және VR технологиялары оқу процесін ойынға, саяхатқа, тәжірибеге айналдырады. Бұл тәсіл балалардың оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оқу сауаттылығын жан-жақты дамытады. Яғни, балалардың әңгімені түсінуі, есте сақтауы, өз ойымен бөлісуі әлдеқайда нәтижелі болады.

Келесі тәжірибемде қолданып жүрген тағы бір жасанды интеллект соның ішінде толықтырылған шындық бейнесінде ұсынылған 3 D ANIMAL SAFARI карточкалары.Бұл  карточкалардың тиімділігіне тоқталатын болсам:

Бұл қолданбаны міндетті түрде смартфонға жүктеп алу қажет.

1.Есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттырады.

2.Жануарлардың түрлерін ажыратуға, қай жерде мекендейтінін түсінуге көмектеседі.

3.Шығармашылық қабілеттерін дамытады.

4.Коммуникативтік дағдысын дамытады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде көрсету сәтінен суреттер:

Мектеп алды даярлық тобындағы балалардың танымдық қабілетін дамыту үшін заманауи технологияларды қолдану – білім берудің маңызды бағыты. Солардың бірі – Animal 4D+ карточкалары. Бұл арнайы жасалған карточкаларды смартфон немесе планшетке орнатылған қосымша арқылы қарағанда, жануарлар 4D форматта «тіріліп», қозғалып, дыбыс шығарып көрінеді.

Көрнекілік пен қызығушылықты арттыру

Балалар жануарларды тек суреттен ғана емес, қимылдап тұрған бейнеде көреді.

Қызығушылық оянып, оқуға ынтасы артады.

Танымдық қабілеттерді дамыту

Оқушылар жануардың сыртқы пішінін, түсін, қимылын, дауысын тыңдайды.

Табиғат пен жануарлар әлемі жайлы білімдерін тереңдетеді.

Көп арналы қабылдау

Көру, есту, сөйлеу арқылы бала ақпаратты тез әрі жақсы есте сақтайды.

Animal 4D карточкалары балаларға жануарлар әлемін қызықты әрі көрнекі түрде таныстыруға мүмкіндік береді. Бұл құрал балалардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, оқу сауаттылығын, тілдік дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Мысалы: 4 D карточкалары арқылы 4 түлік мал соның ішінде жылқы туралы түсіндіріп өтуге және жылқының төлі құлын екенін атап өтуге болады. Балалардың визуалды түрде  есте сақтап, дыбысы мен іс-әрекеті арқылы  толық түсінік ала алады.

(Мобильді қосымшаны ұялы телефонға жүктеп қолдана алады)

CoSpaces Edu – білім беру саласына арналған заманауи цифрлық платформа. Ол арқылы мұғалімдер мен оқушылар виртуалды (VR) және қосымша шындық (AR) форматында жобалар құра алады. Бағдарламада 3D нысандар, анимациялар, дыбыстар, мәтіндер енгізіп, толыққанды интерактивті орта жасауға болады.

Тағы да сіздерге тәжірибемде қолданып жүрген  жасанды интеллекттің  бір түрі COSPACES.COM деп аталатын жоба туралы айтқым келеді.Бұл виртуалды шындық жобасы. Мысалы қазіргі таңда балаларды қарапайым суреттермен таңғалдыра алмайсың.Бұл жоба арқылы балаларға жыл мезгілі туралы, жануарлар туралы түсініктерін қалыптастыру үшін өз тәжірибемде көп қолданамын. Сіздерге ұсына кететін болсам, QR сілтеме тастап кететін боламын.  Бұл жобаны смартфоннан да, компьютерден де  балаларға көрсете аласыз.Смартфоннан қарау үшін міндетті түрде  қолданбаны жүктеп алуларыңыз керек.Тәжірибемде көп қолданып жүрген тағы да жасанды интеллекттің бір түрі – SUNO.AI деп аталады. Бұл жасанды интеллект балалардың коммуникативтік дағдысын қалыптастыруда маңызы зор. Себебі қазіргі таңда балаларға жаттау жаттату ата-аналарға да, тәрбиешілерге де қиындық тудырады.Соның шешімі ретінде ұсынғым келеді. Осы жасанды интеллект түрін қолдану арқылы балалар өздеріне ұсынылған тақпақтарды классика, рок, поп жанрында жаттап әуенмен айтуға бейімделеді.Бұл балалардың тез жаттап алуына септігін тигізеді. Назарларыңызға қарапайым қыс мезгілі туралы 4 жол тақпақты жасанды интеллект бізге қалай әуенге айналдырғанын тамашалайық.

Осы сілтеме арқылы жасалады:

Жасанды интеллекттің бұл түрі балалардың  танымдық қызығушылығын арттырып, өлеңді тез әрі ыңғайлы жолмен жаттап алуына мүмкіндік туғызады. Балалардың сөйлеу дағдысын артырудағы маңызы зор.

Жалпы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі  қызығушылықтарын тудырып, балалардың ынтасын арттыратын, дағдыларын дамытатын жасанды интеллект түрлерін таныстырып шықтым.Енді  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиешілерге  уақыттарын үнемдеуге көмектесетін жасанды интеллект түрлерін айтып өткім келіп тұр. Солардың бірі қарапайым барлығымыз қолданып жүрген CHAT.GPT.COM. Жасанды интеллекттің бұл түрі тәрбиешілерге арнап сценарийлер, балабақшаға арналған ойындар, тапсырмалар, креативті жұмыстар әзірлеп бере алады. Мінсіз болмаса да, өңдеп қолдануға, жүзеге асыруға болады. Жалпы AI – жасанды интеллект деген сөз педагогтың жасанды AI көмекшілері деп аталады. Жасанды көмекші тәрбиешінің уақытын үнемдеп, балалармен қосымша жеке жұмыстар жүргізуге мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар тағы да тәрбиешілердің уақытын үнемдеп, жұмысын жандандыратын жасанды интеллект түрі CANVA.COM.Канва арқылы балаларға қызықты үлестірмелі материалдар, креативті бейнероликтер де ұсынуға болады.Қарапайым балаларға балабақшаішілік, топтық сайыстарды марапаттау үшін креативті дипломдар шаблонын ала аламыз.

Chat.gpt.com.

Canva.com.

Келесі айтқым келетін тағы бір тиімді креативті жасанды интеллект түрі KaviAR Gate – смартфон немесе планшет арқылы виртуалды саяхат жасауға мүмкіндік беретін AR-қосымша.

  •  Қолданушы экранда «виртуалды есік» ашады, содан кейін сол есіктен өтіп, таңдаған орнын көреді.
  •  Арнайы құрал-жабдық (VR көзілдірігі немесе датчик) қажет емес, тек қана смартфон жеткілікті.

Артықшылықтары

  • Қолжетімділік – қосымша смартфон арқылы жұмыс істейді.
  • Қарапайымдылық – күрделі техникалық білім қажет емес.
  • Интерактивтілік – қолданушы шынайы қозғалыс жасап, тәжірибе алады.
  • Шығармашылықты дамыту – әркім өз виртуалды «есік» идеясын жасай алады.

 KaviAR Gate – виртуалды саяхаттың жаңа мүмкіндігін ашатын заманауи құрал. Ол туризм мен білім беруде ерекше тәжірибе ұсына отырып, пайдаланушыларды болашақтағы толықтырылған шындық әлеміне жақындатады.

Ұялы телефон арқылы жаңа тақырыпты болжау үшін балаларға виртуалды саяхат жасауға болатын мүмкіндік. Бұл тек ұялы телефон арқылы жүзеге асатын виртуалды саяхат.Балаларға сабақ барысында психологиялық ахуал қалыптастыруға тиімді әдіс.

Жалпы алғанда қай әдісті, қай идеяларды қолдансам да балалардың жас ерекшелігін ескеріп, олардың қызығушылықтарына қарай тапсырма ұсынамын. Қазіргі таңда балалар жасанды интеллект элементерін біліп, цифрлық сауаттылықтары қазірден бастап қалыптасу керек. Сондықтан осы идеяларды жүзеге асыру барысында бірнеше жетістіктерге қол жеткіздім.Әсіресе балалардың қызығушылығын арттыруда, балаларға ұсынылған виртуалды жобалар, толықтырылған шындық бейнелерін тамашалау арқылы сұрақ қою, әңгімелеу сияқты процесстер жүзеге асып, балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерінің артуына тиімділігі өте көп болды.

Қорытындылай келе, жаcанды интеллектті қолдану кезінде  келесі қауіпсіздік  шараларын сақтау маңызды:

  • Балалардың  жеке деректерін  қорғау – ЖИ қолданатын платформалар  мен қосымшалардың  қауіпсіздігіне  көз жеткізу.
  • Технологияға тәуелділікті  болдырмау – балалардың тек ЖИ-ге сүйенбей, шынайы өмірмен байланысын  сақтауына мән беру.
  • Қадағалау және бақылау– тәрбиешілер  мен ата-аналар  балалардың ЖИ қолдану  уақытын бақылау  отыруы қажет.

Жасанды интеллект мектепке дейінгі  білім беру  процесін  жаңа деңгейге көтеруге  көмектеседі. Ол балалардың  білім алуға деген қызығушылығын арттырып, шығармашалық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.. Сонымен қатар, тәрбиешілердің жұмысын жеңілдетіп, ата-аналармен тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Дегенмен, ЖИ-ді пайдалану кезінде қауіпсіздік  шараларын сақтау және дәстүрлі тәрбие  әдістерін ұмытпау қажет.

Жасанды интеллект – болашақтың технологиясы , бірақ оның баланың табиғи дамуына әсерін ескеріп, оны ақылмен пайдалану керек!

Жасанды  интеллект мектепке дейінгі ұйымда  оқыту мен тәрбиелеудің  тиімділігін арттыратын маңызды құрал. Оны дұрыс қолдану балалардың дамуына оң әсер етіп, тәрбиешілер мен ата-аналарға үлкен көмек береді. Сондықтан ЖИ технологияларын балабақшаларда енгізу – заман талабына  сай қажетті қадам.

ЖИ мектепке дейінгі ұйым  тәрбиешілерін  алмастырмайды, бірақ олардың жұмысын жеңілдетіп балаларға қызықты әрі тиімді білім беру мүмкіндігін жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Şimşek, G. (2024). Мектепке дейінгі жастағы балалардың оқу түсінігін дамытуда қосымша шындықтың (AR) әсері. Frontiers in Psychology.

2.Al-Barakat, A., & AlAli, N. (2024). Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық оқу дағдыларына AR технологиясының ықпалы (Иордания мысалы). Journal of Curriculum and Teaching, 13(5), 347–355.

3.Danaei, D., және т.б. (2020). Қосымша шындық арқылы оқылған және дәстүрлі кітаптардағы балалардың мәтінді түсінуін салыстыру. Computers & Education.

4.Liu, S., және т.б. (2023). Бастауыш сынып оқушыларының оқу түсінуі, әңгімелеу және оқу мотивациясын дамытуда AR суретті кітаптары мен дәстүрлі кітаптарды салыстыру. Education and Information Technologies.

5.Aydogan, A., және т.б. (2024). Қосымша шындыққа негізделген ертегі кітаптарының мектепке дейінгі балалардың әңгімелеу және түсіну дағдыларына әсері. British Journal of Educational Technology.

6.Wang, Y., және т.б. (2024). Metabook: Балалардың оқуын жақсартуға арналған интерактивті AR кітаптарын автоматты түрде жасау жүйесі. arXiv.

7.McGeown, S., және т.б. (2024). AR кітаптары: балалардың оқу қызығушылығына терең талдау. Frontiers in Psychology.

8.Early Child Development and Care (2025). AR суретті кітаптары мен дәстүрлі суретті кітаптарының мектепке дейінгі балалардың оқуына ықпалын салыстыру.

9.iJIM – International Journal of Interactive Mobile Technologies (2025). AR ертегі кітаптарының балалардың оқу түсінуі мен мотивациясына әсері.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх