Қыс – ғажайыпта тәрбиелік маңызы зор мезгіл

Қараша Ақбота Темірбекқызы


Қыс – жылдың ең суық әрі ең көркем мезгілдерінің бірі. Бұл мезгіл табиғаттың тынығып, ақ қар жамылған ерекше кезеңі болып саналады. Мектепалды жастағы балалар үшін қыс – тек суық мезгіл ғана емес, ол жаңа әсерлерге, ойындарға, бақылаулар мен танымдық әрекеттерге толы қызықты уақыт.

Қыс мезгілі келгенде күн қысқарып, түн ұзарады. Ауа райы суытады, жер бетін қар басады, өзен-көлдерге мұз қатады. Балалар табиғаттағы бұл өзгерістерді өз көздерімен көріп, бақылау арқылы көп мәлімет алады. Сондықтан тәрбиеші үшін қыс мезгілі – балалардың танымдық қабілетін, тілін, ойлауын, қиялын дамытуға өте қолайлы тақырып.

Қыс мезгілінің табиғаттағы ерекшеліктері

Қыста ағаштар жапырақсыз қалады, кейбір жануарлар қысқы ұйқыға кетеді, ал құстардың біразы жылы жаққа ұшып кетеді. Бұл құбылыстарды балаларға қарапайым тілмен түсіндіру өте маңызды. Мысалы, «Аю неге қыста ұйықтайды?», «Құстар неге жылы жаққа кетеді?» деген сұрақтар арқылы балалардың қызығушылығын арттыруға болады.

Қардың жаууы, оның ақ, жұмсақ болуы балаларға ерекше қуаныш сыйлайды. Тәрбиеші қардың қасиеттерін (суық, еритін, ақ түсті) тәжірибе арқылы көрсетіп, балалардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыра алады.

Қыс мезгіліндегі адамдардың еңбегі мен тіршілігі

Қыста адамдар жылы киім киеді: тон, күрте, бас киім, қолғап, етік. Бұл балалардың сөздік қорын байытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қыс мезгіліндегі еңбек түрлерімен таныстыру маңызды: қар тазалау, жолдарды ашу, малды қорада бағу.

Тәрбиеші балаларға қысқы қауіпсіздік ережелерін де түсіндіруі тиіс: мұз үстінде ойнамау, бейтаныс жерге жалғыз бармау, суықта ұзақ жүрмеу. Бұл — баланың өмір қауіпсіздігі үшін аса маңызды тәрбиелік бағыт.

Қысқы ойындар мен балалар әрекеті

Қыс мезгілі – балалардың қозғалыс белсенділігін арттыратын ойындарға өте бай. Қар лақтыру, шана тебу, аққала жасау – балалардың сүйікті ойындары. Бұл ойындар арқылы балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасайды, ұйымшылдыққа, достыққа үйренеді.

Сабақ барысында қыс тақырыбында сурет салу, жапсыру, мүсіндеу жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Аққала, шырша, қар бүршіктерін жасау арқылы балалардың ұсақ қол моторикасы мен шығармашылық қабілеті дамиды.

Қыс тақырыбының тәрбиелік маңызы

Қыс туралы әңгімелер, өлеңдер, мақал-мәтелдер балалардың тілін дамытып, табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелейді. Тәрбиеші балаларға табиғатқа қамқор болуды, құстарға жем шашуды, жануарларға мейірімді болуды үйретуі тиіс.

Қорыта айтқанда, қыс мезгілі — мектепалды жастағы балалар үшін танымдық, тәрбиелік әрі дамытушылық маңызы зор тақырып. Тәрбиешінің дұрыс ұйымдастырылған жұмысы арқылы балалар қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсініп қана қоймай, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйренеді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Тақырыбы: Қыс мезгілі

Білім беру саласы: Таным, Қатынас, Шығармашылық, Әлеумет

Тобы: Мектепалды тобы (5–6 жас)

ҰОҚ ұзақтығы: 25–30 минут

Мақсаты:

Балаларға қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру, табиғаттағы өзгерістерді байқауға үйрету, сөздік қорын молайту және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

Білімділік:

Қыс мезгілінің негізгі белгілерін таныту (суық, қар, мұз, боран);

Қысқы киімдер мен қысқы ойын түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық:

Балалардың сөйлеу тілін, ойлау қабілетін, есте сақтауын дамыту;

Сурет арқылы әңгіме құрастыру дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік:

Табиғатты аялауға, құстар мен жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу;

Қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.

Көрнекіліктер:

Қыс мезгілі бейнеленген суреттер, қар макеті (мақта, памперс), қысқы киімдер суреті, аққала суреті, интерактивті тақта (мүмкін болса).

ҰІӘ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2–3 минут)

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

Тәрбиеші:

– Балалар, бір-бірімізге жылы лебіз айтып, сабағымызды бастайық.

(Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.)

  1. Негізгі бөлім (15–20 минут)
  2. Кіріспе әңгіме

– Қазір жылдың қай мезгілі?

– Қыста ауа райы қандай болады?

– Жер беті немен жабылады?

(Балалардың жауаптарын толықтырып, мадақтау.)

  1. Суретпен жұмыс

Қыс мезгілі бейнеленген суреттер көрсетіледі.

– Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

– Балалар не істеп жүр?

– Ағаштар қандай күйде?

Балаларды толық сөйлеммен жауап беруге үйрету.

  1. Қысқы киімдермен таныстыру

Қысқы киімдердің суреттерін көрсету.

– Қыста неге жылы киінеміз?

– Қандай киімдер киеміз?

Сергіту сәті:

Қар жауады, қар жауады,

Қолымызды соғамыз.

Шанамен біз сырғанап,

Қуанып біз ойнаймыз.

  1. Тәжірибелік жұмыс

«Қар қандай?» тәжірибесі

Мақта немесе памперстен жасалған «қарды» ұстап көру.

– Қар жұмсақ па?

– Суық па?

– Қар ерісе не болады?

III. Қорытынды бөлім (5 минут)

Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту:

– Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

– Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

– Қыста табиғатқа қалай қамқор боламыз?

Балаларды мадақтау, белсенді қатысқандарын атап өту.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін.

Түсінеді: Қыстағы табиғат өзгерістерін.

Қолданады: Қыс туралы білімін әңгімелеу мен ойын барысында.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх