Сулейменова Гүлвира Дулатқызы
Қостанай қаласы, №16 бөбекжай-бақшасы, тәрбиеші
Кіші топта мамандықтармен таныстыру барысында ойын технологиясын қолдану -баланың адал азамат болуына негіз болатын құндылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді; рөлдік ойын арқылы адал еңбек, жауапкершілік, құрмет, еңбекқорлық қасиеттерін дамытады; «Адал азамат» бағдарламасымен табиғи үйлеседі және мазмұнды толықтырады.
Неге ойын технологиясы тиімді? Кіші топ тәрбиеленушілері ақпаратты ойын арқылы тез қабылдайды.Ойын технологиясы — баланың табиғи әрекетіне сәйкес келеді; белсенділік, қызығушылық туғызады; көрнекілік пен әрекет арқылы есте сақтауды жеңілдетеді; сөйлеу мен қарым-қатынас дағдыларын дамытады; әлеуметтік рөлдерді модельдеуге мүмкіндік береді.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие – балабақшадан бастап балаларға адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, құрмет, шынайылық сияқты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған бағдарлама. Кіші топ тәрбиеленушілерін мамандықтармен таныстыру барысында ойын технологиясын қолдану осы құндылықтарды тиімді сіңіруге мүмкіндік береді.
Мамандықтар – балаларға еңбек пен адалдықтың алғашқы түсінігін беретін ең қолайлы оқу материалы. Ойын – осы түсініктерді жеңіл әрі қызықты түрде жеткізетін құрал.
Ойын барысында бала: маман еңбегін құрметтеуді үйренеді; тапсырманы жауапкершілікпен орындауға талпынады; шынайы әрекет арқылы адалдықтың мәнін сезінеді;
бір-біріне көмектесуді үйренеді. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының ішінде
«Еңбегі адал — жас өрен» жобасы қолданылды. Мақсаты: балалардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
Мамандықтар арқылы «Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыру жүзеге асты. 1) Адалдық
Рөлдік ойындарда:
«Дәрігер» рөлін ойнағанда — науқасты «дұрыс емдеу», алдамау; «Дүкенде» — “ақшаны дұрыс санау”, “тауарды дұрыс беру”; «Құрылысшыда» — “үйді мықтап құрастыру”.
Балаларға түсіндіру: «Әр маман өз жұмысын адал жасаса ғана адамдар оған сенеді».
2) Еңбекқорлық
Мамандықтардың барлығы еңбекті қажет етеді. Ойын барысында: тапсырманы соңына дейін орындау, «жұмысқа уақытында келу», өз рөлін қалдырмай ойнау — еңбекқорлыққа баулиды.
3) Жауапкершілік
Рөлдік ойын кезінде әр бала өз рөлін атқарады: дәрігер — тексеру жасайды; аспаз — тамақ дайындайды; жүргізуші — жолаушыларды жеткізеді.
Тәрбиеші түсіндірме береді: «Әр маман өз жұмысына жауапты болады. Сен өз рөліңді жауапкершілікпен орындадың ба?»
4) Құрмет
Балаларды әр мамандықтың адамға пайдасын көруге үйрету: «Өрт сөндіруші адамдарды құтқарады», «Дәрігер адамдарды емдейді», «Аспаз дәмді тамақ дайындайды»
Балалар мамандықтарға құрметпен қарауды үйренеді — бұл «Адал азамат» бағдарламасының негізгі құндылықтарының бірі.