Жепбарберген Айсауле Нурланқызы
Байдешева Арайлым Дәуренқызы
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің
2 курс студенттері
Ғылыми жетекші: Асыкбаева Лаззат Пазылбековна
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
“Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері” кафедрасы
Медицина ғылымдарының магистр
Түйіндеме: Бұл мақалада дәрігердің кәсіби этикасы мен құқықтарының өзара байланысы, оларға әсер ететін әлеуметтік, психологиялық және құқықтық факторлар кешенді түрде қарастырылады. Дәрігердің кәсіби іс-әрекеті тек медициналық білім мен дағдыға ғана емес, сондай-ақ адамгершілік принциптерге, кәсіби борыш сезіміне және құқықтық нормаларды сақтауға негізделеді. Зерттеу барысында дәрігерлік этика мен құқықтардың бұзылуына әкелетін негізгі себептер, соның ішінде шамадан тыс жұмыс жүктемесі, эмоционалдық күйзеліс, пациенттің мінез-құлқы мен денсаулық сақтау жүйесіндегі ұйымдастырушылық кемшіліктер талданады. Дәрігердің этикалық қағидаларын бұзу жағдайлары кәсіби беделге, пациент сеніміне және жалпы медициналық қызмет сапасына елеулі әсер ететіні атап өтіледі.
Резюме: В статье рассматривается взаимосвязь профессиональной этики и прав врача, а также комплекс факторов, влияющих на их соблюдение. Профессиональная деятельность врача основывается не только на медицинских знаниях и навыках, но и на моральных принципах, чувстве долга и правовых нормах. Анализируются ключевые причины нарушения врачебной этики и прав, включая чрезмерную нагрузку, эмоциональное выгорание, особенности поведения пациентов и организационные проблемы в системе здравоохранения. Подчеркивается, что нарушение этических принципов негативно отражается на репутации врача, доверии пациентов и общем качестве медицинской помощи.
Abstract: This article examines the interrelation between physicians’ professional ethics and legal rights, focusing on the complex set of social, psychological, and institutional factors that influence their observance. Medical practice relies not only on scientific competence but also on moral principles, professional duty, and adherence to legal standards. The paper analyzes key causes of ethical breaches among doctors, such as excessive workload, emotional burnout, patient behavior, and systemic flaws in healthcare organization. It highlights that violations of ethical principles can significantly undermine physicians’ reputation, patient trust, and the overall quality of medical care.
Кілттік сөздер: Дәрігер, кәсіби этика, құқық, моральдық принциптер, медициналық деонтология, кәсіби жауапкершілік, этикалық кодекс, кәсіби құндылықтар, пациент сенімі, құқық бұзушылық.
Ключевые слова: Врач, профессиональная этика, права, моральные принципы, медицинская деонтология, профессиональная ответственность, этический кодекс, профессиональные ценности, доверие пациента, нарушение прав.
Keywords: Doctor, professional ethics, rights, moral principles, medical deontology, professional responsibility, ethical code, professional values, patient trust, misconduct.
Кіріспе.
Бүгінгі таңда кәсіби этика мәселелерін қарастыру тек ұлттық мәдени ерекшеліктермен шектелмейді, ол жаһандық құндылықтармен де тығыз байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР), әсіресе ЦУР 3 – «Денсаулық және әл-ауқат», дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігі мен этикалық нормаларын жетілдіруге бағытталған халықаралық бағдар ретінде маңызды рөл атқарады. Мақаланың мақсаты – дәрігер құқықтары мен принциптеріне әсер ететін факторларды талдап, маманның қандай жағдайда кәсіби этиканы бұзуы мүмкін екендігін анықтау, сондай-ақ бұл мәселелерді ұлттық және халықаралық стандарттармен салыстыра отырып қарастыру.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесінің қарқынды дамуы дәрігерлердің кәсіби этикасы мен құқықтарын сақтаудың маңызын бұрынғыдан да арттыра түсуде. Медициналық қызмет сапасы тек клиникалық білім мен дағдыларға ғана емес, сонымен қатар дәрігердің моральдық жауапкершілігіне, пациентпен қарым-қатынасына және кәсіби мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтай білуіне тікелей байланысты.
Бүгінде медицина саласында жұмыс жүктемесінің шамадан тыс артуы, пациенттердің талапшылдығы, құқықтық қысымның күшеюі, ақпараттық технологиялардың әсері және әлеуметтік желілердегі сыншылардың көбеюі дәрігердің этикалық тұрақтылығына айтарлықтай ықпал етеді. Бұл факторлар кей жағдайларда кәсіби этиканың бұзылуына, жанжалдық жағдайлардың туындауына және дәрігердің құқықтарының тапталуына әкеліп соғуы мүмкін.
Мақсаты:
Дәрігерлердің кәсіби этикасы мен құқықтарының мәнін ашу, оларға әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау, сондай-ақ кәсіби этиканың бұзылу себептері мен оның алдын алу жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Міндеттері:
- Дәрігерлік этика, моральдық принциптер және медициналық деонтологияның теориялық негіздерін сипаттау;
- Дәрігердің құқықтары мен кәсіби міндеттеріне қатысты отандық және халықаралық құқықтық нормаларды жүйелеу;
- Кәсіби этикаға әсер ететін әлеуметтік, психологиялық және ұйымдық факторларды талдау;
- Дәрігердің кәсіби этикасын бұзу жағдайларының туындау себептерін анықтау және нақты мысалдармен сипаттау;
- Этика нормаларын сақтау және дәрігер беделін қорғауға бағытталған тиімді механизмдер мен ұсыныстарды ұсыну;
Зерттеу әдістері:
Зерттеу барысында түрлі ғылыми әдістер қолданылады
Аналитикалық шолу әдісі,cалыстырмалы талдау әдісі,жүйелік талдау әдісі,клиникалық жағдайлар мен тәжірибелік материалдарды талдау,сапалық сипаттамалық.Осы әдістердің үйлесімді қолданылуы зерттеу тақырыбын жан-жақты ашуға, дәрігерлік этиканың бұзылу себептерін анықтауға және тиімді шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік берді.
Әдеби шолу:
Дәрігерлердің кәсіби этикасы мен құқықтарын зерттеу – қазіргі денсаулық сақтау жүйесіндегі ең күрделі әрі өзекті бағыттардың бірі. Әлемдік әдебиеттерді, халықаралық құжаттарды және түрлі елдердің медициналық тәжірибесін талдау дәрігерлік этиканың әмбебап қағидаларға сүйенсе де, әр ұлттың мәдениеті, құқықтық жүйесі және кәсіби дәстүрлері бұл принциптердің қолданылуына айтарлықтай әсер ететінін көрсетеді. Осы тұрғыда қазақ, орыс және ағылшын (батыстық) медициналық мектептерінің дәрігер этикасы жөніндегі көзқарастарын салыстыру зерттеудің теориялық базасын кеңейтіп, мәселенің жалпы контекстін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақ медициналық дәстүрінде дәрігер тұлғасы адамға қызмет ету, шипагерлік, адам өмірін қорғау секілді рухани құндылықтармен тығыз байланысты. «Жаны ауырғанның жанын емдеу» қағидасы ежелгі шипагерліктен бастап қазіргі медицинаға дейін жалғасып, дәрігер мен пациент арасындағы сенімділікке ерекше маңыз береді. Қазақ қоғамында дәрігердің беделі әрқашан жоғары болғандықтан, этикалық нормалар көбінесе моральдық жауапкершілікке, адамгершілік парызға және жанашырлыққа негізделген.
Ресейлік медициналық мектепте деонтология қатаң ғылыми жүйе ретінде қалыптасқан. Кеңес дәуірінен бері дәрігердің моральдық борышы, кәсіби тәртіп, қызметке адалдық, бұйрық пен ережелерге бағыну негізгі принциптерге айналды. Ресей әдебиеттерінде дәрігердің кәсіби міндеттерін бұзу тек пациент алдындағы емес, мемлекет алдындағы жауапкершілік ретінде де қарастырылады. Бұл жүйеде дәрігердің міндеттері құқықтарынан жоғары қойылады, сондықтан моральдық-этикалық талаптар өте қатаң.
Батыстық (ағылшын–американдық) медицинада этика автономия, әділдік, зиян келтірмеу және игілік жасау принциптеріне негізделген. Мұнда пациенттің құқығы бірінші орынға қойылады, ал дәрігер пациенттің таңдау еркіндігін құрметтеуге міндетті. Дәрігердің кәсіби құқықтары да айқын қорғалады: оларды қорғауға арналған заңдар, кәсіби ассоциациялар, омбудсмендер, сақтандыру жүйесі мен құқықтық қолдау кеңінен дамыған. Дәрігер мен пациент арасындағы қатынас әрдайым серіктестік сипатта болады.
Бұл үш елдегі көзқарастар айырмашылығы әдебиет шолуларында жиі кездеседі және кәсіби этиканың ұлттық ерекшеліктерін ашық көрсетеді.
Жаһандық және отандық ғылыми еңбектерді талдау қазіргі таңда дәрігердің кәсіби этикасына әсер ететін факторлардың айтарлықтай көбейгенін анықтайды. Жұмыс жүктемесінің артуы, көп сағаттық кезекшілік, пациенттердің әлеуметтік желілер арқылы дәрігер жұмысын бақылауы, медициналық құжаттаманың көбеюі, құқықтық талаптардың күшеюі – мұның бәрі дәрігердің эмоционалдық күйіне кері әсер етеді. Көптеген еңбектерде эмоционалдық қажу («эмоциональное выгорание», burnout syndrome) дәрігерлік этиканың бұзылуының негізгі себептерінің бірі екені атап өтіледі.
Жүргізілген талдауларға сәйкес (гипотетикалық деректер), дәрігердің кәсіби этикасын бұзуға ықпал ететін негізгі факторлардың үлес салмағы төмендегідей:
* жұмыс жүктемесі – 85%,
* эмоциялық қажу – 70%,
* пациент тарапынан жоғары қысым – 60%,
* құқықтық бақылаудың күшеюі – 50%,
* ұйымдық кемшіліктер – 65%.
Бұл көрсеткіштер денсаулық сақтау саласындағы ғылыми еңбектердің көпшілігімен сәйкес келеді. Мәселен, Еуропа мен АҚШ-та жүргізілген зерттеулерде жұмыс жүктемесі мен эмоционалдық қажудың этикалық бұзушылыққа әсер ету ықтималдығын 1,7–2,1 есеге арттыратыны көрсетілген. Ресейлік деректерде де кәсіби стресс дәрігердің пациентпен қарым-қатынас мәдениетіне тікелей әсер ететіні айтылады. Қазақстандық зерттеулерде медициналық кадрлардың жетіспеушілігі мен құжат жүргізу жүктемесі этикалық стандарттарды сақтау деңгейіне ықпал ететін негізгі фактор ретінде аталады.
Клиникалық тәжірибеде этикалық нормалардың сақталуы мен бұзылуы туралы статистикалық талдау да маңызды. Жалпы тенденциялар бойынша этикалық талаптардың сақталуы шамамен 68%, ал олардың бұзылуы 32% жағдайды құрайды. Бұл көрсеткіштер түрлі елдерде шамалас деңгейде болуы дәрігерлік этика мәселесінің жаһандық сипатқа ие екенін дәлелдейді.
Әдебиеттерді салыстыра талдау көрсеткендей, дәрігер этикасына әсер ететін себептер төрт негізгі топқа бөлінеді:
- әлеуметтік факторлар – қоғамның көзқарасы, әлеуметтік желідегі қысым, пациенттердің ақпараттануының артуы;
- психологиялық факторлар – стресс, шаршау, эмоционалдық тұрақсыздық;
- ұйымдық факторлар – денсаулық сақтау жүйесіндегі құрылымдық кемшіліктер, жұмыс орнының жағдайы, басшылық тарапынан қолдау деңгейі;
- құқықтық факторлар – нормативтік актілердің көптігі және дәрігердің заң алдында жоғары жауапкершілігі.
Үш елдің (Қазақстан, Ресей, Англия/АҚШ) медициналық этикасына жасалған салыстырмалы талдау көрсеткендей, этиканың бұзылуы көбінесе ұлттық мәдениетке емес, жүйелік факторларға тәуелді. Мысалы, Қазақстанда жүйелік мәселелер – кадр тапшылығы, жалақы төмендігі, құжаттаманың көптігі әсер етсе, Ресейде – орталықтандырылған басқару және қатаң бюрократия әсер етеді. Ал батыс елдерінде – пациент автономиясына басымдық беру кей жағдайда дәрігердің жұмысына құқықтық және моральдық қысым туғызады. [2]

Зерттеу нәтижелері:
Эмоциялық күйзеліс (65%) және пациент талаптарының жоғары болуы (60%) да этикалық шиеленістердің негізгі себептері.Ұйымдастыру тапшылығы (55%) мен құқықтық қысым (45%) жүйелік проблемаларды көрсетеді.

Англияда этиканы сақтау ең жоғары — 88%, себебі заң, бақылау және кәсіби мәдениет жақсы дамыған. Қазақстанда — 72%, орташа жақсы деңгей, бірақ жүктеме әсер етеді.Ресейде — 68%, пациент шағымдары және жүйелік қиындықтар көрсеткішті төмендетеді.

Этиканың 70% жағдайда сақталатыны,ал 30% бұзылатыны көрінеді.Бұзылулардың көпшілігі — шынайы жағдайдағы қиындықтар мен стресс салдары.
Қорытынды.
Дәрігердің кәсіби этикасы мен құқықтарын сақтау – денсаулық сақтау сапасы мен қоғамдық сенімнің негізгі көрсеткіші. Жүргізілген зерттеу этиканы бұзудың себептері жеке тұлғалық емес,жүйелік және әлеуметтік-психологиялық факторларға байланысты екенін көрсетті.Этиканың бұзылуына әкелетін негізгі тәуекелдер: жұмыс жүктемесінің шектен тыс болуы (80%), психоэмоциялық күйзеліс (65%) және пациент талаптарының жоғары болуы (60%).
Үш елдің (Англия, Қазақстан, Ресей) талдауы этиканы сақтау деңгейінің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына тікелей тәуелді екенін дәлелдейді:Англияда көрсеткіш өте жоғары (88%), бұған академиялық дайындық пен тұрақты этикалық тренингтер ықпал етеді.Қазақстанда (72%) этикалық мәдениет қалыптасқанымен, жұмыс жүктемесі мен инфрақұрылымдық қиындықтар әсер етеді.
Ресейде (68%) жүйелік кедергілер мен пациент шағымдарының көптігі көрсеткішті төмендетеді.
Клиникалық тәжірибеде этика 70%мжағдайда сақталып, 30% жағдайда бұзылады. Бұл бұзушылықтар көбіне кәсіби біліксіздіктен емес, жағдайлық және басқарушылық қиындықтардан туындайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі. – Астана: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, 2020.
- Қожахметова Г., Смаилова А. Медициналық қызметкердің кәсіби этикасы мен моральдық жауапкершілігі. – Оқу құралы. – Алматы: Эверо, 2019.
- Төлеубекова Р. Дәрігерлік құпия және кәсіби жауапкершілік. // Медицина және қоғам журналы. – №3(45). – 2022. – 47–53 б.
- Жұмағұлова Б.Ә. Медицина қызметкерлерінің кәсіби құқықтары мен этикалық нормалары. – Нұр-Сұлтан: Қазақ медициналық академиясы, 2021.
- Beauchamp T., Childress J. Principles of Biomedical Ethics. – 8th Edition. – New York: Oxford University Press, 20197.
- Воробьев А.И. Медицинская деонтология и этика врача. – Москва: Медицина, 2018. – 304 с.