Батталин Нұрқуат
Астана қаласы, Есіл ауданы
“Seed educational complex” ЖШС
4-сынып оқушысының мақаласы
Сынып жетекшісі: Досаева Сауле Сериковна
Мен таңертең ерте, 7:00-де оянамын. Алдымен бетімді жуамын, тісімді тазалап, шомыламын. 7:40-та анаммен бірге үйден шығамын. Мектепке 8:10-да жетемін.
Менің сабақтарым өте қызықты өтеді. Бірінші сабақ – ағылшын тілі, одан кейін математика, қазақ тілі , әдебиеттік оқу сияқты пәндер жалғаса береді. Кешке дейін тоғыз сабақ оқимын. Сабақ барысында мұғалімдер әр оқушыға назар аударып, тақырыпты түсіндіріп отырады.
Сабақ аяқталғаннан кейін мені ағам алып кетеді. Үйге келген соң тамақтанып аламын да, киімдерімді сөмкеме салып, тренировкаға шығамын. Тренировкаға келгенде спорт киімімді киіп, алтыншы болып сапқа тұрамын. Алдымен разминка жасап, денені қыздырамыз. Содан кейін техникалық жаттығуларды орындаймыз, соңында күрес техникасын тәжірибеден өткіземіз.
Тренировка өте ауыр болса да, мен шыдамдылық танытып, барымды салуға тырысамын. Мұндай күнделікті өмір мені тәртіпті, ұйымшыл және жауапкершілікті етеді. Мен үйге 21:00-де қайтып келемін, кешкі тамақтанған соң сабаққа дайындық немесе демалысқа уақыт бөлемін.
Менің өмірім осылай қызықты әрі белсенді өтіп жатыр. Күнделікті сабақ пен спорт мені шыңдап, болашаққа сенімді қадам жасауға көмектеседі. Менің армандарым үлкен, және мен олар үшін әр күн еңбектенемін.