Сулейменова Жанат Айназаровна
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
«№31 бастауыш мектеп- балабақша» кешені КММ
№5 «Құлпынай» ересек топ
Тәрбиешісі
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктерін атап айту. Ертегі кейіпкерлерімен таныстыру.
Ертеңгілік барысы:
Жүргізуші:Балалар көңіл-күйлерің қалай?
Балалар: Тамаша
Жүргізуші:Қазір балалар жылдың қай мезгілі?
Балалар:Қазір жылдың күз мезгілі
Жүргізуші:Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
Балалар: Ауа райынан
Жүргізуші: Ауа райы қазір қандай?
Балалар: Қазір ауа райы салқын
Жүргізуші: Күз мезгілінің айларын атап беріңдерші Балалар:Қыркүйек,қазан,қараша
Жүргізуші: «Күзгі орман ғажайыптары »атты ертеңгілігімізді тамашалаңыздар
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,қонақтар,әріптестер бүгінгі күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз .
Ән: «Топ-топ балақан»
Жүргізуші: Ендеше ортаға күз ханшайымын шақырайық
Күз: Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл,жарқын күз
Сары алтынға малынған.
Мен күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме көргеніме өте қуаныштымын. Берекемді сыйлауға. Ортаңызға мен келдім.
Ертегімді тыңдауға шақырамын сендерді .
Жүргізуші: Күзгі орман қандай әдемі. Ол көптеген ғажайыптарды жасыруда. Мен бір дауыс естіп тұрмын.
Жүргізуші: Балалар ненің дауысы?
Балалар: Жаңбырдың Ән: «Кап-кап-тук тук»
Күз:Күндердің күнінде орманда қатты жаңбыр жауады.Сол жаңбырдың астында кішкентай тышқан қалып қалды,кенет ол саңырауқұлақты көріп,астына тығылып қалады.
Тышқан:- Недеген нөсер жауын, пи-пи-пи.
Саңырауқұлақтың астында отырып, жаңбырдың тоқтағанын күтей. Саңырауқұлақтың астында отырып,жаңбырдың тоқтағанын күтейін.
Күз: Жаңбыр болса,бірте-бірте күшейіп тоқтар емес.
Сол кезде жасырынатын жер іздеп кіргізі келеді.
Кірпі:Саңырауқұлақтың астына мен де,тығылайыншы.
Тышқан:Сені қалай кіргіземін,өзім әрең сиып отырмын.
Кірпі:-Ештеңе етпес,көңіліміз кең болса, жер тарлығы білінбес.
Күз:-Тышқан кірпіні саңырауқұлақтың астына кіргізіп алады.
Жаңбыр тіпті қатты жауа бастайды. Осы кезде саңырауқұлақтың қасына ентіге секіріп тиын келеді.
Тиын: Кіргізіңдерші мені! Үстімнен су сырғалап ағып тұр!
Кірпі,тышқан:-Сені қайда кіргіземіз?
Көрмейсің бе өзімізге орын жетпей тұр!
Тиын:-Көңіл сиса бәрі сияды.
Күз: Солай деді де тиын да саңырауқұлақтың астына тығылады.
Алқапқа осы арада ырғып шыққан қоян саңырауқұлақты көріп айқай салады. Қоян!-Құтқарыңдар! Менің артымнан түлкі қуып келе жатыр, қай жерге тығыламын, қай жерге жасырынамын.
Кірпі:Тағы да қысылып көрейікші, қоянды аяп кеттім.
Күз: Қоян саңырауқұлақтың астына тығылып қалады, сол кезде түлкі де,артынан келеді. Түлкі саңырауқұлаққа жақындап, тұмсұғымен түрткілеп иіскей бастады.
Түлкі:Осы жерде қоян тығылып тұрған жоқ па?
Барлығы бірге: -жоқ,бұл жерге қалай тығылады, біз өзіміз зорға сыйып отырмыз.
Күз:-Түлкі құйрығын әрі-бері бұлғаңдатып күннің көзі жарқырап шығады. Саңырауқұлақтың астындағылар бәрі-қуана-қуана жүгіріп шықты.
Тышқан:-Бұл қалай болды?
Саңырауқұлақтың асты менің өзіме де тар еді,ал енді бесеумізге де орын табылып,кішкентай жерге сыйып кеттік?
Саңырауқұлақ:-Мен сендерге құпияны ашайын.Бұл сендердің мейірімді жүректерің мен бір-біріңе деген қамқорлықтарыңның арқасында болды.
Ал мен өзім жауынның көмегімен өстім.
Күз:-Күзгі орманның ертегісі ұнады ма балалар!
Ендеше мерекеміз жалғасады.
Би:«Жапырақтар»
Балалар барлығымыз күзгі алқаптағы жапырақтарды жинап алайық. Ойын:«Жапырақтарды жинау»
Балалар сендерге ертегі ұнады ма ?
Балалар:Ия,ұнады
Олай болса ертегі кейіпкерлерімен қоштасайық.
Күз:Балалар сендерге күздің сыйын ала келдім. Балалар сау болыңдар.