Жеңіс Зере
Астана қаласы, Есіл ауданы
“Seed educational complex” ЖШС
4-сынып оқушысы
Сынып жетекшісі: Досаева Сауле Сериковна
Астана қаласы – Қазақстанның астанасы. Ол өте әдемі және заманауи қала. Басқа қаладан келген мен үшін бұл ерекше әсем және қызықты. Қалада көптеген таңғажайып ғимараттар бар: Бәйтерек, Абу-Даби, Хан Шатыр және тағы басқалары.
Бәйтерек – қаладағы ең көрікті және күшті ғимараттардың бірі. Оның ішінде мини-кафе бар, және ең бастысы, тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы сақталған. Бұл ғимаратқа келген әр адам Қазақстанның тарихы мен болашағын сезінеді.
Астана қаласының тарихы да қызық. Бұрынғы аты – Целиноград. Қала әрдайым дамып, жыл сайын жаңа ғимараттар мен саябақтар пайда болады. Мұнда ерекше көшелер, кең алаңдар, жасыл желек және заманауи инфрақұрылым бар.
Қаланың экономикасы мен мәдениеті де қарқынды дамуда. Өз валютасы бар және Қазақстанның қаржы орталығы ретінде маңызды рөл атқарады. Астанаға келген туристер үшін көптеген мұражайлар, театрлар, көркем галереялар ашық, сонымен қатар түрлі мәдени іс-шаралар жиі өткізіледі.
Мен үшін Астана – тек астана ғана емес, бұл еліміздің мақтанышы, заманауи мәдениет пен дәстүрдің тоғысқан жері. Мұнда болу әрқашан қуаныш пен шабыт береді