Бахтыбаева Айым
Астана қаласы, Есіл ауданы
“Seed educational complex” ЖШС
4-сынып оқушысы
Сынып жетекшісі: Досаева Сауле Сериковна
Менің атым – Айым. Менің отбасымда бес адам бар. Үйімізде сүйкімді мысығымыз бар, оның аты – Лео. Мен тоғыз жастамын, 4-сынып оқушысымын. Сонымен бірге менің он екі жастағы ағам бар. Тағы бір кішкентай інім бар, ол менің соңымнан еріп жүреді.
Менің ағам қазір 7-сыныпта оқиды. Ол Көкшетау қаласындағы қазақ-түрік лицейінде білім алады. Ағам екі жұмада бір рет қана үйге келеді, қалған уақытта лицейінде тұрады. Ал мен Астанада отбасыммен бірге боламын. Ағамды алыста жүргенде қатты сағынамын.
Бүгін қарашаның жиырма жетісі, бейсенбі. Ертең жұма – ағамның үйге келетін күні. Ол келгенде мен қатты қуаныштымын. Бірақ ең өкініштісі, бір-екі күн бізбен болып, жексенбі қайта кететіндігі.
Ағам мысығымызды ерекше жақсы көреді. Біз Леодан бұрын бір тышқан асырап көрдік, бірақ ағамда аллергия болғандықтан оны тапсыруға тура келді. Лео – қазіргі мысығымыз, оған алты ай болды. Ол үйдің сүйкімді мүшесіне айналды.
Ағам есейген сайын оның мінезі мен көзқарасы өзгере бастады. Келгенде мен бұрынғыдай ойнап, сөйлескім келеді, бірақ ол көбіне үндемей отырады. Мүмкін ол тек ұлдармен сөйлесуді қалайтын шығар деп ойлаймын. Бірақ қандай өзгеріс болса да, мен ағамды бұрынғыдай жақсы көремін. Біз бір-бірімізді сағынамыз, бірге уақыт өткізген әр сәт біз үшін қымбат.
Ағам үйге келгенде біз Леомен ойнап, бірге қызықты уақыт өткіземіз. Менің ойымша, ағамның бар болуы – отбасымыздың ең үлкен қуанышы.