Кешубаева Гульнар Нуралиевна
Түркістан қаласы.
«№31 бастауыш мектеп-балабақша» кешені КММ.
Тәрбиеші
Ұйымдастырылған іс- қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Дене тәрбиесі.
Тақырыбы:«Қимылды ойындар мерекесі»
Мақсаты:Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру. Дене шынықтыруға деген қызығушылығын дамыту. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ашық ауада көңілді, пайдалы уақыт өткізу.
Өтетін орны: Балабақшаның ауласы спорттық алаң
Керек құралдар: Доптар, құрсаулар (обруч), жалаушалар, конустар, кедергілер , контенерлер,арналған белгілер, әуен құрылғысы.
- Кіріспе бөлім
Тәрбиеші:
– Балалар, бүгін бізде ерекше күн! Біз ашық ауада «Қимылды ойындар мерекесін» өткіземіз.
– Біз бір-бірімізбен жарысамыз, ойнаймыз, көңіл көтереміз!
– Алдымен денемізді қыздырып алайық!
Жалпы дамыту жаттығулары: (Музыка ырғағымен)
1.Қолды жоғары-төмен көтеру
2.Денені оңға-солға бұру
3.Аяқпен жеңіл секіру
4.«Күнге қарай созыл» жаттығуы
- Негізгі бөлім
Қимылды ойындар ретімен өткізіледі:
Балаларды екі топқа болып алу.
І-топ «Жалын», ІІ-топ «Қыран»
1-ойын: «Кім жылдам?»
Мақсаты: ептілік пен шапшаңдықты дамыту.
Балалардың қолында жалауша болады, белгі бойынша кеглилардын арасымен жүгіріп барып, конустың айналасынан өтіп, қайтып келеді. Ойынды келесі бала жалғастырады.
2-ойын: «Допты досыңа бер»
Мақсаты: бір қатарда тұрып , алдында тұрған бала допты қолмен жоғары көтеріп артындағы балаға береді допты түсіріп алмай ойынды жалғастырады..
3-ойын: «Кеглиді дәлдеп құлат»
Мақсаты: Балалар кеглиді дәлдеп білгіленген орыннан құлату керек. Батылдық пен төзімділікті, мергендіктерін анықтау .
4-ойын: «Майда доптарды кім көп малады.»
Мақсаты: Балалар майда доптарды себеттерге дәлдеп лақтыру,кай топ көп жинайды.
5-ойын: «Қояндар мен қасқырлар»
Мақсаты: реакция мен қимыл шапшаңдығын дамыту.
Балалар – «қояндар», тәрбиеші – «қасқыр». Сигнал бойынша қояндар «ініне» (шеңберге) жүгіріп жасырынуы керек.
- Қорытынды бөлім
Тәрбиеші:– Жарайсыңдар, балалар! Бүгін бәрің өте белсенді, епті, ұйымшыл болдыңдар.
– Денеңді шынықтырған бала – дені сау, көңілі шат бала!
Балалармен бірге тыныс алу жаттығулары жасалады.
Соңында барлығы «Көңілді балалар» биін билейді .
Қорытынды нәтиже: Балалар таза ауада белсенді қимылдап, көңілді уақыт өткізеді, достық пен командалық рух қалыптасады.