Ұлттық құндылықтар негізінде балалардың танымдық қабілеттерін дамыту

Орматаева Ақгүл Арманқызы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
“B
aqytty bala” балабақшасы
Тәрбиеші


Аннотация:Мақалада ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін пайдалана отырып және қазіргі ғылыми жаңашылдықтарды ескере отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуді жетілдірудің өзектілігі мен маңыздылығы талқыланады. Қазіргі жағдайда мұғалімдерді тиімді қолдау және бағдарлау қажеттілігіне, сондай-ақ мектеп білім алушыларын дамыту мен тәрбиелеудің әртүрлі бағыттарына, соның ішінде құндылықтарды білім беру процесіне интеграциялауға, тәрбие іс-шараларын ұйымдастыруға және ұлттық рух пен құндылықтарды қалыптастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдануға баса назар аударылады. Бұл мақала мектепте ұрпақ тәрбиесін жетілдірудің өзекті бағыттарына шолу болып табылады. Мақалада жас ұрпаққа тәрбие беру жұмыстарын 6 бағытта жүргізу қарастырылды: мектептің ұжымдық мәдени-тәрбиелік ортасы, отбасылық құндылықтар жүйесі, отбасылық құндылықтар жүйесі, ұлттық құндылықтар жүйесі, салауатты өмір салты, АКТ сауаттылық, адал кәсіпкерлік еңбек құндылықтары. Осы бағыттарды қолдау үшін бастауыш мектептен бастап жоғары сынып оқушыларына дейін білім берудің барлық деңгейлерінде қолдануға болатын сынып жетекшілеріне, ата-аналарға және оқушыларға арналған 14 әдістемелік құрал әзірленіп, олардың бағыттары мен күтілетін нәтижелері жазылған. Мақалада ұрпақты тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін жаңғырту, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, ақыл-ой қабілеттерін дамыту және патриоттық тәрбие беру қажеттігін атап көрсетеді.

Түйін сөздер: ұлттық тәрбие, құндылықтар, саналы ұрпақ, балабақша.

Кіріспе

Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие- адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінінің ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай балабақшадағы тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді .

«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал ұрпақтың тағдыры тәрбиешінің қолында». Балабақшаға келген балалармен жұмыс жасау әр тәрбиешінің жауапкершілігін талап етеді.

Балабақшаның басты мақсаты — тәрбиеленушілеріне сапалы да,саналы білім беріп, адамгершілікке баулу. Себебі тәрбиесіз,білімсіз адам әрқашан ел дамуына, адамзаттың өркендеуіне кедергісін келтіретіні қақ. Сол себепті де алдымызға келген әрбір балаға сапалы білім мен тәрбие беру менің басты міндетіміз деп білемін.

Біздің педагогикалық ұстанымымыз балаларды денсаулығы мықты адам етіп қана өсірмей,сонымен қатар кең пейілді,ақылды, жауапкершілігі мол адам етіп тәрбиелеу. Тәрбиеші баланы жан тәнімен сүюі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу,оның мүмкіндіктеріне сену тәрізді қасиеттері арқылы өз мәртебесін көтере білуі тиіс.

 

Балабақшада бүлдіршіндерді халық ауыз әдебиет үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу, балабақша тәрбиешілерінің міндеті болып табылады. Бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамытуда халық ауыз әдебиет үлгілері- ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жанылтпаштардың тигізетін пайдасы ұшан-теңіз.

Халық ауыз әдебиеті-талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай,асыл қазына, халық шежіресі. Онда халқымыздың өтенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз, халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.

 

Балабақшадағы ұлттық тәрбиені өзектілігі

Тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып,тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт –дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады.Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт дәстүрін,ана тілін қастерлеу үлкенге –құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп,тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу. Қайырымдылықты–халықтан,пайымдылықты- қариядан үйрен деген ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық адами қасиеттермен әдет ғұрыпты оқу ісәректін ұйымдастыруда үйреніп,алдағы өмірлерінде арқау болатынын ұғындыру.Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну. Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз. Серғазы Қалиев этнопедагог, профессор:– Ұлттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек. «Не ексең, соның орасың» демекші, балаларымызды қандай жолға бастасақ, олардың сол бағытты алатыны белгілі. Ал біздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз – тәрбиеміз қазақтан басқа ешкімде жоқ үлгі. Ал біз соны пайдалана алмай отырмыз. Мойындау керек, қазір мектептеріміз тәлім-тәрбие бағытынан ауытқып, тек оқытумен шектеліп қалған. Сондықтан да балабақша, мектептерге ұлттық тәрбиені енгізетін кез жетті. Әлбетте ұлттық тәрбиенің жанында ұлттық білім беру жүруі тиіс. Осы екеуін үйлестіру арқылы білім беру жүйесінің қазіргі тәжірибесін ұлттық инновациямен алмастыру керектігін қазір көпшілік көтеріп жүр. Құзырлы министрліктің осы мәселеге лайықты көңіл бөлетін күні алыс емес деп сенемін.Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады. Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару. Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» — дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым» — дейді. Алтынай Жайтапова, педагогика ғылымының докторы: – Ата-бабамыз мұраға қалдырып кеткен рухани дүниетанымымызды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі мекемеге, мектептерге ұлттық инновацияны енгізуге барынша күш салуымыз керек. Инновация дегеніміздің өзі – жаһандану заманында ғылымның, жаңалықтың өндіріске енгізілуі ғой. Ең басты айтарым, қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге деген құрмет жатыр емес пе? Міне, біздің жастарда дәл осы қасиет жетпей жатыр. Оқу процесі кезінде де сөз жоқ, ұлттық инновацияның маңызы зор. Қысқасы, ұлағатты ұрпақ өсіруде осы ұлттық инновациялық әдістәсілдер таптырмайтын құрал бола алатындығына ешкім дау айтпаса керек Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа? Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді. Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет: — белсенді қарым-қатынас: баламен тәрбиешінің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы; — индивидтік: тәрбиешінің әр жеке баланың ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы; — өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту; — шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені беруде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіннің мәні неде? 1.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті– адамның қалыптасуы,тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету.

2.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу,оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі.Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады.

3.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті– адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы.Ол – тұлғаны түсіну,өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау.

4.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттлады.Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.. Тарихқа көз жүгіртсек ата бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қағидасын жас ұрпақта тәрбиелеуде пайдаланған. Бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, үміт артып сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына мақсат қойып, міндеттер жүктеген. Болашақ қамқоры, Отан қорғаушысы шаңырақ иесі, өмір гүлі деп есептеген.      Ұлттық тәрбиені өмірлік тәжірибелері, ойға түйгендері, бастан кешкендері, ұстаған қағидалары, тұжырымдары, жинаған әдет ғұрыптары, салт дәстүрлері, ақыл — ойлары, тәрбие шежіресі халық педагогикасы болып саналады. Ұлттық тәрбиені халықтың ауыз әдебиетінде тәрбие дәстүрлерінде, шығармаларында, отбасы тәрбиесінде, ұлттық ойындарда, музыкалық шығармаларында және қолөнер туындыларында көрініс тауып ұрпаққа беріліп отырған. Халық дүниеге келген жас нәрестенің жолына бар жақсылықты бағыштаған. Балаларға арнап көркем сөздер, өлеңдер, жұмбақ — жаңылтпаштар, әңгімелер шығарған Ұлттық тәрбиеге сөздердің берері өте мол болған. Мысалы: «аяғыңды көкке көтерме», «үйге қарай жүгірме», «қолыңды төбеңе қойма», «мал сүйегін отқа жақпа», «ақты төкпе», «қолыңмен жер таянба», «есікті керме», «пышақты жалама»… т.б. Халық тәрбиесіне сонымен қатар ұлттық салт — дәстүрлер кіреді. Оның бірнеше түрлері бар …Қазіргі кезде мектепке дейінгі сәбилерді тәрбиелеуде оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жолын, мазмұнын, формасын өзғерте отырып, оқушыларды жақсы біліммен қамтамасыз ету, халықтық салт — дәстүрлер негізінде тәрбиелеу қолға алынуда. Ұлттық тәрбиені сабақ барысында қолданусәбилерге оқу іс-әрекетін ұйымдастыру да , психикалық процестері меп танымдық қасиеттерінің дамуына өте күшті әсер етеді. Ұлттық тәрбиені қолданып сабақ өткізу, білім беру ұтымды. Арнайы сабақ, ойын сабағында болсын Ұлттық тәрбиені қолдану қажет деп ойлаймыз. Қазіргі ұлттық тәрбиеде басты нысана баламен рухани үндестікпен үйлесімдікке ұмытылу ,ата –баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу.халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болады.қазақ халықы баланы дүниедегі барлдық асылдан жоғары бағалаған ,болашағына ,арманына бағалаған.Сондықтан халқымыз «Балалы үй базар,баласыз үй мазар», «Босағасын алтынан соққсаңда ,перезент сүймей адамның мейірі қанбас деп барлық асыл сөзді арнаған. Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген.Ата,апа, әке шешенің қарым қатынасы жас баланың адамгершілік жағынан жетілуне үлкен үлес қосады.ізгілікті іске баулиды. Ұлттық рухты адамгершілік сезімді қалыптастыратын педагогикалық фактор-отбасымүшелерінің дұрыс қарым қатынасы,баланы адамгершілікке тәрбиелейді. Рухани байлық дүниетаным,түсінік,рух,иман отбасында қолданылады. Егер сәби отбасынан ана тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасымен сусындаса өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымыздың арнасында әлемдік өркениеттік жетістіктерді игеріп,терең меңгерсек,ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетіпөркениетті ел ретінде нық тұрамыз. Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Ұлтттық тәрбие салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, Ұлтттық тәрбие iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз. Ұлттық тәрбие саласы мол, мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлiм — тәрбие iсiне пайдаланып келедi. Аңыз әңгiмелерден үзiндiлер айтғызып, жаңылтпаштар айтысып, ой әрiсiн кеңейтiп, тiлiн ширатып, жұмбақ айтысып, жұмбақты кәп айта алғанға ңпай жинатып, не сыйлық ұсынып, санамағтар айтып, оны шешуден мүдiрмеген баланы мадағтап, мағал — мәтел жаттаудан озған балаға ғұрмет кәрсетiп, шешендiк сөздердi жаттатып, т.б. ұлттық дәстүрлердi талап ете бiлу керек. Халықтын ойындары, әсiресе, қуыршақ ойынын театрландырып, үй iшiне ата — ана ұйымдастыра бiлсе, үлкен тәрбиелiк жұмыстарды атғарған болар едi. Әулет дәстүрiн қастерлеп, дәстүрлiк мұраларды алға апаруды насихаттап, игiлiктi iстердi ұйымдастырушылар да ата — аналар. Елге белгiлi болып жүрген отбасылық ансамбльдер ұлттық дәстүрлер мен мұраларды алға апарудың үлгiлерi болып табылады. Үй iшiнде «туған күн», «ата — ана — бiздiң күнiмiз», «әке — қорғанымыз», «тазалық күнi», «меймандоспыз — бәрiмiз» тағы басқа тақырыптарда отбасылық той — думан, қонақ күту дәстүрiн өткiзуге де ата — ана тәлiмдiк басшылық жасап, қасиет айтып, өнеге көрсетуге тиiс. Ұлттық тәрбиені пайдалану iсi одан әрi дамытылып балалар бақшасында «Ертегiлер әлемiнде»бөлмесiмен қатар, ұлттық — фольклорлық қойылымдар, музыкалық ойындар, тiл ширату дәрiстерi ұйымдастырылады. Бәрiне де ертегiлер, жұмбақтар, санамақтар, ұлттық ойындар пайдаланылады. Ертегiлерден үзiндi алынып, қызықты қойылымдарды даярлау кезiнде, өрендер кейiпкерлердiң бет — бейнесiн, тiрлiк — тiршiлiктегi орнын байқап, сол бейненi айнытпай көрсетуге тырысады. Тәрбиешi жұмбақ айтыс, санамақ айту, жаңылтпаш айта бiлу ойындарын ұйымдастырады. Ойын қызықты болу үшiн ойынды әнмен, күймен безендiрiп отырады. Әсiресе, қуыршақ ойындарына ұлттық тәрбиені қалыптастыра бiлудiң тәрбиелiк мәнi зор. Қуыршақты «сөйлету» арқылы өзiнiң көп тақпақты жаттап, талай бейненi ойнап үлгергенiн байқамай да қалады. Қуыршақ ойындарының тәрбиелiк тиiмдiлiгi тәрбиешiнiң ұйымдастырушылық қабiлетiне байланысты. Балалар бақшасында ұлттық тәрбие дәстүрлер мен салт — сананың алғашқы қарапайым, негiздерiн өрендерге өнеге ретiнде үйретiп, жаттықтырып, оны iс жүзiнде олардан талап ету керек. Ол iс балабақша бағдарламасында кеңiнен орын алуы тиiс. Біз өзіміз, яғни тәрбиешілер қауымы қазақ халқының ұлттық салт –дәстүрін толық білеміз бе? Осы төңіректе біз ойланып көрейікші.Халқымыздың әдет ғұрыпын, салт-дәстүрін, ата-ана, тәрбиеші өзі толық білмей тұрып,балаларға ұлттық тәрбие беруі мүмкін емес.Қай заманда болсын, ұлттық өрлеудің халықтық қалыптасудың ең негізгі шарты –білім.Ұлттық тәрбиенің өрісі мен өресі –бүгін де, ертең де, халық үшін көкейтесті мәселе .Ұлттық мәдениет болмаса ұлт сақталмайды. Ал балабақша ұлттың да, ұлттық мәдениеттің де, өмір сүруімен дамуының, алғашқы баспалдағы болып саналады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Ұлттық рухта адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған тәрбиешілік жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады. Әр баланың жеке басы оның ұлттық рухта, моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған тәрбиешілердің күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. Сондықтан да қазіргі кезде халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт дәстүрі мен әдет ғұрыпқғұрыпттарын қымбат қазына ретінде бағалап балабақшадағы тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру жағына көңіл бөлуіміз қажет.Адам баласы дүниеге келген күнен бастапүнемі салт дәстүр аясында өседі Бала тәрбиесінде халықтық ,тұрмыстық салт дәстүрдің туу себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор.Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың жас ерекшеліктенріне сай ата –баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып,тәрбие жұмысынғылыми негізде ұйымдастырып,ұтымды жүргізе білуміз қажет . Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбие үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыру келесі принцптерге негізделіп,мақсаты айқындалады. Ұлттық тәрбие жұмысын ізгілендіру Ұлттық тәрбиені демократияландыру Ұлттық тәрбие жұмысын жекелей жүргізу. Мақсаты: ұлттық тәрбие жүйесін дамыту үшін педагогикалық ұйымдастырушыны қажетті ғылыми әдістемелік ,ақпараттық-әдістемелікпен қамтамасыз ету ,оның ішінде білім беру мекемелеріндегі өскелең ұрпаққа ұлтижандыққа тәрбие беруге қолайлы орта жасау Ашық ақпараттанған, әлеуметтік жағынан мығым, білімді ортаны дайындау арқылы балалардың танымдық және шығармашылық әрекетке жеке тұлға ретінде өзін өзі дамыту өзін өзі танытуын ұйымдастырдың кешенді шараларын жасауды қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі мекемелердегі ұлттық тәрбие жұмысында тиімді педагогикалық ынтымақтастық жүйесін дамытуды қалыптастыру. Ұлттық тәрбиеде патриоттық және адамгершілік тұрғыдан түсіндіру.

Ұлттық тәрбие ғасырлар бойы сараланып халықтың ой –арманы ,тіршілік тынысы,шаруашылық кәсібі,салт –дәстүрмен тығыз байланысты. Демек Халық «Баланы жастан» деп бекер айтпаған. Бас қосуларда үлкен адамдардың жақсы ісін,еліне сіңірген еңбегін,мінез құлқын үлгі өнеге етіп отырған. Жаманнан жиреніп жақсыға жақындап отырған. Бабаларымыздың өсиет сөздерін балалардың құлақтарына құйған «Талаптыға нұр жауар» «Бала теңіне қарап өседі.» Баланы ең әдемі мейір шапағатқа ,сонан соң ақыл парасатқа нағыз пайдалы ғылымға баулу», «Ұл қызыңды бес жасқа дейін хандай көтер, он беске келгенше құлдай жұмса ,одан соң құрбыңдай көріп ақылдас» «Ақылсыз ұл қырыққа келгенше бала ,ақылды бала қырқында –дана», «Дәрігердің қолы,ұстаздың жүрегі жылы» ,осындай мақал мәтелдерді ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде пайдалану баланың тілін ширатып,ұлттық рухқа тәрбиелейді.

Қорытынды

Ұрпақ тәрбиесін жетілдіру өзектілігі жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін, қазіргі әлемдік ғылыми жаңалықтар тәжірибесін ұштастырумен негізделеді. Ұрпақ тәрбиесінің жетекші идеясы – жас ұрпақ тәрбиесінде бүгінгі мүмкіндіктерді жіберіп алмау. Рухы мықты, ұлттық намысы жоғары, әлеуметтік жауапкершіліктері қалыптасқан, парасатты, адамгершілігі жоғары қалыптасқан азаматтар тұлғасы мектеп партасынан бастап тәрбиеленуі қажет.

Қазіргі жағдайларда ұрпақ тәрбиесін жетілдірудің мынандай мүмкіндіктері бар:

  • ұлттық құндылықтар жүйесін оқытудың мазмұнына кіріктіру;
  • тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс сабақтарды баланың ұлттық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру;
  • тәрбиешілердің жүргізетін жұмыстарының бағдарламасына этнопедагогикалық өзгерістерді енгізу;

Бұл тұста, балаға ұлттық рух, патриотизмді, ұлттық құндылықтарды, салауатты өмір салтын, АКТ сауаттылығын, кәсіпкерлік еңбек құндылықтарын ұлттық нақышта меңгертудің жаңа әдіс-тәсілдері мен жаңа тұғырларын жандандыру қажет. Мектептерде пән оқытушысы мен қатар тәрбиеші-мұғалім, тәлімгер-мұғалім қызметтерін бөліп қарастыру көзделуде. Тәрбиенің тиімділігі тәрбиешінің шеберлігіне, оның оқушылармен тығыз сенімді қарым-қатынасына байланысты.

Қолданылған деректер тізімі

1.Крупская Н.К. Мектепке дейінгі тәрбие туралы, Алматы, Мектеп, 1988.
2. Давиденко Л.А. Воспитание детей раннего возраста в детском саду. Алма-Ата, мектеп, 1975.
3. Выготский Л.С. Педагогические сочииения: в 6 т. -М.: Педагогика, 1984, т.4. -432 с.
4. Макаренко А.С. Собр. соч. в 7-томах, – М.,АПК РСФСР, 1957. – 424 с.
5. Суслова Э.К. Интернациональное воспитание детей 6-ти лет посредством сказки. В кн: Воспитание умственной акитвности у детей дошкольного возраста. М., 1983.
6. Сухомлинский В.А. Как воспитывать настоящего человека. – М., 1989.
7. Құлжанова Н. Мектептен бұрынғы тәрбие. Орынбор, 1923. 36 б.
8. Құлжанова Н. Ана мен бала тәрбиесі. Қызылорда, 1927, 116 6.
9. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. Астана, 2008
10. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы: Санат, 1991
11. Әбілова З. Этнопедагогика А., 1997
12. Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-200 Іжж.). Пед. ғыл. канд. дисс.-Алматы, 2001.15 153 б.
13. Баймұратова Б. Сәбилердің сөздік қоры мен сөйлеу тілінің ерекшеліктері Пед.ғыл.канд.дис. 13.00.01. -Алматы, 1964. -147 б.
14. Меңжанова А.К. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу. -Алматы, Мектеп, 1987. — 152 б.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх