Жақсы ұстаз, жақсы шәкірт жасаса ғана, шын ұстаз бола алады

Давлетова Ботакоз Бактыгалиевна
«JAIYG GARDEN» элиталық мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі

Ұстаз – ұлы тұлға. Өмір теңіз болса, гаухары ұстаз. Өмір алтын болса зергері ұстаз. Өмір ақын болса сөзі ұстаз, өмір жүзік болса көзі ұстаз. «Ұстаз болу- жүректін батырлығы. Ұстаз болу – сезімнің ақындығы. Ұстаз болу – сенімнің күн шуағы, азбайтұғын адамның алтындығы» деп өлең жолдарыңда айтылғандай, Ұстаз – білікті маман, тәрбиелі тұлға, ретінде шәкірт жүрегіне білім теңізінің нәрін құя білуі керек. «Ұстаз шәкіртке білім жолын үйретеді, білімді жан тас қамалды күйретеді» егер мұғалімнің кәсіби білімі қаншалықты жоғары болса, ол оқытып, тәрбиелеген оқушы соншалықты сауатты. Осыған байланысты білім берудің негізгі мақсаты: алған білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өмірдің өзгермелі жағдайларына еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін іске асыруға, өзін – өзі дамытуға, адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға  қабілетті тұлға қалыптастыру. «Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» деп ұлы ғалым Шоқан Уалиханов  айтқандай, азаттық пен егемендікті ту етіп отырған жас  ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі  білім қажет. Сондықтан, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісін жаңа талап тұрғысынан енгізуіміз керек. Осы мақсатқа жету жолында көптеген ұстаздар тер төгіп аянбай еңбек етуде. Абай атамыз «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»,-деп айтып өткендей мұғалімнің кәсіби шеберлігін күн санап арттырып отыруымыз қажет. Алдымызда отырған әр шәкіртті бәсекеге қабілетті, өмірде өзін – өзі дамытуға бейім, үздіксіз білім жүйесінде  белгілі бір орынды білетін  Қазақстан азаматы ретінде тәрбиелеуіміз үшін, оқушының ықыласын оятып, өзінің ғана емес, өзгенін өсуіне де ықпал ететіндей деңгейге жеткізуге тиістіміз. Сондықтан білімді, нағыз азаматты оқытып, тәрбиелеп шығару үшін, ұстаздар қауымы қажымай, талмай, еңбек етуіміз қажет.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх