Сиқырлы сандық

Молданазар Бердігүл Халмаханбетқызы
«Аруна» бөбекжай бақшасы
Тәрбиеші

Білім дағдылары:   Танымдық және зияткерлік дағдыларын дамыту. Коммуникативтік дағдыларды дамыту. Физикалық қасиеттерді қалыптастыру.Әлеуметтік -эмоционалды дағдыларды қалыптастыру.Шығармашылық дағдыларды қалыптастыру

Білім бөлімі:  Тіл дамыту,дене тәрбиесі,сенсорика.жапсыру

Тақырыбы:    «Сиқырлы сандық»

Білімділігі: Қарапайым пішіндерді салыстыра отырып, пішіндер туралы ұғым қалыптастыру Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтап ажыратып білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Балаларды қамқорлыққа, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Пішіндер, әр түрлі ойыншықтар, үлестірмелі құралдар.
Қолданылатын әдіс — тәсілдер:Түсіндіру ,көрсету,қайталау, сұрақ — жауап, көрсету, ойын ойнату.
Сөздік жұмыс

Осындай, дәл осындай
Мотивациялық  қозғаушы

Балалар аялдамада автобусты күтіп тұрады.Кенет аялдамаға автобус келіп,балалар балақабшаға келеді.

Танымды оятушылық — Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге қонақтар келді. Бәріміз амандасып алайық.
— Сәлеметсіз бе!
— Балалар дөңгеленіп тұрады. Қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңбері:

Ауадан қуат алайық

Алақанға салайық

Күннен жылу алайық

Күннен алған жылуды

Жүрегімізге салайық

Жүректегі жылуды

Бір — бірімізге сыйлайық

-Балалар ,сендер байқадыңдар бізге келген қонақтардың ішінде ерекеше қонақ отыр ,көз салып қараңдаршы?

Айша: Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің атым Айша. Сендер қандай әдемісіңдер! Сендер

маған ұнайсыңдар. Ал мен сендерге ұнаймын ба?

Қараңдаршы, менің әдемі көйлегіме!

Көйлегімнің түсі қандай?

Қандай  пішіндермен әшекейленген?

Аруна сен айта қойшы?

Қандай  пішін, түсі қандай?

Ибрахим сен айта қойшы? Айшаның көйлегіндегі мынау қандай пішін? Түсі қандай екен?

Хайтмұрат мынау қандай пішін? Түсі қандай?

-балалар біз жаңа балабақшаға немен келдік?

-Автобуспен

-дұрыс,автобус қандай пішінге ұқсайды?(автобус суретін көрсетіп)

Тіктөртбұрышқа

Ұйымдастыру ізденушілік

— Жарайсыңдар, балалар бүгін біз пішіндер ,түстер туралы білетіндерімізі ойындар арқылы ортаға саламыз.

Айша:

-балалар мен сендерге «Сиқырлы сандық»  әкелдім,оны ішінде керемет ойындар бар?

Балалар  сиқырлы қорапшаға  қызыға қарайды .Айша сандықты ашқанда ,сиқырлы шар  шығып жарылады.
— Балалар, үстелдің үстіне қараңдаршы, қандай заттар тұр?
— Ендеше біздің бірінші ойынымыздың аты. «Түсін ажырат» деп аталады.
— Балалар, Айшаға мына шарлардың түсін ажыратуға көмектесейікші.
— Өте жақсы, түсін ажыраттық. Енді шарларға қарайықшы, шарларда суреттер бейнеленген екен. Бұл ненің суреттері?

— Пішіндердің суреті.
— Дұрыс айтасыңдар олай болса, келесі «Пішіндерді дұрыс орналастыр» деген ойын ойнаймыз.

-Сендер пішіндер туралы тақпақтар білесіңдер ма?

Мирас:

Құстарға ұя жасайық,

Үстіне қойып үшбұрыш.

Әдемі үйшік болады,

Астына қойсақ төртбұрыш.

Құс келсін десең ұяға,

Дөңгелек қой ортаға

Ойын «Пішінді дәл тап»
— Өте жақсы, енді келесі ойыншықтарына қарайықшы.
Келесі ойын «Салыстыр» деп аталады.

— Балалар, мына ойыншық қалай аталады?
Мына машина қандай?
Ал мына машина қандай?

— Машина

— Үлкен

— Кішкентай
(Осылай барлық ойыншықтарды салыстырады)
— Мына доп қандай?
— Мұнда бір доп, ал мұнда қанша доп?

— Үлкен, жұп — жұмсақ, домалақ.

— көп доп.

Олай болса, балалар сендермен осы доптар арқылы алақанымызға жаттығу жасап алайық.
Сиқырлы доптарды қолымызға алып доп туралы тақпағымызды айтайық.
Добым, добым домалақ
Қайда кеттің домалап
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың.
Сергіту сәті

Шығармашылық жұмыс

1-топ «Тышқандар үйінің есігін тап»

2-топ  Айшаның көйлегінің пішінін дәл тап»

Бейне баян «Пішіндер»

Рефлексивті — түзетушілік
— Балалар, оқу қызметіміз осымен аяқталды, айтыңдаршы, бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма сендерге?
— Бүгін біз нені қайталадық?
— Қандай ойын ойнадық?
— Сендер оқу іс әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар білімдеріңді көрсеттіңдер. Ал енді Айша қайтам дейді. Оған «Сау бол» деп айтайық.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:
Пішіндерді. көлемді, санауды, салыстыруды.
Игереді: Заттар көлемі бойынша үлкен және кіші болатынын, олардың түсі, саны болатынын
Меңгереді : Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерімен іс — әрекет жасауды үйренді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх